Биология және экология кафедрасы 050608 Экология мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған



бет21/24
Дата14.04.2017
өлшемі2,24 Mb.
#13927
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Тапсырмалар:


1. Географиялық координата анықтау.

2. Гипсографиялық қисық сызу.



Әдебиеттер: Неклюкова, 22-24-беттер, Географиялық атлас; Степановских, Общая экология, 191-бет, 5.2-сурет;

Тапсырмалар:


1. Географиялық координата анықтау. Материктердің шеткі нүктелері – мүйістердің мен ең биік шыңдарының координатасын анықтау, картадан көрсету. Мұхиттардың максимальды тереңдігіне сәйкес келетін нүктелердің координатасын анықтау (Географиялық атлас, 206-бет).

2. Қазақстан Республикасының шеткі нүктелерінің және Орал, Астана, Алматы қалаларының координатасын анықтау және контур картаға түсіру (Чупахин,3-бет).

3. Гипсографиялық қисық сызу. Құрлықтың орташа биіктігі мен мұхиттың орташа тереңдігін анықтап, чертежден белгілеу. Жердің физикалық бетінің орташа деңгейін анықтап, чертежден белгілеу (Неклюкова, 23-тапсырма).

Әдістемелік нұсқаулар: Алдымен Жер шарының жарты шарлар картасы мен глобус бойынша эквато, меридиан, нольдік меридиан, параллель, солтүстік жарты шар, оңтүстік жарты шар, батыс жарты шар, шығыс жарты шар т.б. ұғымдарымен танысу керек. Координаталар арнайы Дүние жүзінің контур картасында белгіленеді. Жазулар МСТ стандарттарына сәйкес болуы керек. Материктердің атын, шеткі нүктелерін, ең биік шыңдарын, мұхиттар аты мен ең терең нүктелерінің номенклатурасын жаттау.

Гипсографиялық және батиграфиялық сызықты сызу үшін алдымен құрлықтың және мұхиттың әртүрлі биіктіктеріне сәйкес келетін аудан есептеледі.


Кесте 4.1 - Әртүрлі биіктіктер мен тереңдіктер бойынша жер бетінің алып жатқан ауданы қатынасы


Құрлық, биіктік, м

Биіктік сатысы бойынша аудан

Теңіз, тереңдік, м

Тереңдік сатысы бойынша аудан

Млн. км2



Млн. км2



3001-артық

6

1,2

0-200

28,0

5,5

2001-3000

10

2,0

201-1000

15,0

2,9

1001-2000

24

4,7

1001-2000

15,0

2,9

501-1000

27

5,3

2001-3000

24,9

4,7

201-500

33

6,4

3001-4000

71,0

13,9

0-200

48,2

9,5

4001-5000

119,0

23,4

0-ден төмен

0,8

0,1

5001-6000

84,0

16,5










6000-нан жоғары

5,0

1,0

Барлығы:

148,0

29,2




362

100

Мысалы 0-200 м биіктікке сәйкес келетін құрлық бетіндегі барлық территориялардың ауданы гипсографиялық карта бойынша анықталады, ал батиграфиялық картадан мұхиттарда тереңдігі 3000-4000 м барлық территория ауданы батиграфиялық картадан алынады. Одан кейін координата осі сызылады. Ордината осі бойына нольден жоғары биіктіктер, ал 0-ден төмен тереңдіктер салынады. Абсцисса осіне осы биіктік немесе тереңдікке сәйкес келетін аудан (млн кв. км) тік төртбұрыш түрінде салынады. Гипсографиялық сызықты талдау арқылы құрлық бетінде биіктігі 0-1000 м-ге дейінгі рельеф формалары көп таралғаны анықталады. Ал батиграфиялық сызықты талдау мұхиттарда 3000-5000 м аралығындағы тереңдіктер басымдығын көрсетеді.

Чертеждер миллиметрлік қағазға сызылады. Орындалған тапсырманы Дүниежүзілікмұхит пен құрлықтың Н.Ф.Реймерс бойынша салыстырмалы схемасымен (Степановских, Общая экология, 5.2-сурет, 191-бет) салыстыру.

Қажетті құралдар: глобус, циркуль, транспортир, сызғыш, карандаш, ҚР және дүние жүзінің контур карталары, мм-лік қағаз.

Әдебиеттер: Неклюкова, 22-24-беттер, Географиялық атлас; Степановских, Общая экология, 191-бет, 5.2-сурет;
3 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырыбы: Жер планетасының химиялық құрамы.

Мақсаты: Жер планетасының химиялық құрамы туралы білімдерін практикалық бекіту.

Тапсырмалар:


1. Жер қойнауында болатын химиялық элементтердің негізгі формалары.

2. Вернадский-Кларк заңдылығы.



Әдебиеттер: Степановских А.С. Общая экология, 33-55, 555-586; Степановских, 137-140; Орлов Д.С., Безуглова, 44-68, 75-93, 283-290; Асқаров, 41-44 б.; Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә.16-21-беттер.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Жер планетасының ішкі құрылысының схемасын салу: Степановских А.С. Общая экология, 34-35 бет, 2.1-сурет). Суреттен ядро, мантия, астеносфера, жер қыртысы қалыңдығын көрсету. Мохо сызығын белгілеу.

2. Жер қыртысы мен литосфераның құрылысының схемасын салу (Степановских, Общая экология, 39-бет, 2.3-сурет). Материктік және мұхиттық жер қыртысының айырмашылығын сипаттау.

3. Жердің негізгі геосфераларының көрсеткіштерін жазу (Степановских А.С. Общая экология, 34-35 бет, 2.1-кесте);

4. Жер қойнауында болатын химиялық элементтердің негізгі формаларын жазу (Степановских А.С. Общая экология, 49-52 бет, 2.5, 2.6-кесте).

5. Вернадский-Кларк заңдылығын жазу, түсінік беру;

6. Ауа, су мигранттарын және аз қозғалатын элементтерді жазу (Орлов Д.С., Безуглова, 86-бет, 8-кесте).

7. Конспект жазып, тапсырмалар орындағаннан кейін төмендегі бақылау сұрапқтарына жауап беру:



Бақылау сұрақтары:

- Жердің радиусы қанша?.

- Ең тығыз геосфераны ата.

- Жер массасының ең көп үлесі қай геосфераға сәйкес?

- Атмосфераның массасын ата.

- Көлемі бойынша ең көп үлес қай геосфераға тән?


4 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырыбы: Химиялық элементтердің биогендік формалары

Мақсаты: Химиялық элементтердің биогендің формаларынмен танысу.

Тапсырмалар:


1. Химиялық элементтердің биогендік формалары;

2. Оттек айналымы, Асқарова, 56-58-бет, 14 сурет; Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә.16-21-беттер, 2.4 сурет; Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 154-бет;

3. Көміртек айналымы, Асқарова, 58-61-бет, 15-18 сурет; Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә.22-24-беттер, 2.2 сурет; Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 151-бет, 17-сурет;

4. Азот айналымы, Асқарова, 61-66-бет, 19-22 сурет; Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә.24-26-беттер6 2.3 бет; Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 151-153, 17,18-суреттер;

5. Кукірт айналымы, Асқарова, 67-68-бет, 23 сурет; Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 153-154;

6. Табиғаттағы фосфор және биогенді катиондар айналымы, 68-70-бет, 24 сурет; Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә.28-30-беттер, 2.5 сурет; Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 153-154, 19-сурет;



Әдебиеттер: Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә., 21-33; Асқарова, 56-70-бет, Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 149-154; Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 149-154;

Әдістемелік нұсқаулар: Тақырыптар бойынша конспект жазу, салыстырмалы сипаттама беріп, схема салу, тапсырмаларды орындау.
5 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырыбы: Жер бетінде тіршіліктің және биосфераның пайда болуы.

Мақсаты: Жер бетінде тіршіліктің және биосфераның пайда болуы туралы түсініктермен және тірі ағзалардың биосферадағы орнымен таныстыру;

Тапсырмалар:


1. Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы.

2. Жер бетінде биосфераның пайда болуы.

3. Жер бетінде кейінгі 4 млрд жыл бойы орын алған табиғи апаттар (Степановских, 98-113). Оларды континенттер бойынша топтастыру. Кесте толтыру.

Әдебиеттер: Степановских А.С. Общая экология, 33-55; Степановских, 81-85, 98-113; Асқарова Ұ.Б. 18-29; Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә., 32-33; Ф.Я.Сапрыкин. Геохимия почв и охрана природы. Геохимия, повышение плодородия и охрана почв. – Л.: Недра, 1984. –с. 6-13.

Қажетті құралдар: карандаш, сызғыш, дүние жүзінің контур картасы, геохронологиялық шкала.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Жер бетінде тіршіліктің пайда болу кезінен бастап, әрбір эраның негізгі сипаттамаларына тоқталу.

2. Геохронологиялық шкала салу. Алғашқы автотрофты ағзалар пайда болуы және оның ролін атап өту. Кайнозой кезеңінің төрттік (антропогендік) дәуіріндегі Жердің географиялық сфераларының өзгерісіне толық тоқталу: Степановских, Общая экология, 63-бет, 2.19-сурет.

3. Тапсырмаларды орындау. Бақылау сұрақтарына жауап беру. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы түсініктерге салыстырмалы талдау жасау.


6 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырыбы: Биогеохимиялық ландшафтар және геохимиялық тосқауылдар

Тапсырмалар:


1. Биогеохимиялық ландшафтар туралы түсінік.

2. Геохимиялық тосқауыл.

3. Биосфера, техносфера, ноосфера – қоршаған орта күйінің эволюциясының объективті бағыты.

4. Биологиялық жұтылу коэффициентін анықтау (Орлов Д.С., Безуглова, 91-92).



Әдебиеттер: Орлов Д.С., Безуглова, 39-41, 281-300-бет; Степановских, 289-290-бет, 5.101-5.102-сурет; 622-640; Степановских, 98-бет; Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 149-154;

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Гумус қабаттары – геохимиялық тосқауылдың мысалы ретінде суретін салу: Степановских, Общая экология, 290-бет, 5.102-сурет; Топырақтың гумус қабаттарында қандай элементтердің жинақталуы байқалады?

2. Биосфера, ноосфера, техносфера арсындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды логикалық схема түрінде көрсету;

3. А.И.Перельман бойынша ноосфера геохимиясының схемалық суретін салу (Степановских, Общая экология, 638-бет, 12.67-сурет);

4. Лабораториялық сабақ тапсырмаларын аяқтау. Бақылау сұрақтарына жауап беру. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуын түсіндіргенде 5-зертханалық сабақ материалдарын пайдалану.

Техносфера – часть биосферы, преобразованная человеком с помощью прямого и косвенного воздействия технических средств



Бақылау сұрақтары:

Техногенез туралы түсінік.

Техногенез классификациясы.
7 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Мақсаты: Тірі организмдерге әсер-ықпал етуші табиғи фактор түрлерімен және таралу ерекшеліктерімен танысу.

Тақырыбы: Тірі организмдердің қажетті тіршілік жағдайын құраушы табиғи факторлар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет