Биология кафедрасы



бет10/18
Дата23.02.2023
өлшемі11,43 Mb.
#169907
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
Ботаника Лаборатория-1

Бақылау сұрақтары:
1. Жапырақтың негізгі бөліктерін атап, әрқайсысының құрылысы мен қызметіне толық тоқталу?
2. Жай жапырақ пішіндерін атап, нақты мысалдармен толықтыру?
3. Жапырақ тақтасының жүйкеленуі дегеніміз не?
4. Жапырақөтардың сабаққа бекіну типтерін атап, мысал келтір?
5. Жай жапырақты күрделі жапырақтан қалай ажыратады?
Лабороториялық сабақ № 7
Лабороториялық сабақтың тақырыбы: Гүл құрылысының жалпы заңдылықтары.



  1. Гүл және гүл бөлімдерінің жалпы құрылысы.

  2. Алма гүлінің құрылысы.



Мақсаты: Спиртте тұрақталған өсімдіктер гүлдерінің құрылымдық жаңалықтарын анықтау.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:
Өсіп тұрған немесе күні бұрын спиртке салынған қызғалдақтың,алманың,талдың гүлдері.Әр түрлі гүлдің макеттері.Тозаңқап және жатынның кесіндісінің тұрақты препараттары.Микроскоп,лупа,сапты ине,пинцет,зат әйнегі,екі түсті шыны тақта,өткір ұстара.
Жұмысты орындау барысы:
Гүл (лат. flos) – гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен көбею мүшесі. Ол сабақ не жанама бұтақ ұшында өседі. Гүлден жеміс пен тұқым дамиды. Жабықтұқымды өсімдіктердің маңызды элементтерінің бірі. Гүлдің құрылысы күрделі болып келеді. Гүлдің сыртын жасыл түсті тостағанжапырақшалар мен түрлі-түсті күлтежапырақшалар қоршап тұрады. Тостағанша мен күлте екеуі қосылып гүлсерігін құрайды. Гүлсерік гүлдің ішкі нәзік бөліктерін суықтан,жауыннан және күннің ыстық сәулесінен қорғайды.
Гүлге түс беретін – күлте жапырақшалар. Оның түсі әр түрлі болады. Күлтенің ішінде аталықтар мен аналықтар болады.Аталықтар мен аналық-гүлдің негізгі бөлігі олардан жемістер мен тұқымдар түзеді.Әрбір аталық жіпше мен тозаңқаптан құралады.Тозаңқаптың ішінде тозаң түзіледі.Піскен кезде тозаңқап жарылып одан тозаңдар төгіледі.
Аналық гүлдің қақ ортасында болады. Аналықтың төменгі жуандау бөлігін түйін,одан жоғарырақ жіңішкерген жерін-мойын,ең ұшын-ауыз дейді.
Гүлдеп болғаннан кейін тостағанша күлте мен аталықтар қурап түсіп қалады,тек аналық түйіні ғана сақталып ол жеміске айналады.Жемістің ішінде тұқым болады ол түйіннің ішінде дегі тұқым бастамасынан дамиды.Піскен кездетұқымдар жерге түседі,бұлардан келесі жылы жаңа өсімдіктер өсіп шығады.
Аталық және аналық гүлі екі бөлек, бірақ екеуі де бір өсімдіктің бойында кездессе – бір үйлі (жүгері, қияқ, қайың, емен, т.б.), аналық және аталық гүлі жеке орналасса – қос үйлі (терек, тал, зығыр, т.б.), қос жынысты, дара жынысты гүлдері де кездессе – көп үйлі (үйеңкі, шетен т.б.) деп аталады.
Гүл орналасатын сағақтың ұшы гүл табаны (кіндігі), сабақтың гүл орналасқан бөлігі – гүл сағағы (егер ол болмаса, отырықшы гүл), барлық гүлдер орналасатын өсімдік сабағы – гүлсидам, жабық тұқымды өсімдіктердің тостағаншасы мен күлте жапырақшаларынан құралған гүл орамы – гүл серігі деп аталады.
Өсімдіктің гүлдеу мерзімі жарыққа, температураға, ауаға, топырақ ылғалдығына байланысты. Көптеген өсімдіктердің гүлі күндіз ашылады. Дәрілік, дәм-татымдық өсімдіктерді жинауда, пішен шабуда гүлдеу мерзімін білудің маңызы зор. Гүлдің пішіні, түсі, сондай-ақ тұқым қуалау белгілері өсімдіктердің өзара туыстық қатынасын, өсімдік жүйесін анықтауда кеңінен пайдаланылады.
Тапсырмалар:
1. Гүл мүшелерімен танысу.
2. Күрделігүлділер өкілі күнбағыс гүлдерінің құрылысымен танысу арқылы шекті жыныссыз, қосжынысты ортадағы түтік гүлдерінің ерекшеліктерін жекелей көрсете отырып, суретін салу.
3. Бұршақ және қалампыр гүлдерінде бір шеңберде және әртүрлі шеңберлерде орналасқан гүлдің мөшелерінің бірігіп кетуін табу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет