Биология кафедрасы



бет18/18
Дата23.02.2023
өлшемі11,43 Mb.
#169907
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Ботаника Лаборатория-1

Бақылау сұрақтары:
1. Гүлді өсімдіктердің ең көп таралған тобы?
2. Күрделігүлділер түқымдасының сәндік өсімдіктері?
3. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдік?


Лабороториялық сабақ № 15
Лабороториялық сабақтың тақырыбы: Лалагүлділер тұқымдасы.



  1. Вегетативтік органдардың, гүлдің, жемістің құрылысы.

  2. Кең тараған өкілдері.

Мақсаты: Лалагүл тұқымдастарының құрылысының ерекшелігі,көбеюі жайында жан-жақты түсінік беру.
Лалагүл тұқымдастарының гүлі мен жемісінің құрылысы, тіршілік формалары, шаруашылықтағы маңызы.
Жұмысты орындау барысы:
Лалагүл тұқымдасы (лат. Liliaceae) — дара жарнақтылар класына жататын Лалагүлділер сабының көп жылдық түйнек жуашықты, кейде тамырсабақты шөптесін, бұташық өсімдіктер. Жер шарында лалагүлділер тұқымдасына 1300-ге жуық түрі өседі. Қазақстанда 57 түрі кездеседі. Лалагүлділердің шаруашылық, медициналық маңызы зор. "Лапыз, тамырдəрі, қырлышөп" дəрілік өсімдіктерге жатады. Сəндік өсімдіктерге: "секпілгүл, сүмбілшаш, қызғалдақ" ауламызда көздің жауын алады. "Шырыш" техникалық өсімдік болып саналады. Дəрілік өсімдіктердің көпшілігі улы өсімдіктер. Лалагүлдер әдетте Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулерінде өседі. Оларды Еуропада, АҚШ-та, Канаданың оңтүстігінде кездестіруге болады, олар сондай-ақ Жапония және Үндістанның оңтүстігіне дейін, бүкіл Азияда тарап, Азияның Филиппинмен қатар, барлық оңтүстік аймақтарында жиі кездеседі. Қазақстанда 21 туысы мен 196 түрі кездеседі. Лалалар тұқымдасы көпшілігі көп жылдық шөптесін, тамыр сабақты немесе пиязшықты. Жапырақтары ұзарған, ланцет тәрізді, параллель немесе доға жүйкелі, бүтін жиектінемесе тісше тәрізді тілімделген. Гүлдері қос жынысты, актиноморфты. Көпшілігінің гүл шоғыры күлтелі, үш мүшелі, екі шеңберден тұрады, дара жарнақты немесе кіріккен жапырақты. Аталығы алтау, екі шеңберде үштен, кейде одан да көп. Аналығы біреу, үш жеміс жапырақшасынан үш ұялы жоғарғы түйін жасайды, кейбіреуінде үшеу, көпшілігінде бір бағаналы (мойынды). Аздаған жартылай төмен түйін байқалады. Плацентасы орталық- бұрышты. Тұқым бүрі жазықтықта орналасқан. Тозаңдануы насекомдар арқылыжүреді. Жемісі - қорапша, кейде жидек. Тұқымы эндоспермді, құрамында белок, май, кейде крахмал болады. Ұрығы эндосперммен қоршалған.

Лалалар тұқымдасы 3500-4000 түрді біріктіреді, құрғақ облыстарда кездеседі. Көптеген лалалардың практикада маңызы зор.Қазақстанда көбірек кездесетін және маңызды туысы — көп жылдық шөптесін жуа (Allіum) өсімдігі. Жуаның 108 түрі далалық шөл, шөлейт жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы тұтас қынапты, сабағын орап тұрады. Гүлі майда, ақ, қызғылт сары, жасыл, т.б. түсті. Жемісі — үш қырлы қауашақ. Баданалары домалақ, кейде сопақша. Жуаның сирек кездесетін 9 түрі (мысылы, Піскем жуасы, түпті жуа, Сергей жуасы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Лалагүл тұқымдасы мал азықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер (лалагүл, қызғалдақ, қынжыгүл, т.б.) есебінде мәдени түрде өсіріліп келеді.


Тамыры - тамырсабақ, түйнекті пиязшық немесе пиязшық. Қандауыр немесе таспа пішінді жапырақтары болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Лалагүлділер тұқымдасының жалпы сипаттамасы?
2. Лалагүлділердің дәрілік түрлері?
3. Лалагүлділердің сәндік түрлері?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет