Биология кафедрасы



бет15/33
Дата22.09.2022
өлшемі306,97 Kb.
#150413
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
Экология лекция 2021
Қазақстан Республикасының білім министірлігі, 9, Ж мыс ба дарламасы (силлабус) П н Инклюзивті білім беру Маманды, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Lekciya.3.Nauchnyj.stil.rechi, МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ 32 НҰСҚА-1, Абзер китап
ә) Биогеоценоз
Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз, не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктердің күрделі өзара жерлері қалыптасқан, тірі және өлі компоненттердің жиынтығынан тұратын белгілі бір комплекстер түзіледі. Белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлестігімен (биоценоз) қоныстандырылған кеңістік - биотоп (грек тілінен аударғанда topos- орын) деп аталады. Егер биотопты биоценоз өмір сүретін орын ретінде сипаттасақ, онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан ағзалар комплексі деп қарастыруға болады. Кез-келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе - биогеоценозды түзеді. «Биогеоценоз» үғымын 1942 жылы В. Н. Сукачев ұсынған. В.Н.Сукачев (1880- 1967) биогеноценозға мынадай анықтама берген - «жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар әлемі, микроорганизмдер дүниесі, топырақ және гидрологиялық жағдайлар) бірлестік, ол өзін құрайтын компоненттердің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия алмасуымен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама - қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын, үнемі қозғалыста, дамуда болатын жиынтық.
Биогеоценоз екі блоктан тұрады:
1) «биоценоз»- организмдердің әртүрлі түрлерінің өзара байланысы (популяция);
2) «биотоп» немесе «экотоп»- мекен ету ортасы.
Экологияда жиі «бірлестік» терминін пайдаланауы.
Сонымен, биогеоценоз- «био»-тірі ағзалар, «гео»- өлі табиғат (арнайы географиялық орта) тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе. Биогеоценоз- тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген, динамикалық, өзара байланысты, тұрақты теңестірілген жүйе. Ол ұзақ уақыттың адаптация нәтижесі. Биогеоценозды анықтаушы- фитоценоздар. Агробиогеоценоз- жасанды фитоценоз негізіндс жасалады.
б) Экожүйе
Экологияның негізгі ұғымына «экожүйе» жатады. Экологиялық жүйе, немесе экожүйе - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Функциялы тұрақтылығы аз уақытқа созылса да, қарым-қатынаста болатын құрауыштары бар кез-келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Бұл терминді енгізген 1935ж. А.Тенсли. Экожүйе дегеніміз тірі тіршілік иелері мен олардың мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен табиғи жүйе.
Экожүйенің құрылымы: Экожүйе = биоценоз + биотоп
Экожүйе бір-бірімен қарым-қатынастығы екі негізгі құрауыштан экотоптан немесе биотоптан (жансыз бөлігі) және биоценоздан (жанды бөлігі) тұрады. Экотопқа биоталық құрылымдар: литосфера, гидросфера, атмосфера кіреді. Биоценоз - биотопты мекендейтін продуценттердің, консументтердің және редуценттердің қауымдастығы, яғни осы тірі экологиялық құрауыштардың нақты тепе-теңдігімен сипатталатын жүйелі жиынтық.
Экожүйенің негізгі қасиеттері:
1) зат айналымына қатысу қабілеттілігі;
2) сыртқы әсерлерге қарсы тұруы;
3) биологиялық көбеюі.
Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекетіне байланысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет