Биология кафедрасы


Тірі жүйелер үйымдасуының сатылама деңгейлері



бет5/33
Дата22.09.2022
өлшемі306,97 Kb.
#150413
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Экология лекция 2021

Тірі жүйелер үйымдасуының сатылама деңгейлері

Тірі материяның ұйымдастырылуына келесі деңгейлер жатады: Молекулалық—>Жасушалық деңгей —>Ұлпалар мен мүшелер деңгейі —>Организмдік (Особь) деңгей —> Популяциялық (түрлік) деңгей —> Биоценоздық деңгей —> Биогеоценоздық деңгей —> Экожүйелік деңгей —> Биосфералык деңгей.
Планетамызда 2 млн. астам тірі организмдердің түрі тіршілік етеді.
Фауна мен флора жер бетінде біркелкі таралмаған. Климаттық жағдайларға байланысты арнайы өсімдіктер қауымдастығы қалыптасады - тропикалық жауынды орман, таулы орман, тундра, тайга, саванна немесе шөлдала. Мұндай өсімдік қауымдастықтарында тек осындай жағдайларға бейімделген жануарлар түрі тіршілік етеді.
Биогеографиялық облыстар:
1.Голарктикалық - Солт.Америка (Гренландиясыз), Евразия (Индиясыз), Исландия, Корея, Жапония, Солт. Африка)
2. Палеотропикалық - Оңт. Африка, Мадагаскар, Индия және Индо- Китай)
3. Австралиялық (Австралия, Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия, Океания)
4.Неотропикалық (Оңт. және Орт. Америка)
5. Антарктикалық (Антарктика)
2. Биосфера эволюциясы.
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы бірнеше теориялар арқылы түсіндіріледі. Соның ішінде ең маңыздылары:
1. Абиогеноз теориясы (тірінің өліден пайда болуы)
2. Биогеноз теориясы (тіріден тірінің пайда болуы)
А.И.Опарин 1924ж. «Химиялық эволюция концепциясын» жасаған. Осы коацерваттық теория бойынша химиялық эволюция биологнялық эволюцияга ауысады, нәтижесінде ерекше жүйе пайда болады (қоршаған сыртқы ортамен өзара әрекеттесуге қабілетті), ол протобиоттар эволюциясына ауысады. Протополимер-катализдік белсенділігі бар ақуыз пайда болады.
Тіршілік - зат алмасу және көбею сияқты ерекше қасиеттермен сипатталады.
Жер жасы-5-6 млрд. жыл, күн жүйесінін жасы 10 млрд. жыл. Жердегі тіршілік дегеніміз негізінен нуклеинқышқылдары мен ақуыздың өзара өрекеттесу функциясы болып табылады
Нуклеин қышкылы - нуклеотид полимерлері болып табылады, ал ол кезегінде азоттық негізден, пентозадан және фосфаттан тұрады. Ақуыздар да полимерлер және амин қышқылдардан тұрады, ақуыз функциясы - ферментативтік.
Джон Берналдың теориясына сәйкес, тіршіліктің пайда болу тарихы 3 негізгі бөлімге бөлінеді: атомнан молекулаға дейін, молекуладан полимерге дейін, полимерден организмге дейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет