Биология кафедрасы



бет13/18
Дата23.02.2023
өлшемі11,43 Mb.
#169907
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Ботаника Лаборатория-1

Тапсырмалар:
1. Эукариот пен прокариот арасындағы айырмашылық.
2. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы
Бақылау сұрақтары:
1. Эукариот пен прокариоттың ұқсастықтары қандай?
2. Эукариот пен прокариоттың айырмашылығы неде?
3. Эукариоттық және прокариоттық жасушалардың құрылысы және
ерекшеліктері?
Лабороториялық сабақ № 10
Лабороториялық сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар.



  1. Саңырауқұлақтардың құрылымдық ерекшеліктері.

  2. Паразит саңырауқұлақтар.

  3. Тат саңырауқұлақтары. Зең саңырауқұлақтары.



Мақсаты: Эукариоттық және прокариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.
Эукариоттық және прокариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін салыстыру.
Жұмысты орындау барысы:
Саңырауқұлақтар (лат: fungi, жекеше түрі fungus) — зең, ашытқы, қозықұйрық сияқты эукариоттық ағзалардың бір тобы. Жануар қасиеттерін де, өсімдік қасиеттерін де қамтиды, сондықтан бөлек бір патшалық болып табылады.
Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым микология (ежелгі грекше mykes — саңырауқұлақ) деп аталады. Бұрын ол ботаниканың бір бөлігі болып саналатын, бірақ қазіргі деректер бойынша, саңырауқұлақ филогенетикалық жағынан өсімдіктен гөрі, жануарға жақын.
Паразит саңырауқұлақтар тірі ағзалардың денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенеді. Жазда әр түрлі өсімдік - тердің жапырақтарына, сабақтарына аппақ үн сеуіп тастаған сияқты болады. Оның күздік бидай, қарабидай, арпаның көбінесе сабақтарынан емен жапырақтарынан мақта тәрізді болып тұрғанын байқауға болады. Бұл - ақұнтақ саңырауқұлағының жіпшумақтары. Олар өсімдіктің жапырақ, сабағына жіпшелерін жіберіп, жасушаның ағзалық заттарымен қоректенеді. Жіпшумақта, арнайы жіпшелерде түзілген споралар сол өсіп тұрған жеріне түседі немесе басқа өсімдіктерді зақымдайды. Өсімдіктердің зақымдалған жапырақтары мен сабақтарының бетіндегі жіпшумақтың арасында көптеген қызғылт түсті, кейінірек қоңыр түсті жемісті денелер түзіледі. Оларды жаздың екінші жартысында немесе күзге қарай байқауға болады. Ішіндегі түзілген жыныс жасушалары (жасуша қабығы жоқ) қосылып, зигота түзеді. Әрбір зиготадан - қалта, оның ішінде 8 спора түзіледі де, жемісті денелердің ішінде қыстал шығады. Олар көктемде сүректі өсімдіктерді зақымдайды. Сондай-ақ астық түсімін 30%-ға кемітеді.
Егістікті аралап жүргенде бидай масағынан сәл иіліп келген қара түсті қастауышты көруге болады. Ол - паразит саңырауқұлақ. Бидай гүлдегенде масағындағы аналықтың аузына қастауыш споралары келіп түседі. Спора өніп, жіпше, жіпшумақ түзіліліп, шырынданып, аналық түйінін толтырады. Сол жерде споралар түзіледі. Шырынға қойған бунақденелілер спораларды таратады. Бидай піскенде барлық зақымдалған аналық түйіннің орнында қастауыш пайда болады. Оның іші тола жіпшумақ. Бұл - қастауыштың қыстал шығатын кезеңі. Қыстал шыққан қастауыш денесінде көктемде жемісті денелер жетіледі. Олардың ішінде жынысты көбею жүреді. Споралар өсімдіктерді зақымдайды.
Кейде қастауыш астықпен бірге орылып кетсе, одан дайындалған тамақтан адам уланады.
Тат саңырауқұлағы дәнді дақылдарды (бидай, арпа, күріш, сұлы), қамысты және басқа да өсімдіктерді зақымдайды. Жапырақ, сабағында ұзынша таттың түсіндей қызғылт-қоңыр томпайған дақ пайда болады. Күзге қарай ол дақтар қара қоңыр түске өзгереді. Бұл дақтарда споралар пайда болады. Ол тат саңырауқұлағының зақымдауға бейімделгендігін көрсетеді. Жауын-шашынды, ылғалы мол жыл мезгілінде тез дамиды. Тат саңырауқұлағымен зақымдалған астықтың дені майда әрі жеңіл болады. Жер бетінде бидай түсімі жылына 15%-ға төмендейді.
Астық дақылдарының, жабайы дәнді дақылдардың және басқа да өсімдіктердің кейде дәндерінің орнында, кейде сабағында үгітіліп тұрған қара тозаңдар көрінеді. Еғістікте өсіп тұрған жүгерінің әр жері (көбінесе собығы) үлкейіп, томпаяды. Егер оны - пайда болған ірі ісіктерді жарып жіберсе, айналаны қара тозаң басып кетеді. Бұл - қаракүйе саңырауқұлағының спорасы. Оның екі ядросы қосылып, жынысты көбейеді. Осы екі ядролы жасушадан пайда болған жіпшелер бидайдың, жүгерінің және басқа да өсімдіктердің өскінін зардаптайды. Бидайдың гүліндегі аналығының аузына споралар түсіп, кейін дәнін зақымдайды. Зақымдалған дәнді қайта сепкенде, одан ауру өскін пайда болады. Сыртынан қарағанда ауру өсімдік пен сау өсімдіктің айырмашылығы болмайды. Кейін масақтанған кезде ол қаракүйенің спорасы жетілетін орынға айналады. Олар қайтадан басқа өсімдіктердің гүліндегі аналығының аузына түсіп, зақымдайды.
Ағаштардың сабағында өсетін пішіні малдың тұяғына ұқсас саңырауқұлақ діңқұлақ деп аталады. Оның астыңғы бетінен жыл сайын жаңа спора түзетін қабат пайда болады. Бұрынғы қабаттары сүректеніп, өлі қабатқа айналады. Олардың споралары түтікшелердің ішін жауып тұрған жасушалардан түзіледі де, жел арқылы таралып, ағаштарды зақымдайды. Ағаш діңінің ішіне діңқұлақтың жіпшумағы өтіп, оның ағзалық заттарымен қоректенеді. Ағаш сүрегінің сапасын төмендетеді. Паразит саңырауқұлақтармен күресу кезінде улы химикаттар пайдаланылады. Саңырауқұлақтар зақымдамау үшін себер алдында тұқымды формалинмен өңдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет