Биология және экология кафедрасы 050608 Экология мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған



бет22/24
Дата14.04.2017
өлшемі2,24 Mb.
#13927
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Тапсырмалар:


1. Тірі организмдердің қажетті тіршілік жағдайын құраушы табиғи факторларды сипаттау.

2. Химиялық элементтердің қоршаған ортада таралу ерекшеліктерімен танысу.

3. Организмдердің тіршілік ортасындағы химиялық элементтердің болатын формалары.

4. Тірі зат және атмосфера, литосфера, гидросфераның химиялық құрамына салыстырмалы талдау жасау;



Әдебиеттер: Степановских, 129-135; Степановских А.С. Общая экология, 51-бет;

Қажетті құралдар: карандаш, сызғыш, дүние жүзінің контур картасы.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Тақырыптар бойынша конспект жазу.

2. Тірі зат және атмосфера, литосфера, гидросфераның химиялық құрамына салыстырмалы талдау жасау (Степановских А.С. Общая экология, 51-бет, 2.10-сурет);

3. А.Е.Ферсман бойынша элементтердің атомдық кларкінің логарифмдері көрсетілген схеманы салу, түсінік беру;

4. Қоректік элементтер сызықтығын сызу. Жеткілікті және дефицит элементтерді көрсету;

5. Жер атмосферасының орташа химиялық құрамы. Асқаров, 36-38-б.

6. Гидросфераның химиялық құрамы. Асқаров, 39-41.

7. Жер қойнауының химиялық құрамы. Асқаров, 41-44 б.

8. Организмдердің тіршілік ортасында болатын химиялық элементтердің формалары. Орлов Д.С., Безуглова, 2, 5, 9 тарау;
8 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Мақсаты: Тірі организмдерге әсер-ықпал етуші табиғи фактор түрлерімен және таралу ерекшеліктерімен танысу.

Тақырыбы: Тірі организмдерге әсер-ықпал етуші табиғи факторлар

Тапсырмалар:


1. Радиоактивті химиялық элементтердің қоршаған ортада таралуы.

2. Химиялық элементтердің радиоактивтік ыдырауы және тіршілік.

3. Радиоактивтік элементтердің қоршаған ортаға экологиялық әсері.

4. Радиоактивті ластанған аймақтар (карта түсіру).



Әдебиеттер: Степановских, 129-135; Радзевич, 100-118; Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә., 73-74, 290-295;

Қажетті құралдар: карандаш, сызғыш, дүние жүзінің контур картасы.

Әдістемелік нұсқаулар: Тақырыптар бойынша конспект жазу, салыстырмалы сипаттама беріп, тапсырмаларды орындау.
9 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырыбы: Атмосфера

Тапсырмалар:


1. Атмосфераның химиялық құрамы.

2. Транспорт және ауа қабаты;

3. Өндіріс және ауа қабаты;

4. Пайдалы қазбаларды қазып алу және ауа қабаты;

5. Ластанудың өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне әсері.

Әдебиеттер: Географиялық атлас; Степановских, Общая экология, 191-бет, 5.2-сурет; Асқаров, 36-38-б. Асқаров, 177-190.

Қажетті құралдар: карандаш, сызғыш, дүние жүзінің контур картасы.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Атмосфераның вертикальды құрылымының суретін салу (Геренчук, 11.7-сурет, 62-бет). Атмосфера қабаттарына сипаттама беру.

2. Атмосфераның химиялық құрамы (Степановских, 137-сурет, 5.1-кесте).

3. Хабарламаларды тыңдау (Транспорт, өндіріс, пайдалы қазбаларды қазып алу және ауа қабаты);

4. Атмосфера ластануының негізгі көздері. Схема салу, талдау жасау (Степановских, 5.4-сурет, 141-бет; 16.18-сурет, 630-бет);

5. Жер атмосферасында озон, су және ластаушы заттардың таралуы мен циркуляциясы схемасын салу. Талдау жасау (Степановских, 5.3-сурет, 140-бет);

6. Атмосфераның ластануының адам, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне әсері (Степановских, 5.14-сурет, 151-бет; 5.16, 5.17-сурет, 154-бет).

7. Атмосфераны ластанудан қорғау шаралары. Ауаны тазарту (Степановских, 169-175-бет); 5.33-5.42-суреттерге талдау жасау;

8. Жел бағытының румб бойынша суретін салу. Халықаралық және орысша, қазақша атын жазып, азимутын анықтау. Жел шкаласымен танысу. Желдің пайда болу себебін түсіндіру (Неклюкова, 69 және 71-тапсырмалар, 18 және 19-кесте).

9. Конспект жазып, тапсырмалар орындағаннан кейін төмендегі бақылау сұрапқтарына жауап беру:



Бақылау сұрақтары:

- Атмосфера құрамына енетін газдар, олардың мөлшері.

- Атмосфера ластануының табиғи және жасанды көздері.

- Мұхит жағалауында орналасқан ірі өндірістік қалалардың атмосферасы ластануының ерекшелігі.

- Қазан шұңқыр жер бедерінде орналасқан ірі өндірістік қалалардың атмосферасы ластануының ерекшелігі.

- Циклонды және антициклонды ауа райында атмосфера циркуляциясының ерекшелігі.

- Атмосфераны ластаушы заттар мен олардың көзін ата.

- Смог (улы тұмша) дегеніміз не? Оның түрлері.

- Ауа ластануы климатқа, адам денсаулығы мен, жануарлар мен өсімдіктерге қалай әсер етеді?

- Атмосфера ластануын болдырмау үшін жүргізілетін шаралар.

- Атмосфераны қорғауға бағытталған қандай заң-нормативтік актілер бар?

- Ауаның ластану дәрежесін қалай анықтайды?

- Ауа сапасын бақылау әдістерін ата.
10 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырыбы: Гидросфера

Тапсырмалар:


1. Судың химиялық қасиеттері.

2. Табиғаттағы су айналымы.

3. Қазақстан өзендері мен көлдерінің морфометриялық сипаттамасы мен гидрологиялық режимі (бассейні, аймақта жауатын жауын-шашын мөлшері, су шығын, орташа жылдық ағыны, ағын модулі, ағын коэффициенті, ластану дәрежесі).

Әдебиеттер: Неклюкова, 22-24-беттер, Географиялық атлас; Степановских, Общая экология, 191-бет, 5.2-сурет; Степановских, 175, 188-235; Радзевич, 74-77; 127-135; Асқаров, 39-41; Асқарова, 53-55 бет; Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә., 30-32-бет, 2.5 сурет.

Қажетті құралдар: карандаш, сызғыш, дүние жүзінің контур картасы.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Табиғаттағы тұщы су қоры және континенттердің тұщы сумен қамтамасыз етілуі (Степановских, 6.3, 6.4 –кесте, 184-185-беттер).

2. Табиғаттағы су айналымының схемасын сызу;

3. Болат, мыс, азот тыңайтқыштарын, целлюлоза, пластмасса, синтетикалық каучук т.б. 1 тонна өнімін өндіру үшін жұмсалатын су мөлшерін жазу : Степановских, 6.12-сурет, 188-бет.

4. Су қажеттілігі мөлшерінің көрсеткіштері (Степановских, 6.13, 6.14, 6.15-сурет, 188-190-бет).

5. Оқытушы көрсеткен бірнеше елді мекеннің су қажеттілігінің мөлшерін анықтау. Су қажеттілігінің жалпы мөлшері (л/с) төмендегі формула бойынша анықталады:



Мұндағы, Nqn - перспективалық халық саны; су қажеттілігінің орташа тәуліктік мөлшері; Kсут - тәуліктік әркелілік коэффициенті; Kч –сағаттық әркелкілік коэффициенті;

6. Конспект жазып, тапсырмалар орындағаннан кейін төмендегі бақылау сұрақтарына жауап беру:

Бақылау сұрақтары:

- Жер шарында су таралу ерекшеліктері.

- Адам өмірі мен табиғаттағы су маңызы.

- Табиғаттағы судың химиялық құрамы.

- Табиғатта су айналымы қалай өтеді?

- Қазақстан Республикасының территориясындағы трансшекаралық өзендерді ата.


11 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырыбы: Гидросфера

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет