Биология кафедрасы



бет6/18
Дата23.02.2023
өлшемі11,43 Mb.
#169907
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Ботаника Лаборатория-1

Бақылау сұрақтары:
1. Ұлпа дегеніміз не?
2.Жабындық ұлпаға жалпы сипаттама ?
3.Түзуші ұлпа немесе меристема жалпы сипаттама?
4.Түктер қалай орналасады, атқаратын қызметі ?
5.Кез-келген клеткалардың жиынтығын ұлпа деуге бола ма?
Лабороториялық сабақ № 4


Лабороториялық жұмыстың тақырыбы: Тамырдың құрылысы.

  1. Тамырдың морфологиялық құрылысы.

  2. Дара және қос жарнақты өсімдіктердің тамыр жүйелерінің құрылысы.


Жұмыстың мақсаты: Пияздың етті қабыршағынан уақытша препарат дайындап, клетка қабықшасы және клетканың жалпы құрылысымен танысу. Сонымен қатар, цитоплазма қозғалысымен қоса плазмолиздің, деплазмолиздің жүруін бақылау, паренхималық және прозенхималық клеткалардың түрлерін танып білу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Кәдімгі үрмебұршақ, кәдімгі асқабақ, жүгері, кәдімгі арпа немесе мәдени қара бидайдың әр түрлі мерзімде өсірілген өскіндері. Тамыр ұшының тұрақты препараты, микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.
Жұмысты орындау барысы:
Тамыр (лат. radix) — Тұқымды және жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің (мүктен басқасы) топыраққа бекіп, одан су, қоректік зат сіңірген, оларды бірқатар бастапқы өзгеріске түсіретін, зат алмасуда пайда болған кейбір заттарды бөліп шығаратын негізгі вегетативті орган.

Кейбір өсімдіктерде Тамырда қоректік зат жиналады, атпа тамырлы өсімдіктер Тамырымен вегетативті көбейеді. Гүлді өсімдіктердің Тамыры тұқымның қрығынан басталады және бұны алғашқы тамыр деп атайды. Тамыр бой конусындағы өсу нүктесі жасушалары бөлінуі нәтижесінде ұшынан өседі. Тамырдың 3 түрі болады:


Негізгі тамыр - Тамырдың ұрықтан өсіп шыққан түрі. Өсімдік сабағы мен бұл Тамыр аралығындағы жер тамыр мойны (сабақтың топыраққа кіре берген жеріндегі жіңішкелеу жері). Негізгі тамыр тұқымының ұрық тамыршасынан дамиды.Ол төмен қарай бағытталып,топыраққа тереңдей береді.Негізгі тамырдың жан-жағынан жанама тамырлар таралады.Топырақтан өоректік заттарды соруға қатысады.


жіп тәрізді (мысалы, зығыр),
шашақ тәрізді (көбінесе астық тұқымдас өсімдіктерде),
білеу түрі (бұршақ тұқымдас өсімдіктерде) кездеседі.
Жанама тамыр - негізгі тамырдан тарайды.
Қосалқы тамыр - құрылысы күрделі өсімдіктердің жапырақтары мен перицикл қабатынан өсіп шығады. Қосалқы тамыр дара жарнақты және көп жылдық қос жарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының түп жағынан және тұқым жарнағының астыңғы қылтасынан дамиды. Пияздың түбіртегі, орамажапырақтың көсеу сабағы сияқты түрі өзгерген, сабақтардан да қосалқы сабақ өседі. Қосалқы тамыр Тамыр жүйесін ұлғайтады, негізгі және жанама тамыр жоқ жағдайда олардың қызметін атқарады, бұның кесіндісімен өсімдікті вегетативті көбейтуге болады.
Тамырдың сирек кездесетін түрлері де болады. Мысалы, ассимиляциялаушы тамыр, аспа тамыр, атпа тамыр, баған тамыр, балдақ тамыр, жемдік тамыр, емізік тамыр, тыныс тамыр, ілмек тамыр, түйнекшелі тамыр. амыр ұзындығына, атқаратын қызметіне байланысты келесі аймақтарға бөлінеді: тамыр оймақшасы, бөліну аймағы, созылу (өсу) аймағы, сору аймағы, өткізгіш аймағы деп бөлінеді.
Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады. Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабатындағы жасушалары топырақтағы кедергілерге үйкеліп, зақымданып түлеп түседі. Оның орнына жаңа жасушалар түзіліп ұдайы жаңарып отырады. Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі. Ол зат тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды жарақаттанудан қорғайды. Тамырдың топырақтағы қозғалысын жеңілдетеді.Тамыр оймақшасы тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап қорғап тұрады.
Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортанғы, ішкі болып үш қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабатындағы жасушалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортанғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабаттан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болады.
Созылу (өсу) бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде түзіледі.
Сору бөлімі өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлік. Тамы түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады. Ол алғаш жай өсінде түрінде 1-3 күнде бұртиып шығады. Қабықшасы тез созылып, түк ұшынан ұзарып өсе бастайды. 10-20 күннен соң қурап түсіп, орныны жаңа түктер шығып, жаңарып отырады. Тамыр түтіктерінің ұзындығы әр түрлі. Әр бір түк - жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы жане вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды сорады. Жас тамырға тірек қызметін атқарады.
Су мен онда еріген қоректі заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды,жанама тамырлар дамиды.
Кез келген өсімдіктің барлық тамырлары бір-бірімен байланысты және олар тамыр жүйесін құрайды. Тамыр жүйесінің құрамына құрылысы әр түрлі тамырлар-негізгі, жанама және қосалқы тамырлар кіреді.
Негізгі тамыр ұрықтан өсіп шығады. Негізгі тамырдан жанама тамырлар таралады. Олар көбінесе сору аймағында пайда болады.
Қосалқы тамырлар өсімдіктің әр түрлі мүшелерінен өсіп шығады. Олар тамыр жүйесінің жаңаруынан немесе зақымдалудан, кесілуден кейін пайда болады. Қосалқы тамырлар тамыр жүйесінің топыраққа жанасу бетін ұлғайтады.
Өсімдіктің негізгі тамырлары әр түрлі болады. Мысалы, зығырдың негізгі тамырының ұшы аздап тармақталған және өзі жіңішке жіп тәрізді. Оның өте жақсы дамыған негізгі тамырынан ұсақ жанама тамырлар, ал жанама тамырлардың өзінен ұсақ тамырлар өседі. Ол тамырлар жіп тәрізді тамырлар деп аталады.
Астық тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесі жиналыңқы келеді, олар шашақ тамыр деп аталады. Шашақ тамырда негізгі тамыр байқалмайды. Сабақтан тармақталған қосалқы тамырдың қалың шоғы өседі. Пияз, сарымсақ, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тарыда шашақ , тамыр жүйесі болады.
Негізгі тамыры өте жақсы жетілген өсімдіктердің тамыры білеу немесе кіндік тамыр деп аталады. Оларда негізгі тамыр өзінен шыққан жанама тамырмен салыстырғанда жуан және ұзын болып келеді, көзге бірден байқалады. Үрмебұршақ, асбұршақ, сәбіз, бақбақ,қауын, күнбағыс, т.б. тамырлары кіндік тамырға жатады. Кейбір өсімдіктердің негізгі тамыр жасушаларына қоректік заттар жиналады. Сондықтан олар жуандап пішіні тамырға ұқсамай қалады.
Тамыр жүйесіндегі тамырлардың көптігінен ол өте ұзын болады. Мысалы: жантақ тамырының ұзындығы 25-30м, ал тіқурайдікі шамамен 6м. Кез келген өсімдік тамырының жалпы аумағы оның жер үсті мүшелерінен әлдеқайда артық болады.
Гүлді немесе жабықтұқымды өсімдіктердің бөлімдері даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер болып екі класқа бөлінеді. Осы екі класқа жататын өсімдіктердің айқын айырмашылығы бар. Оларды нақты қарастырайық.

Тұқымның құрылысы тұқымжарнағы арқылы ажыратылады (26-сурет). Даражарнақты өсімдіктердің тұқымында тек бір тұқымжар- нағы болады. Сәйкесінше, қосжарнақты өсімдіктердің тұқымында екі тұқымжарнағы бар. Әрине, ұсақ тұқымдардың тұқымжарнағының санын ажырату қиын, бірақ қосжарнақтылардың ірі тұқымдары екі жарты бөлікке – тұқымжарнағына оңай бөлінеді. Оларға: бұршақ, үрмебұршақ, жержаңғақ, грек жаңғағы, орман жаңғағы, пісте; асқабақ, қарбыз және т.б. тұқымдар жатады. Осы өсімдіктердің барлығы қосжарнақты өсімдіктерге жатады.



Даражарнақтылар класына күріш, жүгері, арпа, сұлы, бидай, қарабидай және т.б. дәнді дақылдар жатады. Олардың тұқымдары екі тұқымжарнағына бөлінбейді. Бұл класқа дәнді дақылдардан басқа лалагүлділер тұқымдасының өсімдіктері де жатады: лалагүл, қызғалдақ, інжугүл, бәйшешек, құртқашаш, пияз, сарымсақ, қасқыржем және т.б. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің тамыр жүйесі де әртүрлі типті (27 — сурет). Қосжарнақты ­өсімдіктердің тамыр жүйесі — кіндік тамыр. Олардың негізгі тамыры айқын байқалады. Ал даражарнақтылар­ – ­шашақ тамыр жүйесіне ие және негізгі тамырын ажырату мүмкін емес.



Даражарнақты өсімдіктер жапырақтарының жүйкеленуі мен типтері – параллель­ немесе­ доғатәрізді­ (28 — сурет, 1). Қосжарнақты өсімдіктер жапырақтарының жүйкеленуі торлы- қауырсынтәрізді не саусақтәрізді. Торлы — қауырсынтәрізді жүйкелену кезінде жүйкелер құс қауырсынына ұқсас кескін түзеді. Оған емен, алма, жөке, қайың, қараағаш, үйеңкі, түймедақ жапырақтары мысал бола алады. Егер үш немесе одан да көп ірі жүйкелер алақан мен саусақтары сияқты орталықтан жан-жаққа таралса, торлы-саусақтәрізді­деп аталады. Канада үйеңкісінің, бегония, қазтабан, майсана, жүзімнің жапырақтары осылай орналасқан.

Даражарнақтылардың жапырақтары ешқашан күрделі болмайды. Яғни бір жапырақ әрқашан тек бір жапырақ тақтасынан тұрады. Мысалы, інжугүл, қызғалдақтың жалпақ жапырақтарын немесе жүгері, бидай, пияз, сарымсақ, қамыстың жіңішке жапырақтарын айтуға болады.


Қосжарнақтылардың жапырақтары жай және күрделі болып бөлінеді (28-сурет, 2). Қайың, бөртегүл, алманың жапырағы жай, ал бұршақ, акацияның жапырағы қауырсын-күрделі; талшынның жапырағы күрделі-саусақты, беде не құлпынайдың жапырақтары үшқұлақ-күрделі.


Гүлдің құрылысы да тостаған жапырақшалары мен күлте жапырақшаларының санымен ерекшеленеді. Даражарнақтыларда тостаған жапы- рақшалары болмайды, тек күлте жапырақшалары болады. Мысалы, қызғалдақ немесе інжугүл, орхидея гүлдері. Әдемі, ашық немесе ақ түсті гүлдердің төмен жағынан көмкеретін жасыл тостаған жапырақшалары жоқ. Қосжарнақтыларда керісінше күлте жапырақшалары да, тостаған жапырақшалары да бар. Раушангүл, қалампыр, шырайгүлдің әдемі күлте жапырақшаларын төменгі жағынан жасыл­тостаған­жапырақшалары орап тұрады. Сондықтан даражарнақтыларда гүлсерігі жай (қарапайым), ал қосжарнақтыларда қосарлы деп аталады (28-сурет, 3).


Гүл бөліктерінде де айырмашылық болады. Даражарнақтыларда күлте жапырақшаларының саны екі не үш еселі. Мысалы, қызғалдақ, інжугүл, пияз гүлдерінің 6 күлте жапырақшасы, 6 аталығы және үш қалақты аналығы болады. Ал астық тұқымдастардың гүлдерінің екіден гүл қабыршағы, үш не алты аталығы мен екі қалақты аналығы болады.



Тапсырмалар:


Тамыр және тамыр жүйелері типтерінің суреттерін салып тиісті белгілерін жазу.
Жас тамыр ұшының суретін салып, тамыр аймақтарын белгілеу.
Тамырдың типтері мен тамыр жүйелеріне жеке – жеке тоқталып, түсінік беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет