Биология кафедрасы


Экологияның қалыптасуы және дамуы



бет2/33
Дата22.09.2022
өлшемі306,97 Kb.
#150413
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Экология лекция 2021
Қазақстан Республикасының білім министірлігі, 9, Ж мыс ба дарламасы (силлабус) П н Инклюзивті білім беру Маманды, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Lekciya.3.Nauchnyj.stil.rechi, МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ 32 НҰСҚА-1
2.Экологияның қалыптасуы және дамуы.
Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі туралы пікірлер антикалық философтардың еңбектерінде кездеседі. Мысалы Аристотель (б.э.д. 384-322ж.ж) “Жануарлар тарихы” еңбегінде су және құрлық жануарларын жүзетін, ұшатын, жорғалаушыларды айырып жазды. Бұл ерекшеліктер тірі организмдерді қоршаған ортаның жағдайларына бейімделу нәтижесінде туатынын сипаттады. Өсімдіктер туралы осындай жоспарды Эмпедокл (б.э.д.ІVғ.) жазған..
Швед-ғалым К.Линней (1707-1778) мен француз табиғат зерттеушісі Ж.Бюффон (1707-1788) еңбектерінде климаттық факторға ерекше мән беріледі.
Француз ғалым Ж.Б.Ламарк (1744- 1829) өсімдіктер мен жануарлар эволюциясында, организмдердің өзгерістерге бейімделуінің маңызды себебі сыртқы ортаның әсері деп есептеген.
Москва университетінің профессоры К.Ф.Рулье (1814-1858) өзінің еңбектері мен дәрістерінде тірі организм эволюциясын оқу және жануарлардың дамуын, құрылысы мен тіршілігін түсіндіру оларды қоршаған ортаның өзгерістеріне байланысты екендігін атап көрсетті.
Экология ғылымы XX ғасырдың басында өз алдына ғылым болып қалыптаса бастады. XX ғасырда экологияның дамуына әлемдік белгілі ғалымдар: К.А.Тимирязев (1843-1920), В.В.Докучев (1846-1903), Ф.Клементс (1874-1945), В.Н.Сукачев (1880-1967) және т.б. қосқан еңбектерді айтуға болады. ХХғасырдағы көрнекті орыс ғалымы В.И.Вернадский (1868-1945) биосфера туралы ғылымды дамытты. Ол біздің планетамыздағы геохимиялық процестерді тірі организмдердің атқаратын рөлін атап көрсетті. В. И. Вернадский биосфера адамның әрекетімен тығыз байланысты, осы әрекет биосфера құрамының теңдігінің сақталуына тәуелді. Ол жаңа түсінік енгізді - ноосфера, «ойлаушы қабықша» дегенді білдіреді, ягни ақыл-ой сферасы. В. И. Вернадский «Адамзат тұтас алғанда қуатты геологиялық күш. Оның алдында, оның ойының және еңбегінің алдында еркін ойлайтын адамзаттың мүддесіне биосфераның қайта құруы туралы мөселелері туады. Бұл биосфераның жаңа қалпы, біз оны байқамай жақындап келеміз, бұл- ноосфера».
ХХғ. 60-жылдарынан бастап экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталды.
Экологияның қысқаша даму тарихында бірнеше негізгі кезеңдерді бөлуге болады.
1 кезең - экологияны әртүрлі организдердің бір - бірімен және қоршаған ортамен байланыстарын биологиялық зерттеу кезеңі. Осы тұстардағы жарық көрген Ж.Б.Ламаркгын “Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы’’, А.Декандольдың “Ботаникалық география”, К.Ф.Рульенің “Жануарлар экологиясы”, А.Н.Бекетовтың “Өсімдіктер географиясы”, Ч.Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі”, В.Докучаевтың “Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы білімі”, т.б. еңбектер экология ғалымының негізін қалаған еді.
2 кезең -20 жылдардың ортасына қарай ”Экология” термині организмдер бірлестігін зеттеуге қолдана бастаған кезең. Бұл - экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет