Биология кафедрасы



бет8/18
Дата23.02.2023
өлшемі11,43 Mb.
#169907
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
Ботаника Лаборатория-1

Бақылау сұрақтары:

  1. Сабақ өсімдік тіршілігінде қандай қызмет атқарады?

  2. Кеңістікте орналасуына қарай сабақ қандай топтарға бөлінеді?

  3. Сүректі өсімдіктердің сабақтары сыртқы құрылысына қарай қандай топтарға бөлінеді?

  4. Даражарнақты өсімдік бидай сабағы мен жүгері сабағының анатомиялық құрылысында қандай айырмашылықтар бар?

  5. Даражұрнақты өсімдіктердің сабағының анатомиялық құрылысы қандай?

  6. Қосжарнақты шөптесін өсімдіктердің сабағының қандай бөлігінен алғашқы және соңғы құрылыстарды көруге болады?

  7. Сабақта қандай флоэма және ксилема элементтері кездеседі?



Лабороториялық сабақ № 6
Лабороториялық сабақтың тақырыбы: Жапырақтың морфологиялық
құрылсы

  1. Жапырақ тақтасының морфологиялық құрылысы.

  2. Жай және күрделі жапырақтар.



Мақсаты: Студенттерге жапырақтың негізгі бөлімдерімен, пішіндерімен, жүйкелену түрлерімен, орналасу тәртібімен, жіктелуімен танысу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:
Түрлі өсімдіктердің жапырақтарының кеппешөп даналары, бөлме өсімдіктері.
Жұмысты орындау барысы:
Жапырақтың мөлшері (көлемі) қатты өзгеріп отырады. Көп жағдайда тіптен бір өсмідіктің өзінде мөлшері жағынан әртүрлі жапырақтар кездеседі.Біздің флорада бірқатар түрлердің жапырақтарының ұзындығы 1-1,5 мм-ден аспайтын, өте ұсақ болып келеді. Тропикалық және субтропикалық зоналардың өсімдіктерінің жапырақтарының ұзындығы 20-22 м. Дейін жетеді (пальмалар).
Жапырақтың формациясы, әртүрлі жапырақтылық (гетерофилия). Әдетте бір өркенде мөлшері, формасы, түсі жағынан әртүрлі болып келетін жапырақтар пайда болады.
Жапырақтың үш түрлі формациясы болады: төменгі, ортаңғы және жоғарғы. Жапырақтың төменгі формациясы әдетте арнаулы қызмет атқаруына байланысты (қорғаныштық, қор жинайтын) жетілмеген немесе түр өзгерген болып. Оларға тұқым жарнақтары, бүршіктердің қабықшалары, тамыр сабақтың, кейде жер беті сабағының редукцияға ұшыраған жапырақтары жатады. Жапырақтың ортаңғы формациясы өсімдіктердің жапырақтарының негізгі массасын түзеді. Бұл осы түрге тән жапырақтар және осыған дейінгі формациясының жапырақтарынан айырмашылығы сол, оларда хлорофилл дәндері болады. Жоғарғы формацияның жапырақтары гүл беретін өркендерде (гүл шоғырында) орналасады. Бұлар жабындық жапырақтар, орама жапырақтар және т.б. Олардың барлығы, әдетте нашар жетілген, сағақтары болмайды, боялған немесе түссіз болып келеді.
Жапырақтың негізгі бөліктері жапырақ, жапырақ тақтасы (алақаны), сағақ, бөбешік жапырақтар, қынап, тілше және т.б. бөліктерден тұрады (1-сурет). Бұл аталған бөліктер барлық өсімдіктердің жапырағында бірдей кездесе бермейді.
Жапырақтың негізгі бөлігі - оның тақтасы. Бұл бөліктің пішіні атына сәйкес тұқымды өсімдіктердің басым көпшілігінде тақта тәрізді болып келеді және жапыраққа тән қызметтер негізінен осында жүреді. Атқаратын қызметіне сәйкес жапырақ тақтасының пішіні, мөлшері алуан түрлі болады.
Сағақ - жапырақ тақтасы мен оның негізін қосып тұратын бөлігі. Жапырақ негізі дегеніміз - жапырақ тақтасының сабаққа бекінетін төменгі бөлімі. Сағақ жапырақтың сабақта күннің түсу бағытына қарай орналасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сағақтың өткізгіш шоқтары арқылы су және онда еріген минералдық заттар сабақтан жапырақ тақтасына өтіп, онда фо­тосинтез жүреді. Нәтижесінде пайда болған органикалық қосылыстар сабаққа қарай жылжиды. Сағағы жоқ жапырақтар сағақсыз немесе қондырмалы жапырак деп аталады.
Жапырақ қынабы - жапырақ тақтасының сабақты түтік тәрізді қоршап орналасқан төменгі бөлігі. Қынап жапырақты сабақпен байланыстырып қана қоймай, таяныш қызметін де атқарады және төбе бүршігін, буын аралығының қыстырма ме­ристемасы орналасқан төменгі белігін ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Егер қынаптың реңі жасыл түсті болса, онда ол фотосинтезге қатынасады деген сөз. Реңі мөлдір, ұлпек немесе қоңыр тері тәрізді (қияқөлеңдерде) қынаптар да бар. Қынапты жапырақ негізінен астық тұқымдастарға тән. Жапырақ негізінің пішіні әр түрлі. Кейде ол айтарлықтай байқалмайды немесе шамалы ұлғайып, қалыңдап кетеді, мұны жа­пырақ жастықшасы деп атайды. Мысалы, саумалдықта осындай. Кейбір өсімдіктерде (шатыршагүлділерде) жапырағының негізі немесе сағағы ұзына бойы не көлденең өсіп ұлғаяды да қобыланып бітеді, мұндай жапырақты қобылы жапырақ деп атайды.
Көптеген өсімдіктердің жапырақ негізінен ерекше өскіншелер өсіп шығады, олар бөбешік жапырақтар деп аталады. Олар кішкентай жапырақшалар, тікенектер пішіндес, үлпек қабыршақ тәрізді болады. Бөбешік жапырақтардың көлемі әдетте кішілеу (жоңышқа, беде) болып келеді. Ал кейбір өсімдіктерде, мысалы, асбұршақта ол кәдімгі жапырақтардан ірі. Чинаның кейбір түрлерінің (жапырақсыз чина) жапырақ тақталары мүлде өзгеріске ұшыраған.

1 - с у р е т. Жапырақ бөлімдері (сызба-нұсқасы):


І-сағакты; ІІ-қондырмалы; ІІІ-жастықшалы;IV- а қынапты; IV- б қобылы; Ү-бос бөбешік жапырақты; VI-кіріккен бөбешік жапыракты; VII-қолтық бөбешік жапырақты; 1 - жапырақ тақтасы; 2 - жапырақ негізі; 3 – қынап; 4 - қобы; 5-бөбешік жапырақтар; 6 - сағақ; 7 - қолтық бүршік; 8 – қыстырма.


Жапырақтың негізгі бөлігі оның тақтасы дедік. Егер жапырақтағы тақта саны біреу болса, онда ол жай жапырақ деп аталады. Жапырақтардың түсуі кезінде жай жапырақ тұтас түсіп қалады. Мысалы, егер жапырақ сағақты (серігүл, жөке және т.б.) болса, тақтасы сағағымен бірге үзіледі. Күрделі жапырақта, бір жапырақтың негізгі сағағында екі, үш немесе бірнеше жеке тақташалар болуы мүмкін. Кейде олар өз сағақшалары арқылы өсіп жегіледі де кейін әрқайсысы жеке-жеке түседі. Мұндай жапырақ күрделі жапырақ, деп, ал оның жеке тақталары күрделі жапырақтың жапырақшалары деп аталады. Күрделі жапырақтың жапырақшалары орналасқан ортақ сағақ бөлімі рахис (грекше «рахис» — омыртқа) делінеді.
Жай жапырақ тақталарының пішіні алуан түрлі. Мысалы, ине тәріздестері қылқан жапырақты. Оған шырша, қарағай, балқарағай және т.б. жапырақтары жатады. Таспа немесе айыл тәрізді жапырақ астықтарға тән. Бұлардағы таспаның ұзыңдығы енінен бірнеше есе артық. Сол сияқты сыртқы пішініне қарай жапырақтар қандауыр, ромба, жұмыртқа, бүйрек, жүрек, дөңгелек, сопақ, эллипс, жебе, қалқан тәрізді және т.б. болып жүйеленеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет