Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы – эпикард (грек.
эпи
– үстіңгі +
кардиа
– жүрек), ортаңғы – миокард (грек.
миос
– бұлшық ет + кардиа) жəне ішкі – эндокард (грек.
эндос
– ішкі + кардиа). Жүректің еті –
миокард
– ерекше құрылымды көлденең жолақты ет
ұлпаларынан тұрады. Оның қалыңдығы жүректің əр жерінде əртүрлі.
Ең жұқа жері
жүрекшенің қабырғасында 2-3 мм, ал ең қалың жері – сол жақ қарыншаның қабырғасының
қалыңдығы бұдан 3-4 есе артық.
Үлкен және кіші қан айналыс жолдары.
Денедегі қан үлкен жəне кіші қан айналыс
жолдары арқылы тасымалданады. Сол жақ қарыншаның қуысынан
үлкен қан айналыс жолы
басталады. Қан қарыншадан қолқаға, одан үлкенді-кішілі артериялар мен артериолаларға,
олардан артериялық капиллярларға айдалады. Артериялық капиллярлар ұлпалардың
клеткаларына тарап, қанның құрамындағы қоректік заттар
мен оттегін клеткааралық
сұйықтарға құяды да зат алмасуынан пайда болған көмірқышқыл газын қосып алып,
веналық капиллярлар арқылы үлкенді-кішілі веналаларға, олардан жоғарғы жəне төменгі
қуыс веналарына қосылып, қанды оң жақ жүрекшенің қуысына əкеледі. Оң жақ
жүрекшеден оң жақ қарыншаға айдалады.
Оң жақ қарыншадан
кіші қан айналыс жолы
басталады.
Достарыңызбен бөлісу: