Биология және экология кафедрасы 050608 Экология мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған


Қарастырылатын сұрақтар: рекультивация, мониторинг, топырақ қорғау шаралар, альтернативті егіншілік



бет19/24
Дата14.04.2017
өлшемі2,24 Mb.
#13927
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Қарастырылатын сұрақтар: рекультивация, мониторинг, топырақ қорғау шаралар, альтернативті егіншілік.

Мақсаты: Топырақты қорғаудың осы кездегі проблемалары туралы түсінік беру;

Дәріс мазмұны:


1. Рекультивация.

2. Топырақ мониторингін ұйымдастыру принциптері.

3. Жерді ұтымды пайдаланудың және қорғаудың құқықтық нормалары.

Әдебиеттер: Степановских, 334-441; 361-362-бет; Асқарова Ұ.Б. 277-283;
1. Рекультивация.

Рекультивация дегеніміз бұзылған жерлерді, территорияларды және табиғи ландшафтарды қалпына келтіруге бағытталған іс шаралар кешені.

Рекультивация объектілері болып саналады:

- карьерлер, террикондар, үйінділер; Пайдаланылғаннан кейінгі бос тау жыныстарының қалдықтары террикон деп аталады.

- құрылыс жұмыстары жүргізілген алқаптар;

- қатты қалдықтар полигондары;

- ластану әсерінен табиғи тұтастығы бұзылған аймақтар;

- әскери және өндіруші өнеркәсіп әрекетіне байланысты бұзылған топырақтар;

Рекультивация түрлері:

1. Тау-техникалық - алдын ала дайындау: тегістеу жұмыстары, құнарлы топырақ қабатын сыдыру, тасымалдау және төсеу т.б. шұңқырларды тегістеу, карьерлерде су қоймаларын жасау; террикондар, үйінділерді бөлшектеу, бос жер асты қуыстарын тегістеу;

2. Биологиялық – дайындалған учаскелерде тұтас өсімдік жамылғысын қаллыптастыру: а) ландшафт жасау, грунттарды бекіту, өсімдік, жануар мекендеуіне қолайлы жағдай жасау, демалыс аймағын жобалау, шабындық-жайылым алқаптарын қайта жасақтап өнімділікті қалпына келтіру; б) рекультивацияның басым бағытын анықтау: су шаруашылықтық, рекреациялық, құрылыстық т.б.; в) құрылыс – ғимараттар мен басқа да құрылыс объектілерін тұрғызу.

Рекультивацияланған жерлерді пайдаланудың негізгі бағыттары:

- ауыл шаруашылық (егістіктер, шабындық, жайылым, көп жылдық екпелер);

- орман шаруашылық (эксплуатациялық және арнайы мақсаттағы орман алқаптары мен жолақтары);.

- рекреациялық (бұзылған жерлерде демалыс объектілерін салу);

- балық шаруашылық (техногенді рельефтің ойыс жерлерінде балық өсіретін тоғандар салу);

- су шаруашылық (техногендік рельейтің ойыс жерлерінде түрлі мақсаттағы су қоймаларын салу);

- санитарлық-гигиеналық (қоршаған ортаға зиянды әсер ететін бірақ рекультивация жұмыстарын жүргізу тиімді болып саналмайтын учаскелерде бұзылған жерлерді биологиялық және техникалық консервация жасау;

- құрылыс (шаруашылық және азаматтық құрылыс салуға жарамды күйге келтіру).

Рекультивацияланған жерлерді кейіннен пайдаланудың негізгі түрлері:

- Орман питомниктері, жалпы шаруашылық және егістік алқап қорғау бағытында орман отырғызу;

- Шабындықтар, жайылымдар, көп жылдық шөп екпелері, егістіктер, бау учаскелері;

- Түрлі мақсаттағы су қоймалары, соның ішінде балық өсіруге мүмкін болатын;

- Сауықтыру мақсатындағы су қоймалары, демалыс аймағы, туристік базалар, спорттық құрылыстар;

- Техникалық немесе басқа да қондырғылармен бекітілген және газға төзімді өсімдіктер еккен учаскелер;

- Ғимараттар, өндірістік және басқа да объектілер;

- Өндіріс қалдықтарын орналастыратын территория;

Рекультивация жұмыстарының негізгі кезеңдері техникалық (тау-техникалық) және биологиялық. Бұзылған жерлерді қалпына келтіруде ең алдымен техникалық рекультивация, ал одан кейін биологиялық рекультивация жүргізіледі.

Бұзылған жер бетін ауыл шаруашылық дақылдары мен ағаштарды отырғызу арқылы қалпына келтіру процесі биологиялық рекультивация деп аталады.

Рекультивацияның биологиялық этаптарында ауыл шаруашылық дақылдары мен ағаштарды егу жүргізіледі.

Құнарсыздандырылған жерлердің түпкілікті жақсартылуы мелиорация деп аталады.

Агроэкожүйелердің құнарлығын арттыру бағытында жүргізілетін мелиорация шараларына топырақты суару, құрғату, эрозияға қарсы шаралар жатады.

Көкөніс шаруашылығы мен гүл шаруашылығында гидропоника және аэропоника қолданылады, гидропоника – субстрат ретінде тұз ерітінділерімен суарылатын малта тастар, ал аэропоникада – субстрат болмайды, өсімдік тамырларына минералды тұз ерітінділері бүркіледі.
2. Топырақ мониторингін ұйымдастыру принциптері.
Өте қауіпті локальды ластанған аймақтарда антропогендік әрекеттерді бақылау импактық мониторинг түріне жатады.

Мұнайды тасымалдаудың тиімді жолы – құбырлар арқылы.


3. Жерді ұтымды пайдаланудың және қорғаудың құқықтық нормалары.

Топырақ қорғау шаралары ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, лесомелиративтік және гидротехникалық болып бөлінеді. Осы шараларды кешенді жүргізу мелиоративтік және экономикалық тұрғыдан тиімді болып саналады.

ХХғ. 60-жылдарынан бастап альтернативті немесе биологиялық егіншілік түсінігі пайда бола бастады. Альтернативті егіншілік мақсаты құрамында агрохимикаттардың қалдық мөлшері болмайтын жоғары өнім алу және топырақ құнарлығы мен қоршаған ортаны сақтау. Альтернативті егіншілік концепциясы бойынша кез келген біртұтастық тұрғыдан қарастырылады. Мысалы топырақ - өте күрделі физикалық-химиялық және биологиялық процесстер өтетін жүйе тұрғысынан қарастырылады. Альтернативті егіншіліктің негізгі аспектісі болып топырақтың және эдафонның алғашқы құрылымын сақтау болып саналады.
Жер қорларының ластануы және құнарсыздануының көздері, себептері

Адамзат қоғамының дамуының экологиялық дағдарыстарының бірі дамыған өркениеттің өзінің мүмкіндіктерін топырақтың сортаңдануы нәтижесінде жоғалтқаны белгілі. Суармалы жерлердің 30% бөлігінде қайта (екіншілік) тұздану процесстері байқалады. Суарудың жетілдірілген технологияларын қолданумен қатар, жер асты суларының деңгейін көтерілуіне байланысты грунт суларын сорып алу арқылы сортаңданумен күресуге болады. Топырақты шаю арқылы да сортаңданумен күресуге болады. Кейбір жағдайда химиялық әдістер де жақсы нәтиже береді. Мысалы, топырақ бетінде жиналған зиянды тұздарды нейтралдау үшін гипстеу жүргізіледі. Бірақ бұл әдістер қымбат және антиэкологиялық. Жер ресурстарына зиян келтіретін (эрозия мен суарудан соң) үшінші үлкен фактор - бұл жердің азуы. Оның орын алу себептері - өніммен бірге қоректік заттардың әкетілуі. Топыраққа өніммен бірге әкетілетін қоректік заттарды қайтарудың анағұрлым экологиялық әдістеріне органикалық тыңайытқыштарды (көң, копост және т.б.) енгізу, шөп себу, пар жүйесі арқылы топырақты тынықтыру жатады. Топырақтың азуы ең алдымен органикалық затттың кемуімен байланысты.

Минералды тыңайтқыштарды пайдалану интенсивті егіншіліктің бөлінбес құрамды бөлігі. Ғалымдардың есептеулері бойынша минералдық тыңайтқыштардың пайдалану мөлшері шамамен бір адамға шаққанда жылына 90 кг. болуы керек.

26 дәріс, 1 кредит сағат



Тақырыбы: Халықаралық табиғи ресурстар.

Қарастырылатын сұрақтар: құқық қорғау, тәртіп бұзушылық, жауапкершілік.

Мақсаты: Қоршаған ортаның осы кездегі проблемалары, оларды шешу тәсілдері мен бағыттары туралы түсінік беру;

Дәріс мазмұны:


1. Халықаралық табиғи ресурстар (атмосфера, Дүниежүзілік мұхит, Антарктида т.б.).

2. Халықаралық құқық принциптері

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздері.

Әдебиеттер: Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология в вопросах и ответах. Ростов-на-Дону: Феникс, 2006. - с.354-365; Степановских, 188-235;
Космос, атмосфера, Дүниежүзілік мұхит, Антарктида Халықаралық объектілер болып есептеледі.

Әлем материгі – Антарктиданы қорғау туралы халықаралық келісім 1959 жылы жасалды.


Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері Экологиялық кодексте (2007 жыл 09 қаңтар) ерекше атап өтілген: «Қоршаған ортаны қорғау – қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіруге, шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі» деп анықтама беріледі.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының негізгі принциптері болып «Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету саналады». Қазақстан орнықты дамуының экологиялық негіздері «Экологиялық кодекстің» 4-бапында негізделген. Бұл бапта Қазақстан Республикасының орнықты дамуының 11-негізі атап көрсетіледі.

Қоршаған ортаның қорғау объектілері болып Жер, жер қойнауы, жер үсті және жер асты сулары, атмосфералық ауа, ормандар өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі, тірі организмдердің гендік қоры, табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердің озон қабаты есептеледі. Бұл объектілер жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден қорғалуы тиіс.

Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз - қоршаған ортаны ластанудан қорғауға бағытталған жұмыстар жиынтығы.


3. ХХ ғасырдың 70-80ж.адамзат биосфера дамуына алаңдатушылық танытты. Түрлі қоғамдық ұйымдар пайда бола бастады. Қазіргі заманғы экологиялық концеация ХХғ. 70ж.Рим клубының жазбалары түрінде пайда болды. 1968ж. итальян кәсіпкері Аурелио Печчеи ұсынысымен (10 елден 30 адам) адамзат болашағын талқылауға шақырды. «Адамзат қиыншылығы» тақырыбында көптеген баяндамалар жасалды.

1972ж. Донелла және Денис Медоуз «Өсу шегі» деп аталатын кітап басып шығарды. Егер Жер бетінде даму осылай жалғаса берсе, 75 жылдан кейін коллапс – ғаламдық экологиялық катастрофа болатынына назар аудару керектігін айтты. 1974 ж. «Шекті әлемде өсу динамикасы» атты кітап жарық көрді. Бұл жазбаларда адамзат дамуының моделін жасағанда елдердің даму темпін ескерген жоқ. Жер бетінде халық саны күрт артуда. 1999 ж. шілде айында Жер бетінде 6-млрд. тұрғын тіркелді. Жер бетіндегі халық саны, шамамен 6 млрд адам.

«Рим клубының» жазбалары деген атпен бірнеше баяндамалар басылды: «Адамзат таңдау алдында», «Әлемдік тәртіпті қайта құру», «Ғаламдық қоғам мақсаты» т.б.

Экологияда жаңа әдіс - глобальды модельдеу негізін салған – Дж.Форрестер. Есептегіш машиналарды және соңғы деректерді пайдалана отырып Жердің даму сценарийінің 10 ғаламдық модельдері жасалды. Негізгілері болып Форрестер моделі, Медоуз және басқалар моделі, Мессарович-Пестелл моделі және Глобал-2000 моделі есептеледі.

Алдымен Жер шары халқын тұрақтандыру бағдарламасы жасалды. Бұл бағдарламада өндірістің дамуын шекті рұқсат етіліп, ауыл шаруашылық жерлерді деградациядан қорғау, өнімділікті арттыру, өнім сапасын көтеру, ластануын болдырмау бағытындағы жұмыстар жүргізу, ресурс үнемдеуші технологияларды жүзеге асыру жолдары қарастырылған. Сөйтіп биосфераның ассимиляциялық сыйымдылығының мөлшері анықталды. Сценарий бойынша 2100 жылға дейін Жер бетінде 7,7 млрд-қа жететін адамзатқа қолайлы тіршілік жағдай жасау мүмкін болатыны есептелді. Авторлар оптимистік тұрғыдан «тұрақты қоғам құру технологиялық және экономикалық тұрғыдан әлі де мүмкін дейді. Әрине мұндай қоғам құру егер аталған шараларды жүзеге асырғанда ғана мүмкін болады. Әйтпесе ғаламдық экологиялық катастрофа болуы әбден мүмкін» деп атап көрсетеді.
27 дәріс

Тақырыбы: Халықаралық ұйымдар және қоршаған орта мәселелері бойынша бағдарламалар

Қарастырылатын сұрақтар

Дәріс мазмұны:


1. БҰҰ бағыттары бойынша халықаралық ұйымдар.

2. Қоршаған орта мәселелері бойынша бағдарламалар.



Әдебиеттер: Радзевич, 35-36; Степановских, 587-593; Асқарова Ұ.Б., 294-299;
Рио-де-Жанейродағы «Қоршаған орта мен даму» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптері Қоршаған ортаға және тұрақты дамуға қатысты декларация (РИО-де-Жанейро, 1992 ж.) жарияланды.
БҰҰ-ның қоршаған орта туралы Стокгольм конференциясы 1972 жылы болды.

Ғаламдық мониторингті өңдейтін және координациялайтын ұйым - ЮНЕП және ВМО.

Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік МАГАТЭ деп аталады.
28 дәріс, 1 кредит сағат

Тақырыбы: Халықаралық ұйымдар және қоршаған орта мәселелері бойынша бағдарламалар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет