«Биология» мамандығы үшін Құрастырғандар


Лекция №15. Бөлме өсімдіктердің көбейту, өсіру, күту



бет61/72
Дата07.02.2022
өлшемі181,53 Kb.
#94397
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72
Байланысты:
7fdfac23-3305-11e3-9d7d-f6d299da70eeБОЛМЕ ОСИМДИКТЕРИ УМКД

Лекция №15. Бөлме өсімдіктердің көбейту, өсіру, күту.
Дәрістің мақсаты: Бөлме өсімдіктерін көбейті, өсіру және күту туралы мағлумат беру.
Дәріс мазмұны: Қарапайым үй жағдайында өсімдіктерді өсіру үшін олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температура, ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Өсімдіктердің жайқалып өсуі үшін оны қалай суаруды да білген жөн. Әдетте үй өсімдіктерін өсірушілер оған суды көп құяды, соның салдарынан тамыры шіриді. Өсімдікке құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5-7 градус жоғары болуы керек. Ол үшін өзен, жаңбыр, қар, тоған немесе құбыр суын пайдалануға болады. Құбыр суын хлорынан тазартып алу үшін алдын ала ыдысқа құйып, тұндырып қояды. Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбіне ағуы тиіс.



Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аққан суы сол бойда, ал жеңіл топырақтың артық суын 30 минуттан немесе 1 сағаттан кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің табандығында үнемі су жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онда топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Гүлге су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп тұруы қажет. Пиязға, бүлдіргенге су құйғанда оларға су тимеуін қадағалау керек. Өсімдіктерді әсіресе күн ыстықта бүркіп суару қажет. Өсімдіктердің аптасына бір рет жапырақтарын жұмсақ матамен немесе мақтамен жуып отырады, өйткені жапырақтың көздерін шаң басып, ауруға тез шалдығады.
Үй өсімдіктері үшін ең қолайлы ыдыс кәдімгі жайпақ тәрелке мен қыш тостақ болып табылады. Олардың қабырғалары кеуекті болғандықтан өсімдіктің тамырына оттегі оңай жетеді. Металл не сырланған ыдыстарды пайдалануға болмайды. Кактустар мен басқа сукуленттерді өсіру үшін пластмассадан жасалған ыдыстарды пайдалануға болады. Өсімдіктің ауруға шалдығуын болдырмау үшін алдымен ыдысты ыстық сумен мұқият жуады, содан кейін дезинфекциялайды.
Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жапырағы солғанда не тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмап алғанда ғана көшеттеп отырғызады. Отырғызар алдында кесек топырақ жібігенше, су құю керек. Топырағын алмастырып отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді.
Көшеттеп отырғызу жұмысын әдетте наурыз, сәуір айларында жүргізеді. Өсімдікті көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақты таяқшамен, не саусақпен нығыздап су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдікке су құяды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйде) қояды. Шикі етті жуған су өсімдікке жақсы тыңайтқыш болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет