Биология кафедрасы



бет16/18
Дата23.02.2023
өлшемі11,43 Mb.
#169907
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Ботаника Лаборатория-1

Тапсырмалар:
1. Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктер.
2. Қылқан жапырақтылардың ерекшелігі.
Бақылау сұрақтары:
1. Қандай өсімдіктерді ашықтұқымды өсімдіктерге жатқызады?
2. Не себептен ашықтұқымдыларды сүректі өсімдіктерге жатқызады?
3. Қазақстанда қандай қызыл кітапқа неген ашықтұқымдыларды білесіңдер?
Лабороториялық сабақ № 13
Лабороториялық сабақтың тақырыбы: Раушангүлділер тұқымдасы.



  1. Итмұрындар тұқымдас тармағы.

  2. Алмалар тұқымдас тармағы.

Мақсаты: Раушан гүлді тұқымдастарының түрлері және тұқымдас тармақатарымен танысу.
Жұмысты орындау барысы:
Раушангүл тұқымдасы (Rosaceae) — қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі.
Ғаламшарымызда раушангүлділердің 3000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Республикамызда олардың 35 түрі өседі: мойыл, шетен, алмұрт, алма ағаштар және т.б. Раушан, итмұрын – бұталы өсімдіктер. Шыршай, байғұт, қойбүлдірген – көпжылдық шөптекті өсімдіктер.
Қарабүлдірген, итмұрын, долана, раушанның сабақтарында тікенектері болады. Тікенексіз түрлері де өте көп. Раушангүлділердің жапырақтары барлығында бірдей емес. Жай жапырақтылары: алма, алмұрт, долана, шие, өрік, және т.б. ағаштарында болады.



Раушангүлді өсімдіктер



Итмұрынның гүлі және жемісі
Күрделі жапырақтар (үшқұлақты) бүлдірген, құлпынай, таңқурай; қауырсын тәрізді күрделі: итмұрын, шетен, қараған; саусақ салалы күрделі: жатаған қазтабан және т.б. кездеседі.
Раушангүлділер – ағаш, бұта, көпжылдық шөптекті, гүлдері қосжынысты өсімдіктер тобы. Бұлардың сирек те болса (біржыныстылары) да даражыныстылары кездеседі. Раушангүлділердің гүлшоғырлары алуан түрлі. Гүлсеріктері қосқабатты, 5 тостағанша жапырақшадан және 5 күлтеден тұрады. Олардың 4 тостағанша жапырақшалары да (түзу қазтабан) бар.
Аталықтары өте көп, кей түрінде (теңгежапырақ) 4-8-9, ұзынды-қысқалы болып шеңберлене орналасады. Аналықтары біреу (шие, шабдалы) немесе өте көп (таңқурай, бүлдірген) болады. Оларды ұзын тұмсықты бунақденелілер тозаңдандырады. Ал жемістері құстар, жарқанаттар және су арқылы таралады.
Раушангүлділердің жемістері де алуан түрлі. Құрғақ жемісті (шыршай, байғұт), шырынды жемісті (алма, шие) және т.б. Мойылдың, шиенің жемістері – сүйекті-шырынды. Таңқурай жемісі көпсүйекті болып келеді. Мұндай жеміс гүлтабанға бірігіп өскен ұсақ сүйекті жемісшелерден түзіледі.
Құлпынай мен итмұрын жемістері көп жаңғақшалы құрғақ жеміске жатады, тек гүлтабандары ғана шырынды болады. Тұқымдарында эндосперм болмайды, кей түрінде қалдық ретінде болады.
Итмұрын гүлінің формуласы – Т(5)К5А∞ Ж. Жабайы алхоры (терн) гүлінің формуласы: Т(5)К5А20 Ж1. Алма гүлінің формуласы: Т(5)К5А∞ Ж(5).
Раушангүлділердің жабайы (тікенгүл, итмұрын, шетен) және мәдени түрлері де (алмұрт, шие) бар. Алма, шабдалы, өрік, беже ағаштары өздеріңе де таныс болар. Таңқурай, құлпынай тәрізді «жидектер» де осы раушангүлділерге жатады. Аула сәнін келтіретін раушан – нағыз сәндік гүл. Раушан жабайы итмұрыннан шығарылған. Итмұрын гүлінде аталықтар өте көп екенін байқаған боларсыңдар. Олардың саны 100-ге жетеді екен. Адамның ерінбей еңбектенуі нәтижесінде соншама аталықтар күлтеге айналдырылды. Сөйтіп бұйраланған раушан гүлі пайда болды. Қазіргі деректер бойынша раушанның 25 000 іріктемесі шығарылыпты. Раушан гүлінің күлтесінен май алынатынын естіген боларсыңдар. Раушан майы – өте бағалы май, хош иісті заттар алуға пайдаланылады.
Бұршақ тұқымдастар. Бұршақ тұқымдастардың 12 000 түрі бар деп есептеледі. Оның 650-ге жуық түрі Қазақстанда өседі.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің маңызды ерекшелігі – тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіреді. Түйнек бактерияларының әрекетінен тамыр жасушалары бөлініп, жасушалар саны артады. Сөйтіп тамырда түйнекшелер пайда болады. Өсімдік тіршілігін жойғанда топырақ азотты заттарға кенеледі. Бұл түйнекшелер өсімдікке де, топыраққа да пайдалы. Мұны селбесіп тіршілік ету дейді. Астық тұқымдастардан кейінгі ең көп таралған ағаш, бұта, шала бұталы, шөптекті өсімдіктер тобы. Жапырағы қауырсын тәрізді немесе саусақ салалы күрделі жапырақты, кейде жай жапырақты болып келеді. Жапырақтарында бөбешік жапырақ болады. Гүлдері орташа мөлшерлі немесе ұсақ. Ұсақ гүлдер гүлшоғырға, кейде шоғырбасқа, шатыршагүлге, масаққа жиналады. Гүлі біріккен бес тостаған жапырақшалар, 5 күлтежапырақшадан құралады. Күлтенің құрылысына қарай әр түрлі атаулары да бар. Ең ірі күлтежапырақша – «желкен», күлтенің екі бүйіріндегі 2 күлтежапырақша – «ескек» деп аталады. Ал төменгі тұтасып өскен екеуі – «қайықша». Қайықшаның ішінде 1 аналық бар, оны 10 аталық қоршап тұрады. Аталықтар қоршаған аналық түбіне шірне жинақталады. Бұршақтұқымдастардың көпшілігінде 9 аталық жіпшелерімен бірігіп, біреуі бос қалады (Т(5)К3+(2)А (9)+1Ж1). Барлық аталықтары бос болатындары да, аталықтары түгелдей аталық жіпшелермен бірігетін де түрлері бар. Аналығы аналық аузынан, аналық мойнынан және жатыннан құралады. Бұршақ тұқымдастардың басым бөлігі бунақденелілер арқылы айқас тозаңданады. Бұлардың өздігінен тозаңданатын да түрлері (егістік асбұршақ) бар. Жемісі құрғақ – бұршаққап. Піскенде екі жақтауының тігісінен қақырап, тұқымдары шашылады. Құрамында нәруыздық заттар көп болғандықтан, тағамға (асбұршақ, үрмебұршақ, соя, жасымық), мал азығына пайдаланылады. Сары бөрібұршақ, беде, ақбас түйежоңышқа, сиыржоңышқа, жантақ мал азығы ретінде пайдаланылады. Жержаңғақ, нұт та тағамдық өсімдіктер. Жалаң қызыл мия медицинада жөтелге қарсы дәрі ретінде белгілі. Кассия (сана) деген түрі іш босататын дәрі ретінде пайдаланылады. Бұршақ тұқымдастардың сәндік түрлері де (қараған), улысы да (тентекмия) бар.
Алмалар тұқымдас тармағы. Өмірлік формалары ағаштар мен бұталар. Гүлдері аналықтың үстіңде орналасады, гүлтабаны ойыс.
Гүлсерігі қосарланған, 5-мүшелі. Аталығының саны көп жағдайда 20-ға жетеді. Гинецейі ценокарпты, жеміс жапырақшалары әдетте 5, бірақ олар көп жағдайда редукцияға ұшырап 2—3, кейде тіптен 1-ге дейін қысқарған. Гүл түйіні (жатыны) төменгі, ол бокал тәрізді гапантимен бірігіп кетеді. Гүлінің формуласы.
Жемісі жидек тәрізді — алмалар, алмұрттар, айвалар және т.б.
Алма туысы (яблоня). Туыстың құрамыңда солтүстік еңдіктің негізінен қоңыржай климатты елдерде өсетін 30-дай түрі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет