Тапсырмалар: Бақылау сұрақтары: 1.Гүл шоғыры дегеніміз не?
2.Моноподийлі гүл шоғырының симподилі гүлшоғырынан айырмашылығы
неде?
3.Жай гүл шоғырынан күрделі гүл шоғырын қалай ажыратуға болады?
4.Гүлдің формуласы мен диаграммасы.
5.Гинецей дегеніміз ен және оның типтерін атаңыз?
Лабороториялық сабақ № 9 Лабороториялық сабақтың тақырыбы: Прокариотты, эукариотты балдырлар.
Мақсаты: Эукариоттық және прокариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.
Эукариоттық және прокариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін салыстыру.
Жұмысты орындау барысы: Прокариоттар — Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жақсы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптасқан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Бір сақиналы ДНҚ молекуласы тікелей цитоплазмада болады және эукариот жасушасындағы сияқты ядро екі мембрана арқылы бөлінбейді. Ал қозғалу мүшесінің қызметін бір немесе бірнеше талшықтары атқаруы мүмкін. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.
Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне қатысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.
Эукариоттар (грек. еu – жақсы, толығымен және karyon – ядро) – құрамында ядросы бар организмдер.
Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариоттар жасушалары прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Эукариоттар жасушалары көптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге (компартементтерге) бөлінеді. Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі хим. реакциялар жүреді. Бұл жасушаларда ядро мен түрлі органеллалар (митохондрия, рибосома, Гольджи кешені) қызметтері жақсы жіктеледі. Клетка ядросы, митохондриялар, пластидтер цитоплазмадан екі қабат мембрана арқылы шектеледі. Ядрода жасушаның генетикалық материалдары (ДНҚ, онымен байланысқан заттар) шоғырланады. Өсімдік жасушаларының хлоропластары негізінен Күн сәулесін сіңіріп, оны фотосинтез нәтижесінде органикалық заттардың химиялық энергиясына айналдырса, митохондриялар көмірсулар, майлар, ақуыздар, т.б. органикалық қосылыстарды ыдыратып энергия түзеді. Эукариоттар жасушалары цитоплазмасының мембраналық жүйесі (эндоплазмалық тор, Гольджи кешені) – жасуша әрекетін қамтамасыз ететін макромолекулаларды түзіп, жинақтайды. Эукариоттар жасушалары митоз жолымен бөлінеді. Эукариоттық және прокариоттық организмдердің басты айырмашылығы - эукариоттық организмдердің нақты ядро және мембранамен байланысқан органеллалары болуы, ал прокариоттық организмдерде ядро мен мембранамен байланысқан органеллалар болмауы.
Барлық тірі организмдер екі категорияға жатады, атап айтқанда прокариоттар немесе эукариоттар. Прокариотты организмдер қарапайым жасуша ұйымын көрсетеді, ал эукариотты организмдер күрделі жасуша ұйымын көрсетеді. Сонымен қатар, прокариоттар бір клеткалы емес, оларда ядро мен мембранамен байланысқан органеллалар болмайды. Екінші жағынан, эукариоттар көбінесе көп клеткалы болып табылады және хлоропласттар, митохондрия және эндоплазмалық ретикулум және т.б. сияқты ядро мен мембранамен байланысқан органеллалардан тұрады. Прокариоттарда бактериялар мен архейлер, ал эукариоттарда протисттер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер мен жануарлар болады. Жоғарыда айтылған айырмашылықтардан басқа, прокариоттар мен эукариоттар арасындағы айырмашылық көп.