ДӘРІС №8
Тақырып: Табиғи ресурстар және табиғатты қолдану
Жоспары:
1.Табиғиресурстар және оларды топтау
2.Қазақстанның қазба байлықтары
3.Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану
4.Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары
5.Табиғатты қорғаудың аспектілері
6.Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері
Дәріс мақсаты: Студенттерді табиғат, табиғи орта, табиғи қорлар түсініктерімен таныстыру. Табиғн қорлардың жіктелуін көрсету және ластаушы заттар жіктелуімен таныстыру.
Дәріс ұзақтығы: 1 сағат
1.Табиғи ресурстар және оларды топтау.
Табиғат дегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста, өзгеруде, дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние. Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық- энергетикалық, информациялық және әріүрлі табиғи құблыстардың жиынтығы.
Адам шарушьшық әрекетінде табиғатпен байланысты, оған тікелей немесе аралық әсер тигізеді.
Адам күрделі «табиғат-қоғам» жүйесінің бір бөлігіне жатады. Қоғамның материалдық, мәдени, тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар немесе табиғи қорлар деп аталады. Оларға атмосфералық ауа, су, топырақ, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы, т.б. жатады.
Сарқылатын ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді. Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы қазбалар металл (қара, түсті, асыл және сирек кездесетін, радиоктивті металдар) рудалары, бейметалды қосылыстар (өнеркәсіптің металлургиялық, химиялық және басқа салаларына арналған шикізаттар) жер асты сулары, құрылыс материалдары (мрамор, құм, гранит жәнс т.б.) энергиясақтағыш көздері (мұнай, газ, көмір, жанғыш сланец, жертезек) жатады. Бұл ресурстардың қайтадан орнына келу қабілеті жоқ, себебі олар өткен геологиялық дәуірде бірнеше миллиондаған жылдар бойында түзілген. Мысалы, тас көмір мезозой дәуірінде болған өсімдіктер фотосинтезінің өнімі. Қазіргі кезеңде кен байлықтар түзетін процестердің жүруіне бұрынғыдай жағдай жоқ, сондықтан олардың орнының тез арада толуы мүмкік емес.
Сарқылатын және қалпына келетін жағынан қарайтын болсақ, жер және орман ресурстарына ерекше тоқталуға болады. Топырақтың негізгі қасиеті оның құнарлығы, яғни өсімдіктер өнімі осы қабілетіне байланысты келеді. Салыстырмалы түрде қалпына келетін ресурсқа табиғи ресурстардың маңызды түрлерінің бірі орман ресурстарын да, әсіресе ағашты жатқызуға болады.
Сарқылмайтын ресурстарға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық ресурстар, соның ішінде күн сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар - жылжымалы ауаның энергиясы, су толқыны, ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуының энергиясы, космостық шаң, климаттық ресурстар - атмосфералық ауа, жауын- шашын, жел, сонымен қатар жер қойнауындағы жылу.
Сарқылмайтын ресурстардың жердегі қоры пайдаланған сайын азаймайды, ал табиғи ортадан алынған сайын қоры сарқылатын, табиғи процестердің нәтижесінде орны толмайтын ресурстар сарқылатындарға жатады.
Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылады, бірақ сан жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді, ал оның жеке сфералар (мұхит, құрлық, атмосфера) немесе түрлері (сүйық, қатты, бу тәрізді) арасыңда таралуы әртүрлі.
Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді. Бұл олардың мөлшерінің шектелуіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты.
Б.Скиннердің мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек. Бірақ, мысалы, алтын өндіру жылына 4%-ға артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырса, ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіргіш келеді, бірақ, оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.
Көміртегінің қосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше назар аударады. Себебі олар энергия мен көптеген азық- түлік алудың негізгі көзі болыптабылады. Сонымен қатар, оларды пайдалану ғаламдық мәеелелер: парниктік эффект, қышқылдық жаңбырлар және т.б. туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде табиғатга миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасаған болжамдарының біреуіне сүйенсек, жанғыш отандарды пайдаланудың казіргі жылдамдығы сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30-40 жылға, газ - 40-50 жылға, көмір - 70-80 жылға жетеді.
Ең көп пайдаланылатын металдарға қатысты (темір мен алюминий) Б.Скиннер былай дейді: темір колданылу мөлшері бойынша қазір бірінші орында (алюминейден кейін). Оны пайдаланудың қиындықтары, олардың негізгі массасының мөлшері аз қосылыстарда болуына байланысты. Экологиялық тұрғыдан темірді қорыту күкіртті ангидрид көміртегінің қостотығымен ластандырылады. Көмірқышқыл газымен ластану негізінен технологиялық процесте кокстың пайдаланылуымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |