Бақылау сұрақтары:
1. Гүл бөліктерін атаңыз?
2. Гүл бөліктері қандай қызмет атқарады?
3. Гүл серігі және оның типтері?
4. Гүл түйінінің қызметі мен биологиялық маңызы неде?
5. Тозаңның құрылысы және қызметі?
6. Қосарынан ұрықтанудың мәні неде?
Лабороториялық сабақ № 8
Лабороториялық сабақтың тақырыбы: Гүл шоғырының құрылысы.
Жай гүл шоғырының түрлері.
Күрделі гүл шоғырының түрлері.
Мақсаты: Кеппешөптегі гүлшоғырларының құрылысы мен қасиеттерімен
танысу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:
Көрнекі морфологиялық гербарий.Гүл шоғырының әр түрлі типтерін қамтитын
бөлме өсімдіктері,инелер,лупа,екі түсті шыны тақта.
Жұмысты орындау барысы:
Гүлшоғыр (inflorescentia) – өсімдік өркенінде белгілі бір ретпен орналасатын ұсақ гүлдер жиынтығы. Гүлшоғырлар сабақтың ұшында дамиды. Гүлшоғыр негізгі сағағының бұтақтануына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Жай Гүлшоғырдың жанама сабақшалары бұтақтанбайды, оның ең ұшы гүлмен аяқталады. Бұған масақ гүл (жай масақ – жолжелкенде, сүйсінде), шашақ гүл (қарақатта, мойылда, мияда, інжугүлде), собық гүл (жүгеріде, каллада, аронниктерде), шоғырбас гүл (бедеде), себет гүл (күнбағыста, бақбақта, өгейшөпте), қалқанша гүл (алмада, алмұртта, доланада), шатырша гүл (жай шатыр – наурызгүлде, т.б.) жатады (1 сурет).
Күрделі Гүлшоғыр – жай Гүлшоғырдың бірнеше қайтара бұтақтануынан пайда болады. Бұған күрделі шашақ гүл немесе сыпыртқы гүл (жүзімде, гүлшетенде, тарыда, күріште), күрделі масақ гүл (бидайда, қара бидайда, сырға гүл (қайыңда, теректе, талда, көктеректе), күрделі шатырша гүл (сәбізде, аскөкте, балдырғанда, күрделі қалқанша (ұшқатта, шәңкіште, т.б.) жатады. Гүлшоғырдың орт. негізгі сабағынан (гүлсидамынан) тарамдалған жанама сабақшаларына қарай: монохазий немесе бір сәулелі Гүлшоғыр (сарғалдақта, гладиолуста, т.б.), дихазий немесе қос сәулелі Гүлшоғыр (қалампырда, шерменгүлде, т.б.), плейохазий немесе көп сәулелі Гүлшоғыр (сүттігенде, гортензияда, т.б.) деп бөледі. Жеке гүлге қарағанда Гүлшоғыр күрделі, көлемді болғандықтан желмен айқас тозаңданады, ашық түстілері жәндіктерге алыстан байқалады. Гүлшоғырдағы гүл саны бірнешеден ондаған мыңға дейін (пальма, агава), ал биікт. 2 – 3 мм-ден 14 м-ге дейін жетеді.
1 сурет шашақ гүл собық гүл
Достарыңызбен бөлісу: |