Биология курсында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі



Дата23.05.2017
өлшемі73,55 Kb.
#16737
Биология курсында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі
Абдраманова Гульмира Бостановна, биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;

Еспенбетова Шолпан Омаровна, техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін Қазақстандық қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және технологиялық  өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім» [1].

Қазіргі уақытта балаларды оқытуға арналған әдістемелер, оның ішінде ойын технологиясы кеңінен пайдалану үстінде. Яғни, ойындарды игеру балаларды жан - жақты болуына зор ықпалын тигізеді. Балалардың оқу іс - әрекетін арттыру үшін ойын элементтерін тиімді пайдалану керек. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ барысында қандай ойын түрлерін қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынғаны дұрыс. Яғни, бала тілін дамыту барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзіреттілік тапсырмалар арқылы балалардың өздігінен дамуға, жетілуге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға арналған бірден - бір таптырмас технология.

Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістерінің бipi. Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылар әрбір жаңа тақырыптан кейін «Сен – маған, мен – саған» ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл ойында оқушы өзі дайындап келген сұрағын жолдасына қояды, егер жолдасы дұрыс жауап бере алмаса жауабын өзі айтып, қосымша ұпай алады.

Ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі — дидактикалық ойындар [2, 3, 4].

Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.

Биология сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді. Ойын арқылы оқыту технологиясы биология сабақтарында кеңінен қолданылады. Мәселен, 8 сыныптың «Қан. Қанның маңызы. Эритроциттер» тақырыбын қарастырайық.



Тақырыбы: § Қан. Қанның маңызы. Эритроциттер

Сабақтың мақсаты: Қан, қанның маңызы туралы түсінік беріп, алған білімдерін өздігінен оқып меңгеруге ықпал ету.

Білімділік: Оқушыларға қанның организм үшін ауадай қажетті екеніне көз жеткізу.

Дамытушылық: Қанның организм үшін маңызды екені жөнінде білімдерін кеңейту

Тәрбиелік: Денсаулықты күтуге тәрбиелеу

Ойынның түрі: "Жарыс сабақ"

Сабақ мынадай кезеңдерден тұрады:

І кезең. "Ақсерек - көксерек" ойыны (сыныпты топқа бөліп, әр топ бір-біріне сұрақтар қойып, сұрақтар арқылы үй тапсырмасын сұрау).

ІІ кезең. Жаңа сабақ

ІІІ кезең. "Алтын қақпа" ойыны (бұл ойында оқушылардың жаңа тақырыпты қалай меңгергенін анықтау).

ІV кезең. Бекіту

V кезең. Қорытынды

VІ кезең. Бағалау

VІІ кезең. Үй тапсырмасын беру



Жаңа сабақ барысы:

1. Сынып оқушыларын "Эритроциттер" және "Лейкоциттер" болып екі топқа бөлініп жарысатындығын түсіндіреді.

2. "Ақсерек - көксерек" ойыны. Әрбір топ бір-біріне сұрақтар қойып, жауап алады.

І топ ІІ топқа:

Сұрақ:

- Организмнің ішкі ортасы деп ....... айтады.



- Адамда ........ қан тобы бар.

- Тегершік пішінді қан жасушасы ....... деп аталады.

- Қан қабылдаушы адамды ........ атайды.

ІІ топ І топқа:

- .......... - өкпе мен ұлпалардың арасында газа алмасу процесін қамтамасыз етеді.

- .......... - қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.

- .......... - қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы белоктар - антиденелер болады, олар улы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды да, оларды бөліп шығарады.

Қан – біздің ағзамыздағы ең тамаша ұлпалардың бірі. Мемлекет үлкен транспорт жолдарынсыз қалай елестеуге болмаса, адамды, жануарларды да қансыз елестету мүмкін емес. Өйткені қан бүкіл ағзаға оттегін, қоректік заттарды, суды тасымалдайды.


Қан –дәнекер ұлпасының бір түрі. Ол адамның ішкі ағзасын толтырып тұратын үш сұйықтықтың біреуі. Қан, жасушаларға оттегін қоректік заттар жеткізу. СО2 және ыдырау өнімдерін сыртқа шығару қызметін атқарады.Сонымен қатар жылуды реттейді. 23 секундта қан денені бір рет айналып шығады. Сонымен бірге қан қорғаныш, тасымалдау /гормондар/ қызметін де атқарады.

Ішкі ортаның ерекшеліктері Қан Ұлпа сұйықтығы Лимфа


1. Мөлшері 4,5–5 л 20 л 1–3 л
2. Түсі Қызыл Сарғыш Ақшыл-сары
3. Ұлпасы Дәнекер Дәнекер Дәнекер
4. Құрамы: а) Қан плазмасы – 55%
ә) Қан жасушалары (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер)
– 45% қан плазмасына ұқсас. Құрамында нәруыз аз, лимфоциттер, лейкоциттер бар Қан плазмасына ұқсас, құрамында нәруыз өте аз. Лимфоциттері бар
5.Түзілетін орны. Сүйектердің кемік майында, көкбауырда, лимфа түйіндерінде түзіледі. Қанның құрамынан бөлініп жасушаларды қоршап жатады Ұлпа сұйықтығынан бөлінеді
6. Атқаратын қызметі. Тасымалдау, тынысалу, қоректік, зәр шығару, жылу реттеу, ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету. Капилляр қантамырларын жасушалармен байланыстырып, заттар мен газ алмасуды реттейді. Судың таралуын реттеу, қорғаныштық, ұлпа сұйықтығын реттеу,
7. Айырмашылығы. Тұйық шеңбер түрінде жүректен мүшелерге, мүшелерден жүрекке қарай ағып тұрады. Аздаған мөлшері капилляр тамырларындағы қанға қайта қосылады. Мүшелерден жүрекке қарай бір бағытта өте баяу ағады.
Қасиеті: Қанның ең керемет қасиетінің бірі – ұюы. Қан ұйығанда тромб түзіледі. Тромб-фибрин ақуызынан түзілген. Ұю Са (кальций) тұздарының қатысуымен жүреді.

қорғаныш тасымалдау

қоректену тыныс алу

жылу рет, гуморалды реттеу



Қанның құрамы:

55-60 % плазма 40- 45 % қан жасушалары

Сарысу Фибриоген 1. Эритроцит – 100-120 күн /500 00
2. Лейкоцит — 1-7 күн /4-8 мың
3. Тромбоцит 5-8 күн /200-400 000.

ТРОМБ + Са2+ қанның ұюы

ҚАН ТОБЫ Егу Сарысу

ИММУНИТЕТ:

ІІ. Жасанды

ІІІ. Табиғи

Туа пайда болады. Жүре пайда болады.

Донор реципиент.

Жасушалық иммунитет: — «антиген», «ангитела

3. «Алтын қақпа» ойыны.

Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын

Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын,

Ғылымдар патшасы боп дараланып,

Биология — қызыққа тоймайтұғын - деп, биологияға осылай баға беріледі. Ойын барысында үш қақпа ашылады. Әр қақпада тапсырмалар беріледі. Ол қақпалар ашылған сайын тапсырмалар күрделене түседі. Осы ойын арқылы оқушылардың білімдерін тексеремін. Сабақта білімдерін ортаға салып, тапсырмаларды мүлткісіз орындатып, сандықтағы сыйлықты алуға тырысады.



І. Тас қақпа тапсырмасы:
Сөзжұмбақ шешу: І топқа:

Сөзжұмбақтың сұрағы:

1. Организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. (Қан)

2. Қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды минералды тұздарды және дәрумендерді тасымалдайды. (Асқорыту)


3. Тромб негізінен ерімейтін талшықты белок неден құралады? (Фибрин)
ІІ топқа:

ІІ. Күміс қақпа тапсырмалары:

Топ басшылары шығып, күміс қақпасындағы 2 хатты оқып, 1 минут ішінде ойланып, әңгіме құрастыру керек. І топқа — «Донор», ІІ топқа — «Реципиент»

деген тақырыптарда ой қозғау керек.

ІІІ. Алтын қақпа тапсырмалары:

Тапсырмаларды алғаш орындап, алтын қақпаны ашқан оқушы сандықтың тапсырмасын орындайды.

Сандықтың тапсырмасы: Сандық ішінде әр түрлі тақырыпқа байланысты суреттер беріледі екі топ сол суреттерді анықтау керек.

Бағалау
Үйге тапсырма беру.
§ 29-35 қайталау. Тірек сызбаны жаттау.

Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Елбасының жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» - 2007. - 28 ақпан.

2. Коваленко В.Г. «Дидактические игры на уроках математики» М., 1990.



3.Эльконин Д.Б. Психология игры. М., Педагогика, 1978.

4. Ахметов Н. К., Хайдаров Н. Ж. Игра как процесс обучения. – Алма – Ата. Знание. 1985. 48 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет