Биология кафедрасы


Лекция 4. Зат пен энергия алмасуының жас ерекшеліктері. Оқушылардың тамақ



Pdf көрінісі
бет11/18
Дата22.02.2023
өлшемі361,36 Kb.
#169711
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы

Лекция 4. Зат пен энергия алмасуының жас ерекшеліктері. Оқушылардың тамақ 
гигиенасы. 
Ас қорыту ағзаларының жас ерекшеліктері 
Зат алмасу ағзаның барлық жасушаларында, ұлпаларында, органдарында жүреді. Ол 
адам өмірін сақтауға жəне ішкі ортаның тұрақтылығын сақтауға əсерін тигізеді. Зат алмасу 
процесі кезінде пайда болған заттар жасушалар мен тканьдерді құру үшін қажет. Зат 
алмасудың мынадай түрлері болады: су, минералды заттардың, витаминдердің, 
ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың алмасуы. Зат алмасу процестері бір – бірімен 
күрделі биохимиялық реакциялар арқылы тығыз байланысты. Бұл реакциялардың бəрі 
орталық жүйке жүйесі арқылы, гармондардың көмегімен реттеліп отырады. Зат алмасу 
процесі кезінде бөлініп шыққан энергия адам ағзасындағы биохимиялық реакциялардың 
жүруіне жəне жылу мен механикалық энергия жоғалтуына кетеді. Зат алмасу кезінде ағза 
жоғалтқан энергиясының орнын толтырады. Энергия адам ағзасына өмір сүру үшін қажет. 
Зат алмасу бір – біріне қарама қарсы екі түрлі процеспен анықталады. Ассимиляция жəне 
диссимиляция, бұл процестер ағза мен қоршаған орта арасындағы қарым- қатынасты 
үздіксіз тоқтатпай жүргізіп тұрады. 
Энергетикалық баланс 
Энергетикалық баланс деп адамның тамақтанудан пайда болған энергиясы мен 
жұмсалған энергиясының, яғни ағзадан шығарған энергиясының арасындағы қатынасты 
айтады. Егер адам ағзасына тəулігіне тамақтанудан пайда болған энергия, ағзадан 
шығарылған энергиядан кем болса, ол кезде теріс энергетикалық баланс болады. Бұл кезде 
адам азады. Егер адам ағзасында тəулігіне тамақтанудан пайда болған энергия, ағзадан 
шығарылған энергиядан көп болса, ол кезде оң энергетикалық баланс болады. Бұл кезде 
адам семіреді, денесінің салмағы көбейеді. Ол қан қысымының көбеюіне жəне атеросклероз 
ауруының пайда болуына əкеліп соғады. 
Диссимиляция 
Диссимиляция дегеніміз заттардың ыдырауы, олардың оттегінің көмегімен тотығып, 
қышқылданып, ағзадан шығарылуы. Бұл екі процесс ағзада үздіксіз жүріп тұрады жəне бір 
– бірімен өте тығыз байланысты. Өмірдің кейбір кезеңдерінде бұл тепе – теңдік бұзылады. 


Өсіп, жетіліп келе жатқан балалар мен жасөспірімдер ағзасында ассимиляция процесі, 
диссимиляция процесіне қарағанда басым болады. Энергия – калория немесе джоульмен 
өлшенеді. Энергия көзі – тамақ болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет