Тапсырмалар:
1. Раушан гүлді тұқымдастарының көбейуі.
2. Раушан гүлді тұқымдастарының түрлері құрылсы.
Бақылау сұрақтары:
1. Раушангүлді бұталы өсімдіктер:?
2. Құрғақ жемісті раушангүлділер?
3. Раушангүлділерге жататын мойыл жемісі?
Лабороториялық сабақ № 14
Лабороториялық сабақтың тақырыбы: Күрделігүлділер тұқымдасы.
Тілшегүлділер класс тармағының ерекшеліктері.
Трубакагүлділердің гүлінің құрылысы.
Мақсаты: Эукариоттық және прокариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.
Эукариоттық және прокариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін салыстыру.
Жұмысты орындау барысы:
Гүлді өсімдіктердің ең көп таралған тобы – күрделігүлді өсімдіктер. Қазақстанда күрделігүлділер тұқымдасының 700-ге жуық түрі өседі. Бұлар – негізінен алғанда шөптекті, сүтті шырыны болатын өсімдіктер. Олардың шала бұталы, бұталы, ағаштекті түрлері де кездеседі. Күрделігүлділер – көбінесе көпжылдық өсімдіктер. Кейде біржылдық түрлері де кездеседі. Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталған себетгүлден тұрады. Себетгүлдегі гүлдердің құрылысы әр түрлі. Пішіні, құрылысына байланысты себетгүлде тілше, түтікшелі, қосерінді, жалған тілшелі, шұқырақ тәрізді гүлдер орналасады. Міне сондықтан да бұл топқа жататын өсімдіктер күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады.
Күрделігүлділер әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Күнбағыс, мақсырдан өсімдік майы алынады. Ассүттіген, бөрігүл – көкөністік өсімдіктер. Дермене, түймедағы, бақбақ, итошаған, қырмызыгүл дәрілік шөп ретінде пайдаланылады. Жералмұрт (топинамбур) – малазықтық дақыл.
Қашқаргүл, бақытгүл, нарғызгүл (хризантема) – сәндік өсімдіктер. Күрделігүлділердің арамшөп түрінде өсетіндері де бар. Оларға ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікендер жатады.
Күрделі гүлділер тұқымдасы: 1 – дәрілік қырмызыгүл; 2 – дәрілік түймедағы; 3 – сәндік түймедағы,
Күрделігүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің ортақ белгілері. Бұлардың гүлдерінде тостағанша болмайды. Тостағаншасы кейде үлпекті айдарша тәрізді өзгеріп кетеді. Нағыз күрделігүлді өсімдіктердің себетгүлі – гүлшоғыры болады. Күлтесі 5 күлте жапырақшалардан құралады. Олардың төменгі бөлігі түтікше тәрізденіп бірігіп кеткен, жоғары бөлігінен бес тісше көрініп тұрады. Себетгүлдегі тілше гүлдерден 5 ұсақ тісшелері бар тақташалардың жазылып тұрғанын көреміз. Ал жалған тілшелігүлде 3 тісшелі жазылған тақташа болады. Күлтенің түтікшесіне бітісіп өскен 5 аталығы бар. Тозаңдығы да түтікшеге қосылады. Жатыны төмен орналасады. Аталық түтік арқылы аналық аузы қостелімді аналық мойны өтеді. Қазақстанда 1 ғана түрі кездесетін күрделігүлділер тұқымдасы өгейшөп, көпжылдық шөптекті өсімдік. Ерте көктемде көптеген шөптекті өсімдіктерден бұрын өгейшөп шығып, гүлдейді. Бір қызығы – өгейшөп жапырағын гүлдену соңынан жаяды. Оның биіктігі 10–25 см, сабағы – қабыршақты. Гүлсидамды сабақта бір ғана гүл болады. Қабыршақты сабақ өгейшөптің жерасты бөлігі – тамырсабақтан өсіп шығады. Торлы жүйкелі, бүйрек тәрізді ірі жапырақтары көзге бірден шалынады. Өгейшөп жапырағы тақтасының үстіңгі беті түксіз жылтыр – «салқындық» білдіреді. Жапырақтың астыңғы бетінде жұмсақ түктер өсіп, «жылылық» шырай білдіреді. Осы екі түрлі ерекшелігіне байланысты өсімдік «өгейшөп» аталған. Өсімдік себетгүлінің құрылысы да ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |