4. Табиғи қорларды пайдаланудыц жалпы инженерлік шаралары. Адамзат табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін зат айналым циклына катыстырады. Табиғи қорларды пайдалану барысында тасымалдануы, өзгеріске ұшырауы- қордын айналымы немесе антропогенді айналым деп аталады.
Табиғаттағы зат айналымы тұйықталған тізбек бойымен іске асады. Ал қор айналымын немесе антропогенді тұйықталған тізбек бойымен іске асады деуге болмайды. Өйткені, теңізден буланған су қайтадан жауын-шашын түрінде қайта оралса, шахтада өндірілген көмір. қайтадан көмір түрінде шахтадағы кенге келіп қосылмайды.
Табиғи қорларды тиімді пайдалануда ғылым-техника саласындағы озық технологияны, инженерлік тиімді тәсілдерді пайдаланады.
Жалпы инженерлік шараларға төмендегілер жатады:
Қоршаған ортаны жүйелі түрде пайдалану және сақтау.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелітүрде іске асыру кажет.
Жан-жақты талдау-математика, информатнка, кибернетика және т.б. ғылым салалары арқылы жүзеге асады.
2) Биосфераны оптимизациялау.
3) Табиғатты пайдалануды оптимизациялау.
Өнеркәсіп салалары мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін жоспарлы түрде, белгілі мақсат үшін мемлекеттік дәрежеде шешу жолдары.
4) Шикізат өндіру карқынынан алынатын өнім карқынының өсуі.
5)Жаратылыс дүниелері мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық жүйелер немесе геотехникалық жүйелер құруы.
6)Өндірісті шоғырландыру.
7)Өндірісті экологиялық қауіпсіздендіру - қалдықсыз экологияны пайдалану жатады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Жер табиғи қорларына сипаттама беріңіз.
2. Табиғи орта, табиғи жағдай, табиғи кешен дегеніміз не?
3. Жер табиғи қорларының жіктелуі кандай? Мысал келтіріңіз.
4. «Ластаушы зат» анықтамасын түсіндіріңіз.
5. Ластаушы заттардың жіктелуі кандай?
6. Ауаның ғаламдық, аймақтық, жергілікті ластануына мысал келтіріңіз.
Әдебиет
1. Бейсенова Ә.С. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
3.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
4.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
6. Мөмбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
7. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «Қазақ университеті», 2000.
8.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма- Ата, «Ана тілі», 1991.
9.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.
ДӘРІС № 9 Тақырып: Табиғи ортаның ғаламдық экологиялық мәселелері.
Жоспары:
1.Қоршаған ортаның ластануы.
2. Атмосфералық ауаның ластануы жөне атмосфералық ауаны қорғаудың өзекті мөселелері.
3. «Жылу эффектісі»;
4. «Озон тесігі»;
5. «Қышқылдық жаңбырлар»
Дәріс мақсаты: Студенттерді қазіргі кездегі негізгі ғаламдық экологиялық мәселелермен таныстыру.
Дәріс ұзақтығы: 1 сағат