Биология кафедрасы


Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану



бет27/33
Дата22.09.2022
өлшемі306,97 Kb.
#150413
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
Байланысты:
Экология лекция 2021

Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану.

Қазіргі заманғы жағдайда пайдалы қазбалар қорының тозуы, тұщы сулардың азаюы, өсімдік және жануарлар әлемінің ресурстарының азаюы, табиғи ортаның үлкен масштабта ластануы өзекті мәселелерге айналып отыр.
Табиғи ресурстардың сапасы мен санына әрбір елдің экономика деңгейі мен дамуы көптен-көп тәуелді. Сондықтан табиғи ресурстарды қорғау және оларды тиімді пайдалану қоршаған ортаны қорғау жүйесінде маңызды орын алып отыр. Табиғи ресурстар әртүрлі 3 топқа бөлінеді.
Сарқылмайтын қорларға - ғарыш, ауа, су қорлары жатады.
Ғарыш қорларына - күн сәулесінің радияциясы, теңіз тартылуы мен тасуы жатады.
Ауа-райы қорларына - атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.
Су қорларына - жер бетіндегі су көздері жатады.
а)Жер беті қорларының ең басты бөлігіне топырақ жатады. Топыраққұрамы өте күрделі. Онда минералдық заттар, түрлі организмді заттар, микроорганизмдер кездеседі. Жер бетінің толық ауданы 510 млн. км, құрлыққа тиесілі үлесі-149 млн. км2 (29,2%).
б)Орман қорлары сарқылатын және салыстырмалы жаңғыратын қорлар жатады. Орман ағаштарының қоршаған ортаның жақсаруына, су мен жер қорларының жақсы сақталуына тигізетін әсері мол. Жер бетіндегі ағаштар 100 млрд. тонна фитомасса түзсе, оның ішінде құрлық бетіндегі көк жамылғы 64 млрд. тонна, ал орман ағаштары 38 млрд. тонна (60%) құрайды.
в)Минералдық қорлар - мұнай, газ, тас көмір, кен көздері және жер асты сулары жатады. Бұлардың барлығы сарқылатын қор түріне жатады. Сонымен, минералдық қорларды металл қорлары және металл емес қорлар деп бөлеміз.
Кейбір минералдық заттар адам тіршілігіне ауа мен судай қажет. Мысалы, ас тұзы, әк, құм, фосфор, калий тұздары т. б. Бұларға қарағанда, металл және мұнай-газ кен көздерінен шикізат өндіру қарқыны жыл сайын арта түседі. Мысалы: соңғы 100 жыл ішінде-көмір, темір, марганец және никельді пайдалану мен өндіру 200-1000 есе артты.
Бұл қорлар литосфераның 17 км. тереңдікке дейінгі қабатын алып жатыр.
г)Энергетикалық қорлардың жаңғырмайтын қатарына көмір, мұнай-газ, торф, сутегі, гелий, литийлер, ал жаңғыратын түрлеріне фотосинтез өнімдерінің энергиясы, гидроэнергия, булану және жауын-шашын энергиясы, жел энергиясы, жылу энергиясының түрлері жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет