Апуринизация-ДНҚ полинуклеотидті тізбегінен азоттық негіздерін гидротикалық ажыратуы-АР-сайттарының пайда болуына алып келеді,ол пуриндік нуклеотидтердің N-гдикозидті байланысының термолабильдігіне байланысты болады
Азоттық негіздерді тосын дезаминирлеу ДНҚ құрылымын, цитозинді урацилге-ДНҚ-ға тән емес және репарация жүйесімен анықталатын азоттық негізге айналдыру арқылы өзгертеді.
Тиммндік димерлер ДНҚ-да, ДНҚ-ң бір тізбегінде орналасатын көршілес тиминдер арасында коваленттік байланыстардың құрастырылуы есебінен пайда болады.Бұл УК-сәулелендіру арқылы шақырылады.
2.4.ДНҚ зақымдануының репарация түрлері
Репарация- өзгерген (мутацияға ұшыраған) ДНҚ молекуласы құрылымының қалпына келуі.
Бұл репарации кезінде бастапқы ДНҚ құрылымы тікелей қалпына келеді, өзгерген учаскелері түзеледі. Мысалы, пиримидиндік димерлердің фотореактивация.
Фотолиаза ферментінің қатысуымен жүреді, көзге көрінетін күн сәулелернің әсерінен фотолиаза ферменті активтелінеді. Димерлерді табады, олармен байланысып, қалпына келтіреді.
Бұл бөлік экзонуклеазаның көмегімен кесіліп алынады;
Полимеразалардың көмегімен жаңа тізбектің матрицалық синтезі жүреді;
Полинуклеотид - лигаза ферментінің әсерінен түзілген тізбек байланысады.
МИСМЭТЧ-РЕПАРАЦИЯ
Мисмэтч- репарация жаңа тізбектерде AT немесе ГЦ комплементарлығы бұзылуынан болатын қателерді түзейді. Бұл репарация кезінде ферменттер ДНҚ – ның «ескі» тізбегін «жаңа» тізбектен оңай ажырата алады және жаңа түзілген тізбектегі қателерді қалпына келтіреді.
Бұл феноменнің негізінде аналық тізбектегі ГАТЦ қатарларындағы адениндер реликация аяқталысымен метилденеді.Сондықтан , келесі репликациялану циклінде аналық және жаңа түзілген тізбектер ажыратылады, себебі жаңа тізбектегі адениндер репликация аяқталғанға дейін метилденбеген күйінде болады. Нақ осы кезде ферменттер қателерді түзетеді.