«биология» кафедрасы


Тундра – оның негізгі белгісі орманның болмауы. Өсімдіктер денесі астық тұқымдастықтардан, қияр шағын ағашты өсімдіктерден тұрады



бет3/4
Дата14.04.2017
өлшемі1,78 Mb.
#13935
1   2   3   4

Тундра – оның негізгі белгісі орманның болмауы. Өсімдіктер денесі астық тұқымдастықтардан, қияр шағын ағашты өсімдіктерден тұрады..


Тайга – қылқанжапырақты ормандар болуымен белгілі (шырша, арша, қарағай, самырсын).

Дала

Шөлдер

12. Экожүйелердің экономикасы

1935 жылы атақты биолог Э. Бауер былай дейді: “Тірі жүйелер еш уақытта тепе – теңдікте болмайды және өзінің бос энергиясы есебінен үнемі сыртқы орта жағдайларына сай физика мен химия заңдары талап ететін тепе – теңдікте болмайды және өзінің бос энергиясы есебінен үнемі сыртқы орта жағдайларына сай физика мен химия заңдары талап ететін тепе – теңдікте қарсы жұмыс жасайды”. Бұл принципті тірі жүйелердің тұрақты теңсіздік принципі деп атайды.

3. Экожүйелердің ұйымдасу заңдары

Тірі ағзалар арқылы жүретін зат пен энергия ағысы өте үлкен. Мысалы, адам өз өмірінде ондаған тонна тамақ пен суды, өкпесі арқылы көптеген миллион литр ауаны пайдаланады. Өсімдіктер өз денесінің әрбір грамын түзу үшін 200-800 грамға дейін су жұмсайды. Фотосинтезге қажетті заттарды өсімдіктер топырақтан, судан және ауадан алады.

Экожүйеде төрт негізгі құрам бөліктер болған жағдайда ғана зат алмасуды қамтамасыз ете алады.

Тірі ағзалардың қоректену типтері мен энергия өзгерту механизмдеріне қарай автотроптар және гетерофтар болып бөлінеді.

Автотрофтар Гетеротрофтар



Автотроптар (грек тілінде - өзі) бейорганикалық заттардың органикалық заттарға айналуын жүзеге асырады (жасыл өсімдіктер мен кейбір микроорганизмдер).

Гетеротрофтар (грек тілінде – әр түрлі) – дайын органикалық заттармен қоректенеді. (жоғары сатыдағы паразит - өсімдіктер, саңырауқұлақтар, барлық жануарлар мен адам).

Автотроптар органикалық затты синтездейді, ал гетеротрофтар оларды пайдаланады. Бұл процестің барысында органикалық заттың ыдырауы жүреді. Егер ыдырау өнімдерін қайтадан автотроптар пайдаланса, онда экожүйедегі ағзалар арасында зат пен энергия айналымытүзіледі.


Бақылау сұрақтары:

  1. Гетеротроф қоректену?

  2. Автотрофты қоректену?

  3. Экожүйе дегеніміз?



Лекция № 10
Тақырыбы: Экожүйедегі энергия ағымыжәне химиялық элементтер айналымы. Экологиялық пирамидалар сандар, биомасса, энергия.

Жоспар:


  1. Энергияның кейбір дәстүрлі емес көздерін пайдалану

  2. Биоценоздардың өнімділігі

  3. Организмдердің арасындағы қарым – қатынастардың типтері.


Лекция мақсаты: Организмдердің арасындағы қарым – қатынастардың типтерін үйрену.

Лекция мєтіні

1. Күн – энергиялық іс жүзінде сарқылмайтын көзі болып табылады. Оны тікелей немесе жанама, яғни фотосинтездің өнімдері, судың айналымы, ауа массаларының қозғалысы және т.б. арқылы пайдалануға болады. Қазіргі кездің өзінде көптеген елдерде (АҚШ, Израиль, т.б.) жылумен, ыстық сумен қамтамасыз етуде күн энергиясын пайдаланады. Парникте қарапайым құрылғылардың көмегімен күн энергиясын жинауға болады. Тәуліктің жарық кезеңінде жылуды жинау үшін беттік ауданы мен жылу сыйымдылығы жоғары материалды орналастырады. Олар: тастар, су, металл, құм және т.б. күндіз олар жылуды жинайды, ал түнде бөліп шығарады. Мұндай құрылғылар Ресейдің, Қазақстанның, Орта Азияның оңтүстігінде теплицаларда кеңінен қолданылады.



Жел. Жүздеген жылдардан бері жел механикалық энергия көзі ретінде қолданылып келді (диірмендер, ағаш кесу құрылғылары)

2.Теңіз мұхит суларының энергетикалық ресурстарын пайдалану

Термоядролық энергия Қазір атом энергетикасында энергия көзі және ыдырау өнімі ретінде радиоактивті элементтер қолданылады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы қазіргі кездегі білімнің даму деңгейі, жасалып жатқан технологтялар адамзатқа энергетикалық ресурстардың сарқылуына байланысты және энергетиканың экологиялық мәселелерді туғызуы жөнінен тұйыққа тірелу қаупінің болмайтынын көрсетеді.

3. Энергия – материяның барлық түрлерінің өзара әсері мен қозғалысының жалпы сандық өлшемі. Ол табиғат құбылыстарын біріктіреді.

Термодинамиканың бірінші заңы – энергияның сақталу заңы табиғаттағы энергия жоқтан пайда болмайды, жоғалып кетпейді. Ол тек бір түрден екінші түрге айналады.

Термодинамиканың екінші заңы бойынша энергияның өзгерісімен байланысты процестер тек энергия концентрленген түрден таралған күйге өткенде ғана өздігінен жүре алады (ыстық заттың жылуы суық ортаға өздігінен тарайды).
Бақылау сұрақтары:


  1. Энергияның кейбір дәстүрлі емес көздерін пайдалану?

  2. Биоценоздардың өнімділігі?

  3. Организмдердің арасындағы қарым – қатынастардың типтері?



Лекция №11

Тақырыбы: Экожүйенің тұтастығы және тұрақтылығы.
Жоспары :

1. Экожүйелердің жіктелінуі

2. Экожүйелердің өнімділігінің заңдары.
Лекция мақсаты: Экожүйелердің жіктелінуін, өнімділігінің заңдарын үйрену.

Лекция мєтіні

1. Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.

Экожүйе – ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір – біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функцианалдық бірлігі. Экожүйенің тіршілік етуі тірі ағзалар жиынтығы мен ортаның арасында зат, энергия және ақпарат алмасуымен байланысты.



Экожүйелердің жіктелінуі - функцианалдық және құрылымдық белгілері бойынша бөлінеді.

Функцияналдық жіктелу экожүйеге келіп түсетін энергия көзі, мөлшері және сапасына негізделген.

Экожүйелердің құрылымдық жіктелуі өсімдіктер типіне және ландшафтың негізгі белгілеріне негізделген. Құрлық экожүйелері өсімдіктің табиғи белгілері, ал су экожүйелері – геологиялық және физикалық белгілері бойынша ерекшеленеді.

Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды төмендегі экожүйеге бөледі.



  1. құрлық экожүйелері – тундра, тайга, орманды дала, дала, шөлейт, шөл, тропиктер, тау.

  2. Тұщы су – ағынсыз су және ағынды су, батпақтар

  3. теңіздер мен ашық мұхит

Экожүйелердің өнімділігінің заңдары.

2. Экожүйелердегі органикалық заттың жасалу жылдамдығын биологиялық өнімділік деп атайды. Экожүйенің биологиялық өнімділігі бұл олардағы биомассаның жасалу жылдамдығы.



Бірінщі реттік өнімділік деп, бірінші реттік өндірушілердің (өсімдік) биомассасының түзілу жылдамдығын атайды.

Екінші реттік өнімділік деп, гетеротрофты ағзалардың органикалық заттарды жинау жылдамдығын атайды.
Бақылау сұрақтары:

1. Экожүйелердің жіктелінуі?



2. Экожүйелердің өнімділігінің заңдары?

Лекция №12

Тақырыбы: Биосфера және оның ресурстары. Биосфера туралы ілім.
Жоспары:


  1. Тірі затқа тән қасиеттер.

  2. Биосфераның энергетикасы.

  3. Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы.



Лекция мақсаты: Биосфера және оның ресурстарын үйрену.

Лекция мєтіні

1. Тірі зат бірқатар өзіне тән қасиеттерге ие бола отырып, биосферада белгілі бір биогеохимиялық функциялар атқарады.



Тірі затқа тән қасиеттер:

  1. биосфераның тірі заты энергияның үлкен қорымен сипатталады.

  2. тірі және өлі заттың айырмашылығы химиялық реакциялардың жылдамдығынан көрінеді.

  3. тірі затты құрайтын химиялық қосылыстар ақуыздар, ферменттер және т. б. – тек тірі ағзаларда ғана тұрақты болады.

  4. ерікті қозғалу биосферадағы кез-келген биосфераға тән белгі.

  5. тірі зат өлі затқа қарағанда біршама жоғары морфологиялық және химиялық көптүрлілікпен сипатталады, тірі заттың құрамына кіретін 2 млн-нан астам органикалық қосылыстар белгілі, ал өлі табиғаттың табиғи қосылыстарының саны шамамен 2 мың.

  6. биосферадағы тірі зат мөлшері әр түрлі жеке ағзалар түрінде болады Ең ұсақ вирустардың мөлшері 20 нм-ден (1 нм.=109 м) аспаса, еә ірі жануар киттердің ұзындығы 33 м-ге, ең биік ағаш секвойя 100 м-ге жетеді

2. Күн энергиясы – жер биосферасының жылу балансы мен термиялық режимін анықтайтын негізгі қуат көзі. Күн қашықтығының өзгеруіне байланысты жыл бойы өзгеріп тұрады. Жер мен күннің ең аз ара қашықтығы 147 млн. км. қаңтар айының басында, ал ең үлкен ара қашықтығы 152 млн. км. шілденің басында байқалады. Жер Күн шығаратын энергияның 5 бөлігін ғана алады.

Жер күннен алатын энергияның 33% бұлт пен құрылық беті, атмосфераның жоғарғы қабатындағы ұсақ дисперсті шаңнан шағылысады. 67% ( 21+22+24%) энергияның атмосфера мен жер беті сіңіреді де, бірқатар өзгерістер соң космос кеңістігінде қайтарылады.


Топыраққа таралады



Топыраққа сіңіріледі.

21+24=45%


Космостық кеңістігіне шағылуы



Күн энергиясы.



Кеңістіктің ауа мен топырақтан шағылыстырылады.


47%

26%


Бұлт


21% 24%


Биосфераның энергетикалық балансы.
3. Миллиярдтаған жылдар барысында тірі ағзалардың көбеюі, өсуі, зат алмасуы мен белсенділігі , планетаның беткі бөлігін толық өзгеріске ұшыратты.

Зат алмасу барысында тірі ағзалар үнемі табиғаттағы химиялық элементтерідің таралуын өзгертіп отырады. Осылайша биосфераның химизмі өзгереді. Миллиардтаған жылдар барысында фотосинтез-деуші ағзалар күн энергиясынан орасан мол шамасын химиялық жұмысқа айналдырады. Оның қорының бір бөлігі көмір кен орындары және басқа да органикалық заттар мұнай , торф т.б. түрінде жиналады. Фотосинтез есебінен атмосферада оттегі жиналады. Жердің дамуының ертедегі кезеңдерінде атмосферада басқа газдар басым болды.

Суттегі , метан , аммиак , көмірқышқыл газы. Оттегіден озон қабаты пайда болады.

Тірі ағзалар биосферада маңызды биогенді элементтердің зат айналымын жүзеге асырады. Олар кездесетін тірі заттан бейорганикалық материяға өтіп отырады. Бұл циклдер екі негізгі топқа бөлінеді : газдардың айналымына және шөгінді заттар айналымы. Біріншісінде элементтердің негізгі көзі-атмосфера (көміртегі, оттегі, азот), екіншісінде таулы шөгінді жыныстар (фосфор, күкірт және т.б.) болып табылады.



Көміртегінің айналымы . Фотосинтез үшін көміртегінің көзі атмосферадағы немесе суда еріген көмірқышқыл газы болып табылады. Өсімдіктер түзген органикалық заттың құрамында көміртегі қоректену тізбегі бойынша тірі не өлі өсімдік ұлпалапры арқылы өтіп, тыныс алу , ашу немесе отынның жануы нәтижесінде көмірқышқыл газы түрінде атмосфераға қайтады.

Азот айналымы . Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер тікелей сіңіре алмайды . Бактериялар мен көк жасыл балдырлар атмосфералық азотты байланыстырып топыраққа өткізеді.

Фосфор мен күкірт зат айналымы . Фосфор мен күкірт тау жыныстарында болады. Тау жыныстарының бұзылуы мен эрозиясының әсерінен топыраққа өтеді де оларды өсімдіктер пайдаланады.

Азот пен фосфор қосылыстарының бір бөлігін жауын сулары өзендерге, одан теңіз бен мұхитқа қарай шайып, оны балдырлар қолданады. Ең соңында өлі органикалық заттың құрамында олар су түбіне шөгіп қайтадан тай жыныстарына кіреді.



Оттегінің циклы . Жердегі оттегінің циклы шамамен 2000 жылда, судың шамамен 2 млн. жылда жүріп өтті. Бұл заттардың атомдары жер шарында әр түрлі тірі зат арқылы өткен.
Бақылау сұрақтары:
  1. Көміртегінің айналымы?

  2. Азот айналымы?

  3. Фосфор мен күкірт зат айналымы
Лекция №13
Тақырыбы: Биосферадағы заттар айналымы


Жоспары :
  1. Биосфераның шекараларын анықтау

  2. Қазіргі кезде тіршілік.


Лекция мақсаты: Биосфераның маңызды ерекшеліктерінің маңызын анықтау.

Лекция мєтіні

1. Биосфераның маңызды ерекшеліктерінің бірі ондағы судың болуы. Биосфераның тағы бір белгісі-оның космоспен тығыз байланыстылығы. (көбіне күнмен).



Биосфераның шекаралары. 1926 жылы В.И.Вериадский биосфераның шекарлары туралы мәселені қойды.

Қандай физико-химиялық жағдайлар тіршілікке анағұрлым қолайлы болып табылады?



  1. Көмір қышқыл газы мен оттегінің жеткілікті мөлшерде болуы.

  2. Судың жеткілікті болуы.

  3. Температуралық режим тым жоғары және тым төмен болмауы керек.

  4. Минералдық қоректену элементтерінің жеткілікті болуы.

  5. Су ортасының белгілі бір тұздығы.

2. Қазіргі кезде тіршілік жер қыртысының жоғары бөлігінде (литосфера), жер атмосферасының төменгі қабаты (тропосфера) және жердің сулы қабықшасында (гидросфера) таралған.

Литосферада тіршілікті ең алдымен тау жыныстары мен жер асты суларының температурасы шектейді. Ол тереңдікке байланысты артады да, 1,5-15км тереңдікте +100 С-дан асады. Жер қыртысында бактериялды табуға болатын тереңдік-4км. Мұнай кен орындарында 2-2,5км тереңдікте бактериялардың саны біршама көп болады. Мұхиттарда тіршілік 10-11км тереңдікке таралады. Тіршіліктің таралу шекарасы теңіз денгейімен салыстырғанда 6км биіктікте өтеді.
Биосфера және космос. Тіршілік космостық құбылыс болып табылады. Биосфераның космостық ортасы тіршілікке қажетті қолайлы экологиялық жағдайларды анықтайтын күн энергиясының көзі болып табылады.

Күн сәулесі ғаламдық экожүйесінің тіршілігіне күшті әсер етеді. Биосфераға келіп түсетін күн энергиясының балансы кестеде көрсетілген.



Күн сәулесінің энергиясының таралуы.

(биосфераға жылдың мөлшерінен %)


Таралу түрі

Үлесі %

  1. Шағылыстыру

  2. Жылуға айналу

  3. Булану, жауын-шашын

  4. Жел, толқын, ағыс

  5. Фотосинтез

30

45

23



0,2

0,8

Жер интенсивті космостық радиациядан магнит өрісімен қорғалған. Егер бұл өріс болмаса, космостық сәулелер қысқа уақыт аралығында атмосфераның барлық ауасын иондар мен электрондарға ыдыратып жіберер еді. Мұндай жағдайда Жерде мүмкін болмайды.

Озон қабаты биосфераны космос сәулелерінен қорғайды.Стратосферада озон (О3) күн радиациясының ультракүлгін сәулелерін сіңіреді. Мұндай қорғансыз сәулелер биосферадағы бүкіл тіршілікті жойып жіберер еді.

Биосфера космоспен тығыз байланысты. Жерге түсетін энергия ағыны тіршілікті қамтамассыз ететіндей жағдайларды жасайды.

Биосфераның энергетикасы. Күннің энергиясы –Жер биосферасының жылу баланысы мен термиялық режимін анықтайтын негізгі қуат көзі. Жердің күнді айналуына байланысты жер бетіне түсетін күн сәулесінің интенсивтілігі Жер-Күн қашықтығының өзгеруіне байланысты жыл бойы өзгеіп отырады. Жер мен Күннің ең аз арақашықтығы 147 млн км.қаңтар айының басында, ал ең ұзақ арақашықтығы 125 млн км шілденің басында байқалады.

Биосфераның эволюциясы.

Адам санасы мен ғылыми ойдың рөлін бағалай келе В.И.Вериадский мынандай қортындылар жасады:



  1. Ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады.

  2. Биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуі мен қатар жүретін құбылыстар.

  3. Биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс, стихиялы түрде, табиғи процесс ретінде жүреді.

  4. Тіршілік ортасы-биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы-адамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге-ноосфераға өтуі табиғи прцесс.

Ноосфера-сана, ақыл-ой қабаты, экологияның төрт заңы.

Бірінші заңы-барлығы барлымен байланысты.

Екінші заңы-материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екіншітүрге өтеді.

Үшінші заңы-табиғат өзі жақсы біледі. Амудария, Сырдария суын көп пайдалану арқасында Арал теңізі денгейі төмендеді. Төртінші заңы-тегін ешнәрсе жоқ. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.



Бақылау сұрақтары:

  1. Биосфераның энергетикасы?

  2. Биосфераның эволюциясы?

  3. Күн сәулесінің энергиясының таралуы?

  4. Вернадскийдің заңдылықтары?

  5. Вернадскийдің бесінші қарастырған заңы?

  6. Газдық айналым?

  7. Судың айналымы?

  8. Қысымның атмосферадығы мәні?

  9. Топырақ, су, ауа қабаттарын ата?



Лекция №14

Тақырыбы: Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану.
Жоспары :

1. Биологиялық алуантүрлілік және оны сақтау.

2. Ерекше қорғауға алынған территориялар.

3. Экологиялық зардаптар.



Лекция мақсаты: Биологиялық алуантүрлілік және оны сақтауды үйрену.

Лекция мєтіні

1. Өкінішке орай, қазір жер шарында ормандардың ауданы мен

биомассасының кемуі адамзатты толғандырып отыр. Бұл олардың тек көміртектік функциясын ғана емес, басқа да функцияларының орындалуына әсер етеді.

Өсімдіктің бірінші ретті қызметі ластаушы заттарды, соның ішінде улы заттарды (күкіртті ангидрид (SO2)) денесінде жинауы арқылы көрінеді. Улы заттар кейін топыраққа түскен жапырақтармен немесе басқа жолмен ағзадан шығарылады.

Екінші ретті қызметімен негізінен ауадағы бөлшектерді тұндыру

байланысты. Бұл процесс құрғақ күйде де, ылғалды атмосфералық

жауын-шашында немесе су буында еріген күйде де жүруі мүмкін. Орманда басқа жермен салыстырғанда ауаны тазарту интенсивтілігі 20-30 есе жоғары болады. Ауа жоғары дәрежеде шаңданған кезде, 1 га орман жылына 50-60 т. шаңды сіңіреді, тұнбаға түсіре алады. Өсімдіктердің ластаушыларды нейтралдауы мен олардың өсімдіктерінің тіршілік

қызметіне зиянды әсер етеді. Олар атмосфералық құбылыстарға әсер ете

отырып, өзіне тән ерекше ортасын түзеді. Осы қасиетіне байланысты ормандарды топырақты, егіс танабын, жолдарды, тұрғылықты жерлерді

қорғауда пайдаланады.

Ормандар күшті экожүйе ретінде өздігінен тазарту мен техногенді

бұзушы күштеріне қарсы тұру қабілетінің жоғары болуымен сипатталады.

Орман кесілгенде, оның су қорғау және басқа да қасиеттері жойылады.

Ормандардың зақымдануының жалпы заңдылықтары мен одан қорғау іс – шаралары төмендегідей:



  1. Ормандардың зақымдануы күкіртті ангидрид пен оның туындыларымен ластанудан болады.

  2. Улы заттар өсімдіктерге не құрғақ тұнбалар түрінде, не қышқылдық жауын шашынға айналғанда әсер етеді.

  3. Улы заттардың өсімдіктерге әсері баяу улану немесе күюі түріндегі күшті зақымданулар түрінде болуы мүмкін.

  4. Улануға және жойылуға көбіне қылқан жапырақты ормандар ұшырайды.

  5. Бұл құбылыстың себебі – ұзақ өмір сүретін (5-7 жыл) қылқанның улануы.

  6. Жалпақ жапырақты ағаштардан улы заттардың әсерінен емен, бүк және басқа қатты сүректі ағаштар тез зақымданады. Жұмсақ жапырақты ағаштар (қайын) тұрақтырақ.

  7. Улы заттарға қыналардың сезімталдығы жоғары. Оларды ластанудың индикаторы ретінде пайдаланылады.

  8. Ластанған атмосферада ағашты және көптеген көпжылдық өсімдіктердің өмір сүру жасы қысқарады.

  9. Адам үшін жасалған ластаушы заттардың шекті рұқсат етілетін концентрациясын көптеген өсімдіктерге қолдануға болмайды, себебі өсімдік ағзасының сезімталдығы жоғары.

Қазіргі кездегі табиғи және жасанды ормандар 3,6% құрайды. Респуб-

ликаның жалпы ормандылығын шамамен 6-7% дейін жеткізу жоспар-

ланып отыр. Бұл экологиялық тұрғыдан негізделген. Республиканың

ормандылығын тек белгілі бір экологиялық шектеулі мөлшерде және

бұрын орман өскен жерлерде жүргізу қажет.

Биологиялық алуантүрлілік және оны сақтау.



  1. Биоалуантүрлілік – тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.

  2. Рио-де-Жанейрода өткен (1992 ж) БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті.

Қазір адамның азық түлігі ретінде қолдануға болатын бірнеше мың түрлер белгілі. бірақ іс жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың 200-250 ден

аспайтын түрлері пайдаланады. А/шаруашылық өнімдерінің басым көпшілігін 12-15 өсімдік береді.

Жабайы түрлер-табиғи экожүйелерден алынатын бағалы өнім көзі ,

әсіресе, а/шаруашылық жануарлары мен өсімдіктерінің жаңа қолтұқымдары мен іріктемелерін шығаруда маңызы зор, сонымен бірге дәрі-дәрмектер жасауда табылмайтын байлық.

Дәрі жасауда шамамен 5 мың өсімдіктің түрлері қолданылады. Биоалуантүрлілік – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.

Жалпы алғанда жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырған. Биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артып отырады.

Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы экологиялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жете бастады. Бұл процесс бір бағытта жүрді, сондықтан түрлердің жойылуы оған

қарама-қарсы басқа жаңа түрлермен толықтырылмайды. Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр,1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құс, 64 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойлып кетті.

Түрлердің алуантүрлілігінің кемуінің , әсіресе, 2 салдары ерекше назар

аударуды қажет етеді. Біріншіден, бір түрдің жойылуы, әдетте онымен қоректік немесе басқа да байланыстармен тығыз байланысты, бірнеше түрдің тіршілік әрекетін бұзуға әкеліп соқтырады.

Екіншіден қандай да бір түрді толық жоюдың қажеті жоқ. Олардың саны белгілі бір шамадан төмендеп кетсе, олар қайта қалпына келе алмайды.

Адамның барлық ірі ауқымды іс әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу фактілері белгілі.

Адам рельефті, өзен аркаларын өзгертеді, батпақтарды құрғатады, ағаштарды кеседі және т.б.

Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Қызыл кітап – қауіптің жаршысы. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады, нашарланған түрлермен толықтырылады.

Қазақстанның қызыл кітабінің бірінші томы 1978 ж. жарық көрді. Онда сүтқоректілердің 24 түрі мен 7 түр тармағы, 43 құстардың, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі, қос мекенділердің 1 түрі, жыртқыш жануардың 15 түрі, балықтың 4 түрі енгізіліп толық сипатталған.

Халықаралық бірлестік адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету

үшін биосфераның биологиялық алуантүрлілігін сақтауға бағытталған іс

әрекетін бір арнаға бағыттауы қажет.



2. Ерекше қорғауға алынған территориялар.

Кез келген мемлекеттің ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі 2 міндеттің орындалуын қамтамасыз етуї тиіс:



    1. оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақ-

    2. тар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;




    1. жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау;

Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.

Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға

алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп:

қорықтар, қорғалымдар, табиғат е,скерткіштері, ұлттық және табиғат

саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.

Қорықтар – табиғатты қорғаудың бір түрі. Дүние жүзіндегі ең ірі

саябақ Гренландияда 7 млн.га. Қорықтар толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.

Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше

объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі қорғалымдар болып табылады.

Қазақстан қорықтары: Ақсу-Жабағылы 1926ж. Талас Алатауының

солтүстік батыс бөлігін алып жатыр, ауданы 73 мың га.

Барса – Келмес Арал теңізінің солтүстік бөлігінде 1939 ж. құрылған, ауданы 198 шаршы км.

Наурызым 1931 ж. құрылған, ауданы 100 мың га. Қостанай облысы Жетісу ауданында орналасқан.

Алматы 1934 ж. құрылған. Алматы облысы Шелек ауданында орналасқан.

Қорғалжын 1958 ж. құрылған, ауданы 237 мың га. , Акмола облысы, Қорғалжын ауданында орналасқан.

Марқакөл 1976 ж. құрылған, 71 мың га.

Бетпақ-дала Сарысу өзені мен Балхаш көлінің арасында орналасқан. (ОҚО, Қызыл- Орда, Жамбыл).

Қаратау (Қызылқұм) қорығы ОҚО, Арыс және Шардара аудандары территориясында орналасқан . Көлемі 150,6 мың га., 1990 ж. құрылған.

Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Оларға: ормандар, көлдер , жазықтар, тау, сарқырамалар, үңгірлер, әсем жартастар және т.б. жатады.

Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан

ағаштар да жатады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Табиғи қорлар?

  2. Қорықтар?

  3. Сарқылмайтынқ орлар?

  4. Сарқылатын қорлар?

Лекция № 15

Тақырып: Су ресурстары және оны қорғау.

Су тіршіліктің қажетті шарты, тіршілік факторы.


Жоспары :

  1. Су ресурстарының экологиялық мәселелері.

  2. Жердегі су қоры. Судың ластану мәселесі.

  3. Судың евтрофикациясы.


Лекция мақсаты: Су ресурстарының экологиялық мәселелерін үйрену.

Лекция мєтіні

1 Жердегі барлық су біртұтас. Олар атмосферамен, литосферамен қатар жеке қабат гидросфераға бөлінеді. Ол тіршілік ортасы ретінде ерекше қасиеттермен сипатталады. Судың қасиеттері:

  1. Табиғат ресурсы және зат ретіндегі сарқылмайтыны жердегі барлық ресурстар жайылатын, шашырайтын болса, ал су әр түрлі күйге; сұйық, газ тәрізді және қатты күйге өтуіне байланысты мұндай жағдайға ұшырамайды.

  2. Суға қату кезінде көлемінің артуы және сұйыққа өту кезінде көлемінің келуі тән.

  3. Ең жоғарғы тығыздығы +40С-да байқалады. Мысалы су қоймаларының терең қатуының болмауы.

  4. Жылу сыйымдылығының және жылу өткізгіштігінің жоғары болуы.

  5. Тек оң ғана емес, теріс температурада да жеңіл газ тәріздес күйге өту қабілеттілігі. Теріс температурада қатты күйден (мұз, қар) бірден су тәрізді күйге өтеді. Мұндай құбылыс – сублимация деп аталады.

  6. Булану мен еру кезінде жылу сіңіріледі және бұдан конденсациялану мен қату кезінде жылудың бөлініп шығуы тән.

  7. әмбебап еріткіш. Сондықтан, табиғатта абсолютті таза су жоқ. Су атмосфераның оттегімен толығуының (фотосинтез) бірден – бір көзі. Қазіргі түсінік бойынша тіршілік суда пайда болған. Адам ағзасындағы судың үлесі 60% ке жақын, бірақ жекеленген мүшелер мен ұлпаларда 1% - 96%- ке дейін жетеді. Бидайдың бір тоннасын алуға 2500т, мақтаға-10000т, күрішке-4560т, сиыр етіне-30000т су жұмсалады.

Су адам үшін тек биологиялық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік те фактор болып табылады. Биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамға тәулігіне 2-5 литр су қажет. Тұрмыстық комуналдық қажеттілікке 100-150 литр су жұмсалады.

2. Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор. Олар 1353985 мың км3 . Егер гидросферадағы барлық суды біртекті етіп жер бетіне жайсақ оның қалыңдығы 2,5км. болар еді. Әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96км., ал терең максималды тереңдік 11022м (Мариан шұңғымасы). Жердегі судың басым көпшілігі тұзды су болып табылады. Ол жалпы қордың 97,5% үлесін құрайды, бірақ тұщы сукдың көлемі 35млн. км3 тең.

Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әр түрлі дәрежеде ұшырайда. Судағы көп кездесетін элементтерге калций, натрий, хлор, калий жатады. Судағы химиялық элементтің жиынтығы жануарлармен адамның қанының құрамына жақын болады.


Бұл өмірдің суда пайда болғандығының дәлелі бола алады. Адам қаны мен әлемдік мұхит суының химиялық құрамы:



Химиялық элемент

Еріген заттардың жиынтығынан %

Мұхит суы

Адам қаны

Хлор

Натрий


Оттегі

Калий


Кальций


49,3

30

9,9



1,8

0,8


55

30,6


5,6

1,1


1,2

тұщы су – 1г/л дейін. Тұздылау 1 – 3 г/л, аз тұзды 3-10 г/л . тұзды және өте тұзды 10-50г/л.

Ауыз судың санасын бағалауда химиялық крийтерилермен қатар бактериалогиялық және органолептік қолданылады.

Судың бактериалық жағдайы төмендегідей анықталады:

1) Судағы бактериалардың жалпы саны , ол судың 1 мм – інде 100 – ден аспауы керек . 2) Ішек таяқшасы тобының бактериаларының саны арқылы. Ол коли – индекс: судың 1 литріндегі ішек таяқшасының шамасы ( үштен көп болмауы керек) немесе коли – титрмен анықталады.

Органолептикалық көрсеткіштерге судың иісі , түсі , дәмі , мөлдірлігі жатады. Судың сапасының маңызды көрсеткіші – ондағы оттегінің болуы. Оған гидрокорбанаттардың (аэробтар) тіршілігі мен судың өздігінен тазаруға қабілеті тәуелді болады.

Суды ластаушы заттар . Сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады.Екінші ретті ластану бірінші ретті ластанушылардың әр түрлі тізбекті риакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері , минералды тыңайтқыштар , улы химикаттар және т.б. жатады.

3.Судың эвтрофикациясы. Судың энтрофикациясы деп – судың биогенді элементтерімен, әсіресе азотпен, фосформен немесе құрамында осы элементтер бар заттармен баюын атаймыз. Эвтрофикация ( грек тілінен аударғанда эу – жақсы , трофе – қоректену ) – судың бай қоректенуі.

Эвтрофикацияның нәтижесі – балдырлар мен басқа өсімдіктердің қарқынды өсуі , су қоймасында органикалық заттармен басқа да ағзалардың шіру өнімдерінің жиналуы болады. Бұл өлген органикалық затпен қоректенетін , оны бастапқы минералдық элементтер мен көмірқышқыл газына дейін ыдырататын рецудент – ағзалардың санының артуына әкеледі.

Бақылау сұрақтары:


  1. Судың эвтрофикациясы?

  2. Судың бактериалық жағдайы?

  3. Суды ластаушы заттар?



Лекция № 16

Тақырыбы: Атмосфералық ауа және оны қорғау жолдары.


  1. Жоспары :

1. Атмосфераның қасиеттері және оның адамға әсері.

2.“Парниктік” немесе жылулық эффект мәселесі.

3.Озон мәселесі.
Лекция мақсаты: Атмосфераның қасиеттерін және оның адамға әсерін зерттеу.

Лекция мєтіні

1. Оңтүстік Қазақстан Обылысы полиметалдық кендердің, фосфаттардың қоймасы болып табылады. Олар қорғасын, мырыш, мыс, күміс, индий және т.б. Оңт. Қаз. Обылысы республикада қорғасын өндіру

бойынша 3 орын, мырыш –4 тұрады. Қаратау тауындағы тау-кен өндірісі ертеден белгілі. Оңт.Қаз. обылысында қүрылыс материалдарының қоры көп.(құрылыстық тас, қиыршық тас, тау тас түрінде болады. Бадам (гранит). Қаратас, Түлкібас, Тұздықұдық

және т.б. жатады.

Сайрам, Төлеби, Түркістан, Алғабас және Отырар аудандарында кірпіш өндірісіне қажетті сазды балшықтар бар. Созақ және Отырар аудандарында уран кендері бар.

“Парниктік” немесе жылулық эффект мәселесі.



Су ресурстары: Оңт.Қаз.обылысы териториясында су ресурстары біртекті таралмаған. Негізгі су артериясына Сырдария өзені жатады, ол орталық Тянь – Шаннан бастау алады. Оңт.Қаз

облысында жер асты суларының 25 кен орны барланған, белгілі кенорындары мына түрлерге бөлінеді.



  1. өзен аңғарларындағы жер асты сулары – Абай, Арыс,

  2. Александров, Жоғарғы Келес Жіңішке, Ленгір, Темірлан,

Шардара

  1. артезиан бассейінің жер асты сулары – Ванновка, Қарашық,

  2. Түлкібас


Топырақ ресурстары Негізінен жазық дала әр түрлі типті сұр топырақтармен жабылған. Агроклиматтық жағынан алғанда облыс территориясын мына белдеулерге бөлуге болады:

    1. Құрғақ ыстық шөл белдеуі. Бетпақдала, Мойынқұм,

    2. Қызылқұм,.

    3. Өте қуаң ыстық тау етегіндегі белдеу. Түркістанның,

Алғабастың, Түлкібастың, Сайрамның, Ленгірдің,

Қазығұрт аудандарының тау етегіндегі бөліктері.



    1. Тау белдеу. Қаратау тау жотасы мен батыс

Тянь – Шанның етегі.
Атмосфераның қасиеттері және оның адамға әсері.

    1. Атмосфера ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе, ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүруінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы.

    2. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер

бетіндегі орташа жылдық температура +150С немесе –180С

болар еді.


Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдас араласуы мен үлкен ара қашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе мұхитпен байланысы жатады. Мұхитпен жанасуы нәтижесінде мұхит атмосферадағы көміртегінің қос оксиді (СО2), күкіртті газ және басқа қосылыстарды сіңіреді. Атмосферадағы қосылыстардың басым бөлігін өсімдіктер сіңіреді және зат алмасудың топырақ звеносына кіреді. Жылдам араласқыш қасиеті мен оның ластануды таратуы, сонымен қатар локальды ластануды ғаламдық ластануға айналдырушы фактор болып табылады.

Адам атмосфераның әр-түрлі параметрлеріне және қасиеттеріне, оның химиялық құрамына, жылу режиміне, орын ауыстыру, радиоактивтік электромагниттік фон және т.б. әсер етеді.

Адамның атмосфераға әсерінің байқалуы, оның биосфералық процестерге белсенді түрде араласа бастауынан, ормандарды жою, жерді жырту, эрозия, құрғату, суару, қалалар мен өндіріс орындарын т.б. салу нәтижесінде басталды.

Атмосфераны ластаушы заттар.Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен бірінші орында көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді және атмосферада жиналуға қабілетті күкіртті газ әсіресе өсімдіктер үшін қауіпті. Олар жануар мен адамға қарағанда бұл газға өте сезімтал. Өсімдіктер газдың олардың бетіне құрғақ қону немесе қышқыл жауын-шашынмен келіп түсуі нәтижесінде зақымданады. Бұл газ қазіргі кездегі қоршаған ортаның әр-түрлі элементтері әсеріне байланысты бірінші орында тұрған әлемдік ластаушы.


2. “Парниктік” немесе жылулық эффект мәселесі. Озон мәселесі

Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеру нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышқыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр-түрлі мәліметтер бойынша 50% -тен 65% -ке дейін жетеді.

Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Жер маңы кеңістігінде бұл сәулелердің басым бөлігі әр-түрлі денелермен кездескенде ұзын толқын (инфра-қызыл) жылулық сәулелерге айналады. Парниктік газдар жылу сәулелерінің космос кеңістігіне

кетуіне қарсы әсер етеді. Олар қақпанға түскендей болып жиналады да ауаның температурасының артуына (парниктік эффект) әкеліпсоқтырады. Мәліметтер бойынша парниктік газдардың әсерінен соңғы жүз жылдықта жердің орташа жылдықтемпературасы 0-0,30С артқан. Қазіргі кезде көмірқышқыл газының концентрациясының арту жылдамдығы жылына 0,3-0,5%. Осыған жақын қарқынмен басқа да парниктік газдардың мөлшері артып келеді. (Метан жылына -1%, азот оксидтері жылына –0,2%).

Атмосферадағы парниктікгаздардың мөлшерінің екі еселенуі ХХІ ғасырдың екінші жартысында болуы мүмкін. Бұл ғасырда, әр-түрлі болжамдарға сүйенсек, планетаның орташа жылдық температурасының 1-3,50С-ға артуына әкеледі.

Болжамдар бойынша ауа-райының жылынуы әсерінен мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит шамамен 1,5 м (соңғы 100 жылда 10-12 см) көтерілуі мүмкін. Мұхит деңгейінің 1,5-2 м-ге көтерілуі шамамен 5 млн.км2 құрылықтың су астында қалуына әкеледі.

Ауа райының жылынуы әлемдік мұхиттың деңгейінің көтерілуінен басқа да құбылыстар: ауа райының тұрақсыздық дәрежесінің артуы, дауылдардың жиіленуі, жануар мен өсімдіктердің жойылу жылдамдығының артуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер мен бақылаулар техногенді процестермен қатар, парниктік газдарды шығару көзі экожүйелердің өзі болып табылатынын көрсетті.

3. Экожүйелердегі қалыптасқан зат айналымның адамның әсерінен бұзылуы көмірқышқыл газының, метан мен басқа газдардың бөлініп шығуына әкеледі.



  1. Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекуласының (О2) ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі.


Бақылау сұрақтары:

  1. Атмосферадағы парниктікгаздардың мөлшері?

  2. Ауа райының жылынуы?

  3. “Парниктік” немесе жылулық эффект мәселесі?

  4. Адамның атмосфераға әсері?


Лекция № 17

Тақырыбы: Топырақтар және оларды тиімді пайдалану
Жоспары:
1. Топырақтану негіздері пәнінің оқытудың маңызы.

2. Топырақтану ғылымын зерттеген ғалымдар

3. Топырақ табиғи тарихи дене және ауыл шаруашылығының өндірісінің дүниесі

Лекция мақсаты: Топырақтану негіздерін, оқытудың маңызын, топырақтану ғылымын зерттеген ғалымдар мен танысу.
Лекция мєтіні

1. Топырақ - тіршілік ортасы

Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады.

Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мұның құрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы, қарашірік). Бұл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды В қабаты жатыр. Оның астында аналық (топырақ түзуші) жыныс қабаты - С қабаты орналасқан.



Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардың ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады. Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа заттар жинақталған.

Топырақта тіршілік ететін организмдер эдафобионттар немесе педобионттар деп аталады. Қоңыржай аймақтағы орман топырағының 1 шаршы метрінде 1000 жуық жануарлар түрін, нематодтар мен қарапайымдылардың 10 млн-аса, аяқ құйрықтар мен топырақ кенелерінің 100 мың-нан аса түрлерін табуға болады.

Эдафобионттардың көптеген экологиялық топтарының классификациялары бар.

Тіршілік ортасымен байланысы бойынша топырақ жануарлары негізгі үш экологиялық топқа бөлінеді:

  • геобионттар - үнемі топырақта тіршілік ететін организмдер. Олардың бүкіл даму циклы топырақта жүреді (жауын құрттары);

  • геофилдер - тіршілік циклының жоқ дегенде бір фазасы міндетті түрде топырақта өтетін организмдер (шегірткелер Асгісіісіеа, кейбір қоңыздар - Зіарһуііпісіае, СагаЬісіае, ЕІаіегісІае). Олардың личинкалары топырақ ішінде дамып, өскен соң жер бетінде тіршілік етеді;

  • геоксендер - топырақты кейде уақытша немесе қорғаныс ретінде пайдаланатын организмдер (тарақандар, кеміргіштер және басқа да інде тіршілік ететін сүт қоректі организмдер).

Сондай-ақ топырақ организмдерін дене мөлшері мен қимылына байланысты да экологиялық топтарға бөледі:

  • микробиотип - детриттік қоректік тізбектің негізін құрайтын топырақ микроорганизмдері. Бұларға жасыл (Сһіогорһуіа), көк-жасыл балдырлар (Суапорһута), бактериялар (Васгегіа), саңырауқұлақтар (Ғипді) және қарапайымдар (Ргоіогоа) жатады;

  • мезобиотип - қозғалғыш, майда жануарлар тобы. Бұларға топырақ нематодтары (ІЧетаіосІа), насекомдардың майда личинкалары, кенелер (ОгіЬаіеі) және басқалар жатады. Бұлар негізінен детриттермен және бактериялармен қоректенеді;

  • макробиотип - топырақтағы ірі насекомдар (жауын құрттары және т.б.);

  • мегабиотип - топырақта тіршілік ететін сүт қоректілер, мысалы, көртышқандар, жертесерлер жөне т.б.

Топырақтың қасиеті, құрамы топырақтағы организмдердің тіршілік етуіне де әсер етеді. Топырақтың әртүрлі қасиеттеріне - қышқылдығы, тұздылығы, ылғалдылығына байланысты өсімдіктер де әртүрлі экологиялық топтарға бөлінеді. Мысалы, қышқыл топырақтарда (рН 6,7-тен төмен) ацидофильді түрлер (сфагналық батпақ өсімдіктері), нейтрофильді түрлер (рН 6,7-7,0 мәдени өсімдіктер), базофильді түрлер (рН 7,0-ден жоғары, ақ акация) өседі.

Қолданбалы биология және топырақтану негіздері топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттерін және географиялық таралу заңдылықтарын, түзілуін, табиғаттағы орнын, тиімді пайдалану және жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.

2. Қолданбалы биология және топырақтану негіздері ғылымының қалыптасуы орыстың аса дарынды табиғаттанушы ғалымы В.В. Докучаевтің (1846-1903) есімімен тығыз байланысты. В.В. Докучаев 1876 ж арнайы қара топырақ жөнінде комиссия құрды. 1883ж В.В. Докучаев топырақтану жөніндегі әлемге әйгілі “Орыстың қара топырағы” деген ғылыми еңбегін шығарды. Одан кейінгі жылдары В.В. Докучаевтің шәкірттері Н. М. Сибирцев, К.Д. Глинка топырақ зерттеу жұмыстарын жемісті жалғастырды. “Қолданбалы биология және топырақтану негіздері” ғылымының Қазақстанда дамуына Ө. Оспанұлының есімімен тығыз байланысты. В. В. Докучаевтің анықтамасы бойынша топырақтың пайда болуына, дамуына, өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар : ауа –райы, топырақты түзуші жыныстар, төменгі сатылы өсімдіктер және жоғарғы сатылы өсімдіктер мен тірі жәндіктер, жер бедері және аймақтың геологиялық жақсы. Топырақтың негізгі қасиеті – құнарлылығы, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен және ылғалмен қамтамасыз етуін айтады. Табиғаттың жоғарғы туындысы адам топырақ құнарын өсімдіктер мен жануарлар дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланады. Өсімдіктер құнарлы топырақ қабатынан тамыр жүйесі арқылы қоректік заттарды алып, бойына сіңіріп, жапырақтарына түскен күн сәулесімен ауадағы көмір қышқыл газы арқылы жүретін фотосинтез нәтижесінде денесіне өте мол органикалық және минералдық зататрды жинап, едәуір энергия шоғырландырады. Осы энергиялар, яғни органикалық және органоминералдық қосылыстар бүкіл жан – жануарлар, адамзат тіршілігі үшін өмір өзегі болып табылады. Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз үлкен геологиялық және кіші биологиялық айналымы өтеді. Суда еритін, сөйтіп өсімдіктерге қорек болатын минералдық заттар физикалық және химиялық айналымға түседі. Ал осы қопсыған, ұнтақталған жыныстарға тірі организмдер қоныстаған уақыттан бастап тірі организмдерге қоректі заттар өсімдіктер мен микроорганизмдердің таңдамалы сіңірулерінің нәтижесінде үлкен геологиялық айналымнан кіші биологиялық айналымға көшеді. Органикалық заттар суда ерімейтін болғандықтан, бұл заттардың қоры жылдан жылға көбейе береді. Сонымен қоректік заттарға кедей тау жынысы, тірі организмдер мекендегеннен кейін қоректік минералдық және органикалық азотты заттарға байды, яғни құнарсыз тау жынысының орнына құнарлы топырақ пайда болады.

3. Топырақты топырақтану ғылымы зерттейді. Мұның ғылыми негізін салған В.В. Докучаев болды, ал П.А. Костычев, С.С. Неустроев, К.Д. Глинка, В.И. Вернадский сияқты белгілі ғалымдар оны одан әрі қарай дамытты. Қазақстанда 1945ж Қазақ ССР ғылыми академиясының Топырақтану инстетуты құрылды, ол Қазақстан топырағының кіші және орта масштабты картасын жасады. Сонымен қатар инстетут жер суландыру, топырақты әртүрлі жерлерде тиімді пайдалану әдістерін анықтау бағытында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл салада А.И. Бессонов, А.В. Мухля, В.М. Боровский, Ө. Оспанов, Ш.М. Шолтырев, Т.Т. Тазабеков тағы басқа ғалымдар жемісті еңбек етуде.



Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақ қорғаудың мәселелері?

  2. Табиғат қорғау түрлері?

  3. Қорықтардың ұйымдастырылуы?



Лекция № 18

Тақырыбы: Қазақстанның экологиялық проблемалары.
Жоспары :

  1. Қазақстанның апатты аймақтары

  2. Арал апатты аймақ

  3. Семей полигоны.


Лекция мақсаты: Қазақстанның апатты аймақтарының жағдайларымен танысу.

Лекция мєтіні

1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ АЙМАҚТАРЫ

  • Республикамыздың аумағында кездесетін мол табиғат ресурстары тиімді және тиімсіз жолдармен игеріліп келеді. Әсіресе қазба байлыктарды өндіру мен өндеу, оларды тасымалдау барысында, ашық кен өндірістерінде кен қазғанда табиғат орасан зор зардап шегеді. Оның үстіне еліміздегі полигондар орналаскан аумактарды экологиялык тұрғыдан апатты аймактарға жаткызуға болады.

  • Семей өңіріндегі сынак аймағының радиоактивті заттармен ластану деңгейі өте жоғары. Осы аумакта шоғырланған 154 өнеркөсіп орнынан жылына 294 мың т улы химиялык заттар коршаған ортаға таралады. Мөселен, Семей каласы бойынша ауыр металдардың шектеулі рауалы шоғырлануы жөніндегі көрсеткіштерге көңіл бөлсек, мыс—100, қорғасын — 100, мырыш — 300, хром — 100, кобальт — 50, никель — 50 есеге артқан.

  • 1990 жылғы мәлімет бойынша, Қазақстан аумағында ядролык кару сыналған жердің көлемі облыстарда: Актөбеде — 4207,5, Атырауда — 1635,3, Шығыс Қазакстаңда — 11,1, Жамбылда — 2576,1, Қарағандыда — 4900, Батыс Қазакстанда — 1558,8, Орталык Қазакстанда — 19,6, Маңгыстауда — 21,4, Павлодарда — 717,0, Оңтүстік Қазакстанда — 8,1, Шығыс Қазакстанда — 941,2 мың га жерді камтыған. Аталған облыстарда 50 жылдай бойы Ресейдің әскери ведомостволары 500-ге жуык ядролык сынак жасап, 20 млн га шұрайлы жерді жарамсыз еткен.

  • Батыс Казакстан аумағында 1966—1979 жылдар аралығында 24 ядролык кару сыналған. Сынак Маңғыстау облысында 3 рет, Батыс Қазакстанда 4 рет, ал Атырауда 17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр полигоны ғана 61 мың га жерді алып жатыр. Зерттеу нөтижелері бойынша Нарын, Азғыр кұмдарында ауыр металдардың шектеулі рауалы шоғырлануы көбейіп, цезий — 137, кадмий — 80—120, стронций — 150, корғасын — 80, нитрат — 88 есеге арткан.

  • 1988—1991 жылдар аралығында тек кана Тайсойган поли-гонында 24000 зымыран сыналып, 30 мың т жанармай жагылған. 1994 жылы 5 шілдеде жөне 27 казанда апатка үшыраған "Протон" зымыран тасығышынан бөлінген гептилен уы Карағанды облысынын жеріне орасан зор кауіп төндірді. Оның зардабы әлі белгісіз болып отыр.

  • Казіргі кезде Казакстан жерінің 33,6 млн га жері өскери полигондардың кесірінен бұзылғаны аныкталды. Сол сиякты республика аумағында барлығы 16 млрд т радиоактивті калдык жинакталған. Ол калдыктар Ақмола облысьшьщ — 800 га, Жамбыл облысының — 190 га, Қарағанды облысының — 25 га, Кызылорда облысының — 3 га, Онтүстік Қазакстан облысының 2 га жерін алып жатыр. Мұны Казакстандағы радиациялык апат аймактары мен олардағы казіргі калыптаскан жағдайлар келтірілген фактілер аркылы көруге болады.

2. Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Тек Семей полигоны ғана белгілі және ең көп зардап шеккен орта, бірақ қазақ жерінің 19 млн га жерінде 40 жыл бойы сынақ жүрген. Көптеген шұрайлы жерлер жойылған. 1949-1989 жылдар аралығында – атмосферада – 27, жер бетінде – 183, қалғаны жер астында сыналған. Ресейде – 225, АҚШ – 1032, Қазақстанда -500 сынақ өткен. Осының салдарынан қаншама адам ауруға ұшырап отыр. 2,6 млн адам мутагенез ауруына, ісік, қан ауруы, жүйке ауруы. Осыларды есепке ала отырып 1991 жылы 20 тамызда елбасымыз атом сынағын тоқтатты. Невада – Семей қоғамының жемісі болды. Болашақта ол орталардың қалпына келіп, табиғат тыныштығы орнайтынына сеніміміз өте зор.



3. Арал теңізі – Қазақстанның інжу, маржаны, шөл белдеміндегі бірден бір көгілдір су айдыны еді. Алғашқы көлемі – 1066 км /2, тереңдігі – 30-60м, тұздылығы – 10-12%. Арал алғашында балыққа бай, қоғалы теңіз еді. Ал зардаптан кейін Арал көлемі азая түсті. Оларға игеру жерлерінің 1960 ж бастап Сырдария мен Амудария суын ауылшаруашылығына пайдалану есесінен 1970-1980 ж аралығында Арал сусыздана бастады. Жылдан жылға Арал теңізі 23 м төмендеп, су айдыны 30-200 км қусырылды. Тұздылығы – 40% жетті.

Арал апатына себеп болған факторлар:

  • жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

  • ауыл шаруашылығын дүрыс жоспарламау, судың корын есепке алмау;

  • суды өте көп кажет ететін куріш, макта дакылдары алкабының ауданын барынша көбейтіп жіберу;

  • жерді игерудің агротехникалық шараларын сактамау жөне судың дүрыс пайдаланылмауы;

  • табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген кателіктер мен оларды игерудің ғылыми түрғыдан негізделмеуі больш табылады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Арал мәселесі?

  2. Палигондар?

  3. Апатты аймақтар?



Лекция № 19

Тақырыбы: Экологиялық мониторинг, оны ұйымдастыру принциптері. Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы.
Жоспар:

  1. Экологиялық мониторинг

  2. Экологиялық мониторингке түсінік және оның міндеттері

  3. Мониторинг жүйесін топтастыру


Лекция мақсаты: Экологиялық мониторингке түсінік және оның міндеттерін үйрену.

Лекция мєтіні

  1. Экологиялық мониторинг — табиғи құбылыстардың жәнс антропогендік іс-әрскеттсрдің әсерінен коршаған орта жағдайыныіі өзгеруін бакылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. «Мониторинг» деген термин "монитор" - сактандырушы, қадағалаушы деген латын созінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл, маусымда) "бақылау" ұғымын толықтыру ретінде пайда болды.

Табиғи жөне антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші корсеткіш больш экологиялык шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ), былайша айтқанда, Бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылык карекеті. Бұл шектен асушылык экожүйенің тұрақтылығының бүзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның ден-саулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне апарып соғады. Қазіргі уақытта Бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауга барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті.

Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы, ауа мен топырактың температурасының, қысымының, ылғалдығының озгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде отеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер оте баяу түрде өзгереді. Себебі қоршаған ортаны өзгертетін сырткы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің езіне тән тұрақтылық кабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның түрактылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін, яғни түрактылық шегінен шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен коршаған орта оздерінің түрактылығын кез-келген геологиялык кезендерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырды.



2. Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жагдайын аз уакыттың ішінде өзгерте алады. Осы процестсрдід озгеруін бакылауды дүниежүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан кызмет атқаратын (гидрометеорологиялық, сейсмикалык, ионосферлык және баскалар) жүйелер жүргізеді.

Биосфераның абиоталық құрамының антропогендік озгеруін және осы өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар, антропогендік әсердің арқасында ксзектегі экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге, бағалауга, болжауға экологиялык монито-рингтің информациялык жүйесі жасалды.

Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері:


  • антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау;

  • антропогендік әсер факторларын бақылау;

  • антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін процестерді және оның жағдайының озгеруін бақылау;

  • табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау;

  • антропогендік факторлар әсерінен табиғи ортада болатын өзгерістерді болжау және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын бағалау.

Экологиялык мониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын өзгерістерді болжау.

Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, құрғақ жердің беткі сулары, мүхит пен теңіздер, жер асты сулары, криосфера (климаттык жүйені құрушылар) жатады.

Бакылау объектілері келесі түрлергс болінеді: атмосфералық, ауалық, гидросфералық (жиынтыкты түрде гидрометеорологиялык), топырақтық, климаттык мониторинг, сейсмикалык, ионосферлық, Күн, магнитометриялык, биологиялық, осімдіктер, жануарлар, тұрғындар денсаулығының мониторингі және т. с.

3. Мониторинг жүйесі факторларға, коздерге жоне әсер ауқымына байланысты да топтастырылады.

Әсер факторларының мониторингі - әртүрлі химиялық ластағыштардың (ингредиенттік мониторинг), түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әсерлерінің (электр магнитті сәулелену, күн радиаңиясы, шу, діріл) мониторингі.

Ластағыш көздердің мониторингі — нүктелі стационарлы көздер (зауыттардың мүржалары), жылжымалы (көлік), кеңістік (қалалар, химиялық заттектер ендірілетін егістік жерлер) көздер.

Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік және уақытша мониториштерге бөлінеді.

Мәліметтерді ортақтастыру сипаттамасына қарай мынадай мониторинг жүйелерін қүрайды:

• ғаламдық (биосфералык) - халықаралық ынтымақтастық

негізінде Жер биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу аркылы назарға ұстап, экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту жасап отыру;


  • базалық (фоңдык) - жалпыбиосфералық, табиғи құбылыстарды бақылау ;

  • ұлттық - бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдар арқылы жүргізілетін мониторинг;

  • аймақтық - халық шаруашылығын қарқынды игеру барысында

ірі-ірі аудандардың көлемінде құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы бақылау;

• жергілікті (локалды) - елді мекендерде, өнеркәсіп

орталықтарында, кәсіпорындарда коршаған ортаның сапалық озгеруіне бақылау жүргізу;

• импактылық - ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық



жоне жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі. Дүние жүзінің 140 елі қатысатын қоршаған орта мониторингінің ғаламдық жүйесі 1970ж. құрылған. Бұл жүйенің мақсаты:

  • қоршаған ортаның жай-күйінің халыкаралык мониторингі мен бағалануын откізуді үйлестіру және оған жәрдемдесу;

  • мопиториштің жаңа станңияларын куруда комек корсету;

  • атмосфера мсн климаттың жай-күйі, қоршаған ортаның ластануы туралы мәліметтерді жинау жоне тарату.

Ғаламдық жүйенің негізгі атқаратын міндетіне геоақпараггык жүйелсрдің технологиялар негізінде жерді пайдалану, климат, әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі көптеген мәлімсттерді біріктіру мен акпаратты ресурстарды басқару жөнінде кеңестік қызмет корсету жатады.

Ғаламдық мониторинг Жердің барлық табиғи жүйесінің казіргі жағдайын бағалауға мүмкіндік беріп отыр. Әлемнің әр аймағында бақылауды 40-қа жуық қүрлықтағы жөне 10-ның үстіндегі мұхиттың базалық станциялар жүргізеді. Олардың кейбірі биосфералық қорықтарда орналасқан.

Локалды мониторингті жузеге асыратындар түракты, жылжымалы немесе шырақ астындағы тексеру орындары. Осындай жүйелер көбіне Қазакстанның ірі қалаларында. Мысалы, Алматы қаласыңда атмосфералык ауаның мониторингі 6-7 орында жүргізіледі.



Монитөринғ жүйесін колданылатын төсілдерге (физикалық-химиялық және биологиялық көрссткіштердің мониторингі, аралық мониторингі) сүйене отырып топтастыруға да болады.

Химиялық мониторинт - атмосфераның, жауын-шашынның, жер беті мен жер асты суларының, мүхит пен теңіз суларының, топырактың, түпті түнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялык құрамдарын (табиғи және антропогендік жолмен пайда болған) бақылайтын жоне химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе. Химиялық мониторингтің негізгі ең басты міндеті қоршаған ортаның өте улы заттектермен нақтылы ластану деңгейін анықтау. Қоршаған ортаны ластайтын ксйбір зиянды компоненттер мен олардың молшерін бақылайтын дсңгейі келтірілгсн.

Физикалық мониторинг - коршаған ортаға физикалык процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, күргақшылық, топырақ эрозиясы және т. с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.

Биологиялык мониторинг - биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни ортаның озгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс-тұрысына қарап пішіп-кеседі).

Экобиохимиялъщ мониторинг - қоршаған ортаның екі күрам болігін (химиялық және биологиялық) бақылауға негізделген мониторинг.

Дистанциялык (аралық) мониторинг - зерттейтін объектілерді барлауға және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға арналған радиометриялық қондырғылармен қамтылған ұшқыш аппараттар қолданылған авиациялык, космостық мониторинг.

Топтастыру приіщипіне қарай әртүрлі мониторинг жүйелері бар.

Олардың ішінде түрлі қажетке ең жарамды болып саналатын қоршаған ортаның құрама (комплексті) экологиялық мониторингі.

Қоршаған ортаның құрама экологиялык мониторингі - бұл қоршаған табиғи орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге және адам мен басқа да тірі ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың тууы туралы ескертуге арналған бақылау жүйесін ұйымдастыру. Ол жергілікті (локалды), аймақты және фондық болып бөлінеді.

Бақылау сұрақтары:


        1. Мониторинг деңгейлері?

        2. Монитроинг түрлерін ата?

        3. Глобальды монитринг?

Лекция № 20

Тақырыбы:Қорғалатын территориялар – қоршаған ортаны қорғаудың бір түрі ретінде.

Жоспары :

              1. Қорғалатын территорияларды белгілеу

  1. Қоғам мен табиғаттың өзара қарым қатынастарының кезеңдері.

  2. Табиғи экожүйеден ауыл шаруашылық экожүйеге дейін.



Лекция мақсаты: Қорғалатын территориялар – қоршаған ортаны қорғауды оқып үйрену.

Лекция мєтіні

1. Ерекше қорғауға алынған территориялар.

Кез келген мемлекеттің ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі 2 міндеттің орындалуын қамтамасыз етуї тиіс:


      1. оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақ-

    1. тар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;




    1. жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау;

Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.

Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат е,скерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар. Қорықтар – табиғатты қорғаудың бір түрі. Дүние жүзіндегі ең ірі

саябақ Гренландияда 7 млн.га. Қорықтар толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді. Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше

объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі қорғалымдар болып табылады.

Қазақстан қорықтары: Ақсу-Жабағылы 1926ж. Талас Алатауының солтүстік батыс бөлігін алып жатыр, ауданы 73 мың га. Барса – Келмес Арал теңізінің солтүстік бөлігінде 1939 ж. құрылған, ауданы 198 шаршы км. Наурызым 1931 ж. құрылған, ауданы 100 мың га. Қостанай облысы Жетісу ауданында орналасқан. Алматы 1934 ж. құрылған. Алматы облысы Шелек ауданында орналасқан. Қорғалжын 1958 ж. құрылған, ауданы 237 мың га. , Акмола облысы, Қорғалжын ауданында орналасқан.

Марқакөл 1976 ж. құрылған, 71 мың га. Бетпақ-дала Сарысу өзені мен Балхаш көлінің арасында орналасқан. (ОҚО, Қызыл- Орда, Жамбыл). Қаратау (Қызылқұм) қорығы ОҚО, Арыс және Шардара аудандары территориясында орналасқан . Көлемі 150,6 мың га., 1990 ж. құрылған. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Оларға: ормандар, көлдер , жазықтар, тау, сарқырамалар, үңгірлер, әсем жартастар және т.б. жатады.

Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Қоршаған ортаның бұзылуы адамдар өте бай болғанда да және кедей болғанда да орын алады. Бірақ жердің табиғат ресурстарына келтіретін зиянкестігі үшін жауапкершіліктің басым бөлігі 1 млрд бой адамдардың үлесіне тиеді.

Қазіргі кезеңде, өкінішке орай бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей отыр.Байлар одан әрі баюда , ал кедейлер кедейленуде. Бұл өзекті экологиялық мәселелерді шешуді қиындатуда .

Қазіргі кезде ғаламшарымыздың әрбір тұрғыны XXI-XX ғасырлар соңында өмір сүрген ата-бабаларымен салыстырғанда шамамен 4,5 есе бай болғанымен, халықтың өмір сүру жағдайының деңгейі бірдей емес 1 млрд өте бай адам болса , ал 1 млрд өте мұқтаждық жағдайында өмір сүреді. Байлықты доллармен есептегенде дүние жүзінде 157 милардер, 2 миллионға жуық миллионерлер және күндік табысы АҚШтың 1$-дан кем болатын 1,5 млрд.тан астам адамдар бар. Америкадағы балалардың өздерінің күнделікті қажеттіліктеріне жұмсайтын ақшасының мөлшері ( жылына 230 $) планетаның жарты млрд. кедей адамдарының өмір сүруіне жұмсайтын мөлшерінен артық. Шектен тыс көп тұтынуға қарама-қарсы кедейлік, экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді.

Соңғы 100 жылда индустриалды дамыған елдердің шаруашылық қызметі нәтижесінде атмосфераға парниктік эффект туғызатын газдардың 2/3 бөлігін шығарған. Бұл елдердегі энергияны пайдалану қышқылдық жауын-шашындардың түсуіне әкеліп соқтыратын күкірт пен азот тотықтарының жалпы көлемінің шамамен ¾ бөлігін шығарады.

Дамыған елдердің өнеркәсіп зиянды химиялық қалдықтардың көп бөлігін және галаогенді көмірсулардың 90%-не жуығын береді.

Дүние жүзіндегі қаржы айналымы 1980-1990 жылдар аралығында төмендегідей болған: дамыған елдерден дамушы елдерге 49 млрд.$, дамушы елдерден дамыған елдерге 242 млрд.$. Олай болса табиғат ресурстарының сарқылуы және қалпына келмейтінін түсіну дүние жүзіндегі әлеуметтік теңсіздікті одан әрі шиеленістіріп жібереді.

Өкінішке орай бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей отыр. Байлар одан баюда, кедейлер кедейленуде. Бұл өзекті экологиялық мәселелерді шешуді қиындатады.

2. Қоғам мен табиғаттың өзара қарым – қатынасының тарихында бірқатар ерекше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:



  1. Палеолит – дәуірі. Адам бұл тарифи кезеңде табиғатпен бірге еді, оның тіршілік қызметі жинау мен аңшылықтан құралды. Палеолиттің ұзақтығы 2 млн. жылдан астам уақытты Альп жатыр.

  2. Аграрлық кезеңге адамның мәдени жер өңдеуге көшуінен басталған неолит дәуірі жатады. Осы дәуірден бастап егіншілік пен мал. шаруашылығының дамуына байланысты, қоғам биосфераға кошті әсер ете бастады. Ормандарды кесу, шалғындық далаларды жарту, үй жануарларын жою. Нәтижесінде ғаламшардың орасан үлкен территориялары біртіндеп құмды шөлдер мен жартасты тауларға айкала бастады. Аграрлық кезеңнен бастап тарихтағы техногенні дәуір басталады, яғни адам белсенді түрде биосфераны өзгерте бастады, табиғаттың заңдылықтарын өзінің мақсатына бағытталған түрде пайдалана бастады.

  3. Индустриалды кезең (ол XVII – XX ғасыр ортасы) кен өндіру салалары мен металургия қарқынды түрде дами бастады. XX ғасырдың ортасына қарай өндірістің қоршаған ортаға әсері кеңейіп, ғаламдық сипатқа ие болды.

3. Антропогенді экожүйелерге агройеноздар мен агроэкожүйелер жатады. Агроценоз дар ауыл шаруашылығында қолданылатын жерлерде пайда болатын биоценоздар. Олар табиғи бірлестіктерден, біріншіден, құрамына кіретін түрлердің санының аз болуымен, екіншіден, осы бірлестіктің негізгі мүшесі – мәдени дақылдардың зиянкестер мен бәсекелестіктің қарсы тұру қабілетінің төмен болуымен сипатталады. Мәдени дақылдар адамға пайдалы жағына қарай сұрыптау арқылы кошті өзгеріске ұшыраған, сондықтан олардың адамның көмегінсіз тіршілік үшін күреске қабілеті нашар.

Агроценоздарды адам көп қуат жұмсау арқылы Остап тұрады. Ал табиғи биоценоздар мұндай қосымша энергия көзін қажет етпейді.

Қазір ауыл шаруашылығында әр түрлі өсімдіктерді химиялық қорғау құралы пестицид тер қолданылады. Пестицидтердің көпшілігі тек зиянкес түрлері ғана емес, олардың паразиттері мен жыртқыштарын да жояды, яғни агроценоза қалыптасқан реттеуші байланыстар бұзылады. Зиянкестердің тірі қалған бөлігі реттеушілерден босанып, бұрынғыдан да көбейеді. Тірі ағзаларды – жыртқыш немесе паразит тік бунақденелер, бунақденеқоректі немесе жыртқыш құстарды бактериялар, виру стар және т.б. зиянкестерден қорғану үшін қолдану биологиялық күрес әдісі деп аталады.



Агроэкожүйесі дегеніміз - адамның сапалы қызметімен жоспарланып, жасалған территориялар. Ауыл шаруашылық өндірісінің қазіргі көптеген әдістері өзінің мәні жағынан антиэкологиялық – монодақылдарды
Бақылау сұрақтары:

        1. Ерекше қорғалатын территориялардың маңызы?

        2. Табиғатты қорғаудың маңызды формалары?

        3. Қоғам мен табиғаттың өзара қарым – қатынасы?


Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, Ғылым.1997ж.

2.Е.Мамбетказиев. Қ.Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы Қайнар.1990ж.

3. Жамалбеков Е. Ү., Білдебаев Р. М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А. Қазақ университеті 2001 ж.



Қосымша:

4.А.Б.Бигалиев, Е.У.Джамалбеков. Қазақстан топырақ экологиясы. Алматы. 1998ж.

5.Г.К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.

6.И.А.Шилов. Экология. Москва. Высшая школа. 2000ж.

7. А.А.Грелова. Экология. Москва. 1997ж.

8.В.И.Фурсов.Экологические проблемы окружающей среды. Алматы. 1991ж.

9.Ю.М.Одум. Экология в 2-х томах. Москва. Мир, 1986ж.

10.В.А.Радкевич. Экология. Минск. Высшая школа.1997ж.

1. А.В.Чигаркин. Геоэкология Казақстан. Алматы. Санат. 1995ж.

2.А.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева, Экология. Алматы. Ғылым. 2001ж.

3. А.К.Саданов, З.С.Сванбаева. Экология. Алматы.1999ж.

4. В.А.Алексеенко. Экологическая геохимия. Учебник. М. Логос. 2000ж.

5. Ф.И.Гиренок. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М. 1987ж.

6.М.И.Будько. Глобальная экология. М. Мисль. 1997ж.

7.Л. А.Муравей. Экология и безопасность жизнедеятельности. М. ЮНИТИ, 2000ж.

8.Э.В. Гирусов. Экология и экономика природопользования. М. ЮНИТИ, 1998ж.

9. Г.С.Оспанова, Г.Т. Бозшатаева.Экология.Алматы .Экономика.2002ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет