5. Экожүйеніц тұрақтылығы мен динамикасы. Табиғатта абсолютті түрде ұқсас даралар, популяциялар, түрлер мен экожүйелер болмайды. Тіпті бір жүмыртқадан дамыған егіздердің өзі бір -бірінен ерекшеленеді.
Түрлік алуантүрліліктің жоғары болуы осы күрделі жүйелердің төмендегі касиеттерін қамтамасыз етеді.
1. Бөліктерінің өзара бірі - бірін толықтыруы. Бірлестіктерде қоршаған орта ресурстарын пайдалануда бір - бірін толықтыратын түрлер бірігіп тіршілік етеді. Мысалы, жалпақ жапырақты орманда бірінші белдеудің өсімдіктері жарық ағынының 70 - 80%-ын сіңіріп алады. Екінші белдеуде толық жарықтың 10-20%-ы жеткілікті болатын ағаштар мен бұталар өседі, ал шөптесін өсімдіктер мен мүктер жарық ағынының бар болғаны 1-2 үлесінің өзінде фотосинтез жүргізуге қабілетгі. Бір - бірін толықтыра отырып, өсімдіктер күн энергиясын толық пайдаланады.
Түрлердің өзара бір - бірін толықтыруы, яғни органикалық затты жасаушылар мен ыдыратушылар, биологиялық зат алмасудың негізінде жатыр.
2. Түрлердің бір - бірін ауыстыруы. Биоценоздың кез келген түрін басқа экологиялық талаптары мен функциялары ұқсас түрлермен алмастыруға болады. Мысалы, қылқан жапырақты ормандағы шыршаның және самырсынның әр түрлі шалғындықтағы тозаңдандырушы - бунакденелілер.
3. Реттеушілік қасиеті. Өздігінен реттелуге қабілеттілік - күрделі жүйелердің өмір сүруінің негізгі шарты. Өздігінен реттелу кері байланыстар негізінде пайда болады. Бұл принцип биоценоздағы популяция ішілік және түраралық өзара қарым - қатынастардан көрінеді. Жемтіктерінің санының артуы жыртқыштар мен паразиттердің санының артуына алып келеді.
4. Функцияларды қамтамасыз етудің сенімділігі. Биоценоздың экожүйедегі негізгі қызметі - органикалық затты жасау, оны ыдырату және түрлердің санын реттеу болып табылады. Бұл функцияны көптеген бір - бірін сақтандырушы түрлер қамтамасыз етеді. Мысалы, бунакденелілердің санын көптеген әр түрлі тамақпен қоректенетін жыртқыштар, одан артып кеткенде арнайы паразиттер, өте жоғары болғанда - инфекдиялық ауруларды туғызушылар немесе бәсекелестік қатынастар мен популяция ішілік өзара әсерлердің күшеюі реттеп отырады.
Биологиялық алуантүрлілік 1 Жердегі тіршіліктің тұрақтылығының басты шарты.
Осы алуантүрлілікке байланысты Жердегі тіршілік миллиардтаған жылдар бойы сақталып келеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе терминдеріне анықтама беріңіз.
2. Биоценоздың трофикалық құрылымына сипаттама беріңіз.
3. Қоректік тізбек, трофикалық деңгей, қоректік торларды сипаттап беріңіз.
4. 10% заңдылығын түсіндіріңіз.
5. Экологиялық пирамида (сандық, биомассалар, энергия пирамидасы) дегеніміз не?
6. Экологиялық сукцессия дегеніміз не?
Әдебиет
1. Бейсенова Ә.С. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
3.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
4.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
6. Мөмбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
7. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «Қазақ университеті», 2000.
8.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма- Ата, «Ана тілі», 1991.
9.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.