Империя дәуіріндегі Рим Білімділік



Дата08.07.2017
өлшемі120,22 Kb.
#20763
Умирзакова Батима

Қ Смағұлов атындағы орта мектеп

І санатты тарих пәнінің мұғалімі

Атырау қаласы, с.Томарлы


Империя дәуіріндегі Рим
Білімділік:

Рим империясының басқару жүйесінінің орнауы, шаруашылық пен әлеуметтік дағдарыс себептерін ашу, империянын ішкі қайшылықтардың әсерінен екіге бөлінуі туралы білім беру.


Дамытушылық:

Ізденіс өзара белсенділікті арттыру, себеп-салдары байланыстарын анықтау, өз тұжырымдарын қорытындылауға үйрету.


Тәрбиелік:

Өз елін сүюге, құрметтеуге, өктемдекке қарсы тәрбиелеу


Көрнекілігі:

1. Ежелгі Рим картасы

2. Дидактикалық материалдар

3. Тірек-сызба


Сілтеме: Оқулық, жоспар
Оқыту формасы: Жеке, топтық
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Ой қозғау мәтінмен жұмыс, дәріс, баяндама, интеллектуальдық тізбек, терминдер мен жұмыс
Барысы:

І. Қызығушылықты ояту

ІІ. Мағынаны таныту

ІІІ. Ой толғаныс - қиялдағы қозғалыс


І. Қызығушылықты ояту

  1. Ежелгі Рим мемлекеті қай түбекте орналасқан? (Апенин түбегінде)

  2. Рим мемлекетін империялық дәуірге дейін кімдер басқарды?

1. Ромул және Рем

2. Тарквиний




ІІ. Мағынаны таныту

§30 Империя дәуіріндегі Рим

Жоспары

  1. Империялық басқару жүйесінің орнауы

  2. Шет аймақтарда рим салтын қалыптастыру

  3. Шаруашылық және әлеуметтік дағдарыстың басталуы

  4. Империяның екіге бөлінуі


Рим тарихы

  1. Патшалық кезеңі

  2. Республикалық кезеңі

  3. Империялық кезеңі


І. "Тарихи тұлғалар" бетшесі

Октавиан Август б.з.б 27 ж. бз-ның 14 жылына дейін императорлық кезеңінде билік тұрды.Октавиан Август Римде империялық дәуірді бастаған тарихи тұлға.Сенат Октавианды бірінші азамат - принцепс деп жариялады.Сенатор тізімінде бірінші болып тұрды.Октавиан август елде азамат соғысын аяқтап, тыныштық орнатты.Август (қасиетті) деген жанама есім берілді.Октавиан Август - мемлекетті басқарудың жаңа жүйесі принципат қалыптастырды.

Диоклетиан билігі Римде абсолюттік деп танылды.Табиғатынан ақылды, мемлекеттік қызметке адам болған Диоклетиан өзге августар, цезарлар лауазымы берілген көмекші әміршілер тағайындады.Диоклетиан жасаған мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесі - "доминат" деп атады.Диоклетиан құрған саяси негізі абсолюттік монархиялық өкімет болды.
ІІ. Топтармен жұмыс

І-топ


    1. Шет аймақтарда рим салтын қалыптастыру қалай жүргізілді?



ІІ-топ

1. Рим салтын қалыптастыру қарапайым адамдар үшін қандай пайдасы болды?


ІІІ-топ

1. Шет аймақтардағы халықтарға римдік өмір салты қалай әсер етті?



ІІІ. Шаруашылық пен әлеуметтік дағдарыс
І-топ

  1. Елдегі шаруашылықтың құлдырауына не себеп болды?

  2. Шаруашылықтың негізгі түрі қандай болды?

  3. Құлдар еңбегі неге өнімді болмады?


ІІ-топ

  1. Құлдар жұмысты қандай құралдар арқылы істеді?

  2. Ірі жер иелері деген кімдер?

  3. Колондар деген кімдер?


ІІІ-топ

  1. Салық төлейтіндер кімдер?

  2. Колондардың ісін кімдер жалғастырды?

  3. Колондар мен құлдар неге көтеріліске шықты?



IV. Тірек - сызба

Империяның екіге бөлінуі
Рим империясы

Батыс Рим империясы Шығыс Рим империясы

Италия, Еуропа, Африка батыс аймақтары Балкан түбегі, Египет, Азиядағы

Рим иеліктері



ІІІ. Ой-толғаныс қиялдағы қозғалыс

І. Интеллектуальдық тізбек

Ашық сұрақтар


  1. Рим тарихының кезеңдерін атаңдар?

(патшалық, республикалық, империялық)

  1. Римнің бірінші азаматы Август деген жанама есімге ие болған кім?

(Октавиан Август)

  1. Октавиан іргесін қалаған мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесі

(принципат)

  1. Римде билік қандай жолмен берілді?

(мұрагерлік)

  1. Абсолюттік өкіметтің негізін қалаған кім?

(Диоклетиан)

  1. Басқарудың "доминат" деп аталатын жүйесін кім енгізді?

  2. Августар лауазымы кімдерге берілді?

(әміршілерге)

  1. Император міндеті қандай?

(шекараны қорғау, айтқаны заң шешім қабылдаушы, соғыс ісін жүргізу)
ІІ. "Мен саған, сен маған"

Салыстырмалы байланыс




Сұрақтары

Рим мемлекеті

Қазақстан Республикасы

1

Мемлекетті нығайтуда кімдердің ықпалы күшті?

Император

Президент

2

Сенатқа мүше болатын кімдер?

Шонжарлар

Депутаттар


3

Азаматтық қалай қабылданды?

Рим азаматы

ҚР азаматы


4

Өмір салтын қалыптастыруда қандай іс-шаралары жүргізілді?

Қалалар, қорғандар, тұрғызылды жолдар салынды

Денсаулық сақтау орталықтары, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы іс- шаралар

5

Қандай тілді үйренді?

Латын тілі

Қазақ тілі


6

Халқы

Римдіктер

Қазақстан халқы


7

Сәулет өнері үлгілері

Храмдар

Тұрғын үй мекемелер кесене мешіттер



ІІІ. Шағын ой толғау

"Құлдың бір күні"


IV. Ойды аяқта

Империя екіге бөлінді
Себебі
билік үшін күрес

империяны басқарудың қиындығы

көрші тайпалардың шабуылы

ішкі әлеуметтік дағдарыс, елдің басқару жүйесін әлсіреуі


V. Қорытынды
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма §30 Империя дәуіріндегі Рим

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет