«Биология және биохимия» кафедрасы


ДНҚ репликациясы кезінде ДНҚ полимераза ферменті орташа 109 нуклеотидтерге 1 қате жібереді



бет2/5
Дата30.10.2022
өлшемі3,29 Mb.
#155648
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
Молекулалык биология 5.2

ДНҚ репликациясы кезінде ДНҚ полимераза ферменті орташа 109 нуклеотидтерге 1 қате жібереді

Спонтандық мутацияның тағы бір себебі ДНҚ қысқа қайталанатын бірізділіктердің болуы. Бұл аймақтардағы мутациялар «ыстық нүктелер» деп аталады», бұл мутациялар көбірек жиі байқалады.


Ген ішінде осындай қайталанатын бірізділіктердің комплементарлық бөліктері бір-бірімен әрекеттесуі мүмкін және ілмектер түзеді. Бұл репликация және репарация кезінде қателердің пайда болуына себебін тигізеді.

Индуцирленген мутация

Бұл бағытталып әсер етеді. Мутацияның көрінуін кейбір химиялық қосылыстар, репарация түрлері индуциирлеуге қабылетті.

Кейбір бояулар (мысалы, акридин) ДНҚ тізбегінде азоттық негіздерді алып тастауға немесе қосуға себепті болуы мүмкін.

Басқа химиялық заттар азоттық негіздердің алмасуын шақыруы мүмкін. Рентген сәулелері және радиациялық сәуле шығарудың басқа түрлері хромосоманың үзілуіне себебін тигізуі мүмкін.

2.2.Мутагендік факторлар

Мутацияны шақыратын заттар мутагендер деп аталады.

Барлық мутагендер 3 топқа бөлінеді:

  • физикалық
  • химиялық
  • биологиялық

Мутагенездің физикалық факторлары

Барлық иондаушы сәулелердің түрлері (гамма, ультра-фиолет, рентген және т.б.)

Рентген сәулелер, гамма және космостық сәулелер ультракүлгін сәулелерге қарағанда жоғары өткізгіштік қабылеттері бар және мутагендік эффектері жоғары болады.

Иондаушы сәуле молекуланың ионизациясын шақырады, содан соң тұрақты молекулалар мен атомдар бос радикалдарға және реактивтік иондарға айналады, олар әртүрлі химиялық реакцияларды инициирлеуге қабылетті болады.

Бұл реакциялар генетикалық материалдың тікелей немесе жанама өзгеруін шақыруы мүмкін,нүктелік мутацияны шақырады, фосфодиэфирлік байланыстарды, толық хромосомаларды үзеді

Химиялық мутагендер.

Олар 3 топқа бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет