Биология кафедрасы



бет4/18
Дата23.02.2023
өлшемі11,43 Mb.
#169907
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Ботаника Лаборатория-1

Бақылау сұрақтары:
1. Микроскоп қандай құрал, оның көрсету мүмкіндігі қандай?
2. Микроскоп қандай бөліктерден тұрады?
3. Микроскоптың оптикалық бөлігінің құрылысы мен қызметін түсіндіріңіз?
4. Механикалық бөлігінің құрамы мен қызметін атаңыз?
5. Микроскопты жұмысқа қосу үшін қандай дайындық жұмыстарын атқару қажет?
6. Препараттағы объектіні кіші объективпен қарауды қалай жүзеге асырасыз?
7. Кіші объективті препаратты үлкен объективпен қарау үшін оны қалай ауыстыруға болады?
8. Макрометрлік бұранданы қай уақытта, қандай тәртіппен пайдалану қажет?
9. Зат үстелшесінің жиегіндегі бұрандалар не үшін керек?
10. Жұмыс аяқталғаннан кейін микроскопты қандай қалыпта қою қажет?
11. Уақытша препараттың тұрақты препараттан айырмашылығы қандай?
12. Жабын және зат әйнектері және т.б. микроскоппен жұмыс жасауға қажетті жабдықтардың әрқайсысы не үшін керек?
Лабороториялық сабақ №2


Лабороториялық жұмыстың тақырыбы: Пластидтер
Жұмыстың мақсаты: Пластидтердің түрлері - хлоропласт, хромопласт, лейкопласттардың құрылысымен, ерекшеліктері және маңызымен танысу.


Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Традесканция жапырағы, спирогираның тұрақты препараты (хромотофорлар, хлоропласт, лейкопласт), жас немесе 2-35%-тік формалин ерітіндісінде нықтандырылған итмұрын, қызыл бұрыш, алқызыл долананың піскен жемістері, картоп түйнегі.
Жұмысты орындау барысы:
Сужапырақ жапырағындағы хлоропластар және алғашқы крахмал. Сужапырақ – ағынсыз суда, баяу ағатын тұщы сулы суаттарда таралған су өсімдігі. Сужапырақ бөлме жағдайында аквариумда жақсы өседі. Сондықтан жыл бойы сабаққа қажет уақытта пайдалануға ыңғайлы. Сужапырақ жапырағы орталық бөлінінде екі қатар, жиегінде бір қатар клеткалардан тұрады. Жас өркеннің ұшынан 1-2 см. төмен орналасқан онша үлкен емес жапырақтың біреуін пинцетпен жұлып алып, зат әйнегіндегі бір тамшы суға саламыз. Үстіңгі беті жоғары қараған жапырақ тақтасы суға толық батырылуы керек. Енді жабын әйнекті ауа қалмайтындай етіп жауып, дайындалған уақытша препаратты әуелі микроскоптың кіші объективімен қараймыз. Сонда жапырақтың жалпы пішіні, оның орталық жүйесіндегі ұзына бойы орналасқан бірнеше қатар мөлдір клеткалары және қара жолақтар түзіп орналасқан, іші ауаға толы клеткааралықтары анық көрінеді. Ауа көпшіліктері клетка құрамын көруге кедергі жасайды, сондықтан препаратты үлкен объективпен қарау алдында жапырақ негізіне таяу орталық жүйкеге жақын жатқан мөлдір клеткаларды таңдап аламыз. Микроскоптың үлкен объективімен қараған кезде цитоплазмаға батырып, ретсіз орналасқан, реңі жасыл, пішіні линза тәрізді хлорофилл дәндерін көреміз.
Осы препараттан хлорофилл пәндерінде жинақталған алғашқы ассимиляциялық крахмалды көруге болады. Крахмал дәндері өңдеусіз, тірі хлоропластардан жақсы көрінеді. Нақтырақ көру үшін Люголь реактивімен әсер етеміз. Ол үшін зат үстеліндегі препараттың жабын әйнегінің оң жағына шыны таяқшамен реактивті тамызып, сол жағына сорғыш қағаздарды тақап орналастырамыз. Сонда сорғыш қағаз препараттағы суды бойына сіңіріп алып, судың орнын реактив басады. Реактив клеткаларға еніп, оларды өлтіреді. Клетканың құрамындағы цитоплазма, пластидтер сары түске, ал хлоропластағы крахмал дәндері қара көк түске боялады. Тірі клеткаларда жарық сындыру көрсеткіші цитоплазмамен сәйкес келетіндіктен, ядро байқалмайды, ол өлі клеткаларда сары түске боялып анық көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет