2 - с у р е т. Жай жапырақ пішіндері:
1- ине (қылқан) жапырақ; 2 - таспа жапырақ; 3 - сопақша жапырақ; 4 - қаңдауыр жапырақ: 5 - сопақ жапырақ; 6 - дөңгелек жапырақ; 7 - жұмыртқа тәрізді жапырақ; 8 - теріс жұмыртқа тәрізді жапырак; 9 – ромб тәрізді жапырақ; 10 – қалақ жапырақ; 11 - жүрек тәрізді жапырақ; 12 – бүйрек тәрізді жапырақ; 13 - стрелка тәрізді жапырақ; 14 - жебе тәрізді жапырақ; 15 - қалқан тәрізді жапырақ.
Жапырақ тақтасы жиегінің ерекшелігіне байланысты жапырақтар бүтін жиекті және бүтін деп бөлінеді. Бүтін жиекті жапырақтардың тақта жиегінде ешбір кедір-бұдырлары және тіліктері жоқ (серігүл, терек, қараған, жүгері және т.б.). Бүтін жапырақ тақтасының жиегінде азды-көпті кедір-бұдырлар бар, олардың пішіндері: үшкір тісті, ара тісті, жұмыр тісті (дөңес), ойыс жиекті және т.б. болын келеді. Үшкір тісті жапырақ тақтасының жиегіндегі тісшелерінің ұшы үшкір, әрбір тісше негізгі жүйкеге біршама перпендикуляр өседі. Жиегі ара тісті жапырақ тақтасындағы тісшелердің ұшы үшкір, тіс-тісшелердің сыртқы қабырғасы ұзындау. Сондықтан тісшелер орталық жүйкеге біршама параллель өседі. Жұмыр тісті немесе дөңес жиекті жапырақ тақтасындағы тісшелердің сырт жағы дөңес, түп жағы үшкір болып аяқталады. Ойыс жиекті жапырақ тақтасының пішіні керісінше, тісшелердің ұшы үшкір де, түп жағы ойыс.
Жапырақтар - жапырақ тақтасының ұшының пішініне қарай: доғал, үшкір, сүйір, ойыс, ал жапырақ тақтасының негізіне қарай: сына тәрізді, дөңгелек (жұмыр), жүрек тәрізді, бүйрек тәрізді, жебе тәрізді және т.б. болып келеді.
Тақтасының жиегіндегі тіліктердің аумағына қарай жапырақтарды телімді, тілімді, және бөлімді деп жүйелейді (3-сурет).
Телімді жапырақтарда - жапырақ тақтасының жиегіндегі тілімдерінің түп жағы, оның негізгі жүйкеге дейінгі 1/2 бөлігіне немесе тұтас тақта енінің 1/4 бөлігіне жетеді, тілімді жапырақтарда - жапырақ тақтасының жиегіндегі тіліктерінің түп жағы оның негізгі жүйкесіне дейінгі 1/2 бөлігінен асып кетеді, бөлімді жапырақтарда - жапырақ тақтасының жиегіндегі тілімдеу аумағы оның негізгі жүйкесіне дейін жетіп, тақта жеке бөліктерге бөлінеді. Жиегінің тілімделу бөліктерінің саны мен пішініне қарай жапырақтар: үш құлақ телімді, саусақ салалы телімді, қауырсын телімді, үш құлақ тілімді, саусақ салалы тілімді, қауырсын тілімді, үш құлақ бөлімді, саусақ салалы бөлімді, қауырсын бөлімді деп жүйеленеді. Қауырсын бөлімді жапырақта ірі жапырақтар майдаларымен кезектесіп орналасса, мұны үзілмелі қауырсын бөлімді жапырақ деп атайды (қартоп). Қауырсын бөлімді жапырақтың жоғарғы бөлігі (сегменті) бүйір жағындағылардан едәуір ірі болса, оны лира тәрізді жапырақ дейді (шомыр, қыша). Егер жапырақ тақтасы ұзынша, ал бөліктерінің пішіні үш бұрыштанып келсе, мұны сүргі тәрізді жапырақ деп атайды (мысалы, бақбақ).
Күрделі жапырақтар рахисте жапырақшаларының орналасуына қарай үш құлақ, саусақ салалы, қауырсын күрделі жапырақтар болып жүйеленеді. Қауырсын күрделі жапырақтың өзі тақ қауырсын, жұп қауырсын күрделі деп, одан әрі күрделілену нәтижесінде екі рет жұп, тақ қауырсынды, үш рет жұп, тақ қауырсынды күрделі жапырақтар деп жіктеледі.
Тапсырмалар: 1.Вегетативтік мүше ретінде жапыраққа сипаттама беру.
2.Жапырақтың морфологиялық құрылысы
3. Сабақ және тамыр бой конустарының суреттерін салып, тиісті белгілерін
жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |