Бақылау сұрақтары:
1. Тамыр жүйесі дегеніміз не?
2. тегі және пішініне қарай тамыр жүйелерінің қандай түрлері бар?
3.Тамыр түгі қалай пайда болады және ол қандай қызмет атқарады?
4.Тамыр оймақшасы, бөліну, өсу, сору және өткізу аймақтарының пайда болуы
және қызметі қандай?
5.Негізгі, жанама және қосалқы тамырлардың шығу тегі қандай?
Лабороториялық сабақ № 5
Лабороториялық жұмыстың тақырыбы: Сабақтың морфологиясы, шөптесін және ағаш өсімдіктерінің сабақтарының құрылысы.
Өсімдік сабағының құрылысы
Өсімдік сабағының еңсесі. Сабақтың пішіні,
Жұмыстың мақсаты: Сабақ түрлерімен және қос-даражарнақты өсімдіктер сабағының алғашқы және соңғы анатомоиялық құрылыстиарымен танысып ерекшеліктерін анықтау.
Жұмысты орындау барысы:
Сабақ – вегетативтік өркеннің бір бөлігі – остік орган. Сабақтың атқаратын қызметтері: жапырақ пен тамырдың арасындағы байланысты қамтамасыз ету, жапырақ тақтасында түзілген органикалықзаттарды төменгі ағыс жолымен тамырға, ал тамырдан қабылданған су мен минерал тұздардың ерітіндісін жоғарғы ағыс жолымен жапыраққа өткізіп отыру. Сонымен қатар тек өткізгіштік қана емес қызмет атқарып қоймай, сабақ механикалық – тіректік қызмет атқарады. Сабақ өсімдіктегі ассимиляциялық процестің жүруін қамтамасыз ететін негізгі орган. Демек, жапырақты күннің жарығына бағыттап ұстап тұрады. Сабақтың қабық және өзек бөлімдерінде қоректік заттардың қоры жиналады. Кейбір шөптесін өсімдіктердің жас сабағы ассимиляциялық процеске қатынасады және сабақ арқылы вегетативтік жолмен көбею жүреді.
Сабақтың морфологиялық құрылысы жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде өсу ортасына, сол ортаға бейімделуіне және кеңістікте орналасуына байланысты әр түрлі болады. Мысалы: кейбір өсімдіктердің сабағы тік болып өссе, екіншісі жерге жантая, төселе, ал үшіншілерінің сабағы шырмалып, ені біреулерінің сабағы өрмелеп, ал кейбір өсімдіктердің сабағы ықшамдалып, өте қысқара, сабақтың түбіне көміле өседі.
Өсімдіктердің сабақтары көлденең кесіндісінде әр алуан: жұмыр сабақ, бұның көлденең қимасының пішіні дөңгелек болады. Бұл көпшілік өсімдіктерге, әсіресе ағаштар мен бұта ттектестерге тән. Үш қырлы сабақ қияқ тұқымдас өсімдіктердің өкілдеріне тән; төрт қырлы сабақ ерін гүлділердің өкілінде; көп қырлы сабақ кактустарға; қабысыңқы немесе жалпақтанып клген сабақ кактустардың өкілі – опунцияға тән.
Төрт қырлы, көп қырлы сабақтың түрлерінде механикалық тканнің бір түрі – бұрыштық колленхиманың клеткалары сабақтың сыртқы қабығына топтанып орналасады және орналасқан жерлері білеуленіп, қырланып тұрады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің сабағы күн сәулесіне бағытталып, оң фототропизм, теріс геотропизмге сәйкес тік ортотропты өседі. Сабақтың ұзындығы немесе биіктігі және көлемі әр түрлі өсімдіктерде әрқилы. Өсімдіктердің сабағы негізінен ең ұшынан өсіп, ұзарады. Ал сабақтың ұзара өсуі бой конусының ұшындағы төбе бүршіктің алғашқы түзуші ұлпасы – апекальдық меристема клеткаларының бөлінуіне байланысты. Өсімдік сабағының өсу қарқыны бірдей болмайды. Ол өсімдіктің түріне, өсу ортасының жағдайына байланысты әрқилы. Кейде өсімдіктің сабағының ұзарып өсуі тек апекальды меристеманың инициальды клеткаларына ғана емес, сондай – ақ кейбір өсімдіктердің сабағының буын аралығының қыстырма (интеркалярлық) меристеманың клеткаларының бөлінуіне де байланысты болады. Мұндай жолмен өсуді қыстырмалы, немесе интеркалярлық өсу деп атайды. Бұндай ұзара өсу, көбінесе, астық тұқымдастардың өкілі мен кейбір қос жарнақты өсімдіктерде кездеседі. Өсімдіктердің түріне қарай және өсу бағытының тәсіліне қарай сабақтар: тік тұратын (тікен қурай, күнбағыс, сарбас шөп т.б.), азырақ көлбей – көтеріңкі өсетін (тауық тары) немесе төселмелі өсетін (қазтабан, қой бүлдірген), күннің бағыты бойынша орала өсетін (құлмақ), немесе қарсы бағытта орала (шырмауық), өрмелеп өсетін (асқабақ) және қысқарған сабақ (бақбақ) болып бөлінеді. Өсімдіктердің сабағы жіңішке, әрі жеңіл, әрі өте жеңіл, әрі өте ұзын болып өсуі мүмкін. Бұндай өсімдіктердің сабағы денесін кеңістікте тік көтеріп ұстап тұра алмайды, сондықтан бір нәрсеге жармасып, өрмелеп немесе оның бойына шырмалып, жоғары көтеріле өседі. Сабақтары осындай болып келген өсімдіктерді лианалар деп, өмірлік бейнесіне немесе тіршілік тобына жатқызады.Өсімдік сабақтары шөптекті, ағаштекті немесе сүректі болып бөлінеді. Сабақтың түрлері өсу бағытына байланысты тік, жатаған, шырмалғыш, өрмелегіш, жабысқақ, қысқарған сабақ деп бөлінеді (1-сурет).
тік сабақ шырмалағыш сабақ өрмелегіш сабақ
Сабақтың ішкі құрылысын ағаш діңінің көлденең кесіндісінен көреміз. Ішкі құрылысы 4 қабаттан тұрады: қабық, камбий, сүрек, өзек (2-сурет).
1. Қабық – сабақтың ең сыртқы қабаты. Қабық – өң, тоз, тін қабатынан тұрады. Өң – түссіз (мөлдір), жас сабақтардың сыртын қаптайды. Үлкен ағаштардағы өң түлеп түсіп, орнын тоз алмастырады. Тоз қалың болса да ішкі жасушалардың тыныс алуына оттегін өткізеді. Тозда тыныс алуға қатысатын пішіні төмпешікке ұқсаған жасушаларды жасымықша дейді. Жасымықшалар өркендердің сыртынан бұртиып айқын білінеді. Тоздың ішкі жағында қабыққа беріктік (мықтылық) қасиет беретін тін қабаты орналасқан. Кендір, зығыр, мақта өсімдіктерінде қабықтың тін талшықтары жақсы дамыған. Тін талшықтарынан өндірісте түрлі маталар, бұйымдар тоқылады. Қабық өсімдікті сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды.
2. Камбий – қабықтан кейінгі орналасатын қабат. Жас бұтақтың қабығын сылып тастаса камбий жасушаларының қабықшасы жыртылады (бұзылады). Қабықшасы жыртылған жасуша ішіндегі цитоплазма мен шырыны ағып кетеді. Сылынған жерді саусақпен сипаса, шырышты дымқыл байқалады. Камбий ағаштардың бір жылдық өркенінде (2-суретте, а) қабықтан кейінгі сары түсті қабат) пайда болады. Камбий жасушалары ұшы сүйірленген ұзынша пішінді. Бірнеше қабат жасушалардан түзіліп, камбий аймағын құрайды. Барлық жасушалары бөлінуге қабілетті. Камбий жасушалары қыста бөлінбейді. Көктем шығысымен қарқынды бөліне бастайды. Камбий жасушаларының бөлінуінен ағаштар жыл сайын жуандай береді. Камбийден жылдық қабаттар (шеңберлер) түзіледі. Шеңбер саны арқылы ағаштардың жасын ажыратуға болады.
3. Сүрек – сабақтың едәуір бөлігін алып жататын камбийден кейін орналасатын қабат. Жасушаларының пішіндері мен мөлшері біркелкі емес. Ұзын, жіңішке жасушалары қосылып, түтікше құрайды. Түтікшенің айналасын беріктік қасиет беретін қалың қабықшалы сүрек талшықтары қоршайды. Камбий жасушалары дамылсыз бөлінетіндіктен, ағаш діңі жуандап өседі.
4. Өзек – сабақтың орталық бөлімі. Жас өркенде жасушалары тірі болғандықтан, органикалық заттар қорға жиналады. Өзек жасушалары өзек сәулелерін құрайды. Өзек сәулелерінің жасушалары сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. Қоректік заттар өзек сәулелері арқылы сабақтың басқа қабаттарына жеткізіледі. Өзек сәулелері де камбийден түзіледі.
Тапсырмалар:
1. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік мүшелеріне сипаттама.
2. Сабақ морфологиясы
3. Сабақтың анатомиялық құрылысы.
Достарыңызбен бөлісу: |