Биология кафедрасы



бет5/18
Дата23.02.2023
өлшемі11,43 Mb.
#169907
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Ботаника Лаборатория-1

Тапсырмалар:
1.Традесканция жапырағының, элодея өсімдігінің не кез-келген бөлме өсімдіктері жапырақтарының өңінен уақытша препарат дайындап, микроскоп көмегімен цитоплазмада орналасқан хлоропласт және лейкопласт жасушаларын тауып, суреттерін салу '
2.Спирогираның түрақты препаратынан хромотофордың пішінін, реңін бақылап, суретін салу.
3.Жас немесе формалин ерітіндісінде нықтандырылған итмұрын, қызыл бұрыш,
долананың піскен жемістерінің жұмсақ бөліктерінен уақытша препараттар дайындап, хромопластарды көріп, суретін салу.
4.Жарықта тұрған картоп түйнегінен лейкопластың хлоропласқа айналуын бақылау.


Бақылау сұрақтары

  1. Пластидтер өсімдіктің қандай мүшелерінде кездеседі?

  2. Пластидтердің қандай түрлері бар?

  3. Хлоропласт, кездесетін орны, қызметі.

  4. Хромопласт, кездесетін орны, хлоропластан айырмашылығы.

  5. Лейкопласт, ол қалай ажыратылады?

6.Пластидтердің маңызы неде?


Лабороториялық сабақ № 3


Лабороториялық жұмыстың тақырыбы: Жабындық ұлпалар.

Жұмыстың мақсаты: Өсімдіктердін өсу төбесінің құрылысы мен түзуші ұлпа клеткаларының және жабындық ұлпа құрамдарының құрылыстық ерекшеліктерімен танысу. Бірінші және екінші жабындық ұлпалар.
Эпидермистің қорғаушы қасиеттерін арттыратын құрамдары, лептесіктері және жасымықшаны белгілейді.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Герань жапырағының және элодея өсімдігінің өсу төбесінің тұрақты препараттары, жиде, аю құлақ өсімдіктерінің құрғақ жапырақтары элодея өсімдігі.
Жұмысты орындау барысы:
1. Жабындық ұлпа. Жабын ұлпа өсімдңктің барлық мүшелерінің сыртын қаптап жауып тұратын жасушалар жиынтығы. Негізі қызметі: өсімдіктің ішкі жағындағы су, газ жылуды тұрақты етумен қатар, сыртқы қоршаған ортаның қолайсыз жадайларынан, зиянды жәндіктер мен микроағзалардаң зақымдануынан қорғау. Тамырдың сору бөлігінде жабын ұлпа тамырға су мен онда еріген заттардың жеткізілуін қамтамасыз етеді. Жабын ұлпа – алғашқы (бастапқы) және соңғы деп 2-ге бөлінедеі. Алғашқы жабын ұлпаға жер үсті мүшелерін қаптап тұратын өң (эпидермис) және тамыр сыртын қаптап тұратын өң (эпиблема) жатса, соңғы жабын ұлпаға тоз бен қыртыс жатады. Өң (эпидермис) тұқым ұрығы жетіле бастағанда ақ түзуші ұлпадан дамиды. Өсімдіктің барлық жас мүшелерінің сыртын қаптап, көбәне бір қабат жасушалардан (өте сирек жаңдайда екі немесе көп қабатты болады) құралады. Жасуша пішіндері әр түрлі, мөлдір, бір -бірімен өте тығыз жанасқан, ал қабықшалары түзу тегіс, ирек-ирек (қысымды бір қалыпты сақтап берік қасиет береді) болады. Цитоплазмасы қабықшаны астарлай созылып жатады. Ядросының айналасында лейкопластар, жасушасының дәл ортасында үнемі вакуольі болғандықтан эпидермис тұссіз, мөлдір болып көрінеді. Кейбір су өсімдіктері мен папротниктердің өңінде майда хлорофиль дәндері болғандықтан жасыл, ал қызыл қауданды орам жапырақтың өңі жасуша шырынында болатын пигментке байланысты күлгін түсті болады. Эпидерманың негізгі клеткаларының пішіні, көлемі әр түрлі. Мысалы, сабақтың, таспа тәрізді жапырақтың, сағақтың эпидерма клеткаларының пішіні сопақ, ал өсу барысында ұзындығы мен көлденеңі бір қалыпты жүретін мүшелерде изодиаметрлі. Эпидерма – тірі ұлпа. Ол цитоплазмада клетка қабырғаларын астарлай орналасады. Онда тірі клеткаларға тән клетканың протопласт бөлімінің барлық компоненттері: лейкопласт, сирек жағдайда хлоропласт кездеседі. Хлоропласт көлеңкеде және суда тіршілік ететін өсімдіктер эпидермасына тән. Бұған папоротник және алабота тұқымдастарының кейбір өкілдері жатады. Эпидерма клеткалары лейкопластан басқа түсті платидтердің болмауынан (түсінің мөлдір жылтырлығынан) өзінен төмен орналасқан фотосинтез процесі өтетін паренхималарға жарықты мол өткізеді. Шөл, щөлейт тау өсімдіктерінде мөдір, жылтыр түскен кун сәулесі шағылысып жапырақты және сабақты қызып кетуден сақтайды, булануды азайтады. Эпидерма клеткаларының шырыны көпшілік жағдайда түссіз келеді, кейде гүлдерде, жемістерде, сабақтарда антоцианмен жеке антохлормен боялады.Эпидерма клетка қабырғаларының қалыңдығы бәрінде бірдей емес. Сыртқы ортамен жанасып жатқан жерлері қалыңдау келеді де тұтас кутикула қабатымен жабылады.
Эпиблема немесе ризодерма.
Ол – тамырдың дермотеген қабатынан пайда болатын, сору қызметін атқаратын жабын ұлпа. Ол біржылдық және көпжылдық өсімдіктердің жас тамырларының сыртын жауып тұрады. Мұнда устьице аппараты, кутикуласы және балауызы болмайды. Устьице эпифиттердің ауа тамырларында болады. Ризодермадан түктер өсіп шығады. Ол түктің эпидерма клеткаларының түктерінен айырмашылығы, клетка қабырғалары арқылы бөлінбей, ризодерма өскіншелері арқылы бөлінеді. Ризодерманың түк өсіп шығатын клеткаларын трихобластар деп атайды. Суда немесе ылғал өсетін өсімдіктерде түктер болмайды немесе нашар жетілген.Тамыр түгі өсімдіктердің басым көпшілігінде болады: астық тұқымдастарында оның ұзындығы 1-2 мм, қияқтарда 8 ммге дейін жетеді.
Тамыр түгінің қызметі – өсімдіктің өсіп тұрған ортасынан су және суда еріген минералдық тұздарды сорып, тамырдың заттарды реттеуші ұлпаларына қарай жылжыту. Сондықтан эпиблема физиологиялық тұрғысынан қабылдаушы ұлпаларға жатады. оз – көпжылдық өсімдіктерде болады. Жасушалары алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, түсі қоңырлау өлі жасушаларға айналады.
Қыртыс – ең соңында түзілетін қабат. Ағаш діңінде, бұтақтары мен тамырында жаңа қабаттар пайда болып қыртыс түзіледі. Ол жыл сайын тоздың пайда болған жаңа қабаттарынан қалыңдай береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет