Биология кафедрасы


Популяция туралы жалпы мағлүмат



бет12/33
Дата22.09.2022
өлшемі306,97 Kb.
#150413
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Байланысты:
Экология лекция 2021

Популяция туралы жалпы мағлүмат

Егер экожүйе биосфераның элементтері болса, популяция табиғатта жеке түрінде кездеспейді.
Популяция дегеніміз белгілі ареалда ұзақ мекендейтін, өзара еркін будандаса алатын, информация бере алатын, бір түрге жататын особьтар тобы.
Популяция деңгейінде негізгі адаптациялар, табиғи сұрыпталу және эволюциялық процестер жүреді. Популяцияның көп түрлілігі, оның ортаны меңгеру, икемделу қабілеттілігін, тіршілік үшін күресу мүмкіншілігін арттырады.
Әртүрлі түрлердің популяциясы үшін особьтар санының азаю шегі болады.
Особь кіші болған сайын олардың саны көп болады.

  1. Популяцияның статикалық жөне динамикалық сипаттамалары.

Популяцияның сипаттамасы:
1) Жыныстық сипаты бойынша;
2) Жас ерекшелігі бойынша әр-түрлі жастағы особьтар қатынасы бойынша;
3) Территориялық гаралуы бойынша;
4) Этологиялық сипаты бойынша ажыратылады.
Популяцияныц түрлері:
Қалыпты популяцияда - барлық жастағылар тең болуы қажет. Егер популяцияда кәрі особьтар көп болса, онда олар көбеюі функциясын бұзады. Мұндай популяциялар регрессивтік популяция немесе өліп бара жатқан популяция деп аталады. Популяцияда жас особьтар көп болса, жаңаратын немесе инвазивтік деп аталады. Популяцияның өмір жастары қорқыныш туғызбайды, бірақ особьтардың саны өте көп болып кетуі мүмкін, себебі мұндай популяцияда трофикалық байланыстар қалыптаспаған.
Популяция динамикасының екі түрі бар:

  1. Особьтар санының тығыздығына байланысты биотикалық факторларға тәуелді. Мұндай өсу түрі экспоненциалдық деп аталады. Бқл адамдар популяциясына тән. Ол ең біріншіден, балалардың өлімінің төмендеуіне байланысты.

Популяциядағы особьтардың өсу санын биотикалық факторлар реттеп отырады. Оны популяцияның реттеуші факторы деп атайды.
2) Особьтар санының тығыздығына байланысты емес түрі - особьтар саны жоғаргы өлім-жітіммен сипатталады. Бұл жағдайда особьтар санының өсуі 5-тәрізді қисықпен сипатталады: мұндай қисықты логистикалық деп аталады. Логистикалық өсу қисығына абиотикалық факторлар әсер етеді (ауа- райы құбылыстары, тамақтың бар-жоқтығы, әр-түрлі апаттар т. б.). Осындай фактор популяцияның уақытша шексіз өсуіне, сондай-ақ 0-ге дейін төмендеуіне қамтамасыз етіп отырады. Осындай факторларды модификалық фактор деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет