Сабақтың тақырыбы: Гүл және жеміс.
Сабақтың мақсаты: 1. Жалпы өсімдіктің адам өміріндегі пайдасы туралы әңгімелеу, өсімдіктердің өніп - өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрғақ және шырынды жемістермен таныстыру.
2. Дүниетанымын, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: топтастыру, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, суреттер, оқулық.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз қандай болсын деп ойлайсыңдар?
-Көңілді өтсін, жақсы бағалар алайық, әдепті болайық.
-Олай болса, сабағымыз сәтті өтсін десеңдер біз бір – бірімізді сыйлауымыз керек. Бір – бірімізді тыңдауымыз керек. Бүгін біз жаңа мағлұматтармен танысамыз. Сондықтан бүгін біздің сабағымыз қызықты болады.
Психологиялық дайындық.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты қорғаймыз,
Жаман бала болмаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Жапырақ қалай қоректенеді?
Жапырақ қандай қызмет атқарады?
Жапырақтар қандай болады?
Өсімдік мүшелерін атаңдар.
Оқушыларды топқа бөлу:
І топ - сабақ, ІІ топ – жапырақ, ІІІ топ – жеміс.
Әр топқа тапсырма бөліп беру.
І топ. Күзде жапырақтар неге сарғаяды?
- Күзде күн салқындайды. Топырақ тоңазиды. Өсімдік суды аз сіңіреді. Жапыраққа қажетті күннің жылуы азаяды.
ІІ топ. Жерге түскен жапырақтың қандай пайдасы бар?
- Жерге түскен жапырақтар қыста өсімдік тамырын суықтан қорғайды.Түкен жапырақтарды жинап, жерге көміп топыраққа араластырады. Сонда топырақ құнарлы болады.
ІІІ топ. Жапырақтың құрылысы туралы айтып бер.
-Жапырақтың сабағы болады. Ол сабаққа жалғанып тұрады. Жапырақтың кеңейген жері – алақаны немесе тақтасы деп аталады.
Әр топтың жауаптарын бағалау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, өткен сабақта біз сендермен жапырақ туралы оқып білдік.
Ал, бүгін өсімдіктің тағы бір мүшесімен танысамыз. Ол үшін бәріміз бірге
мына сөзжұмбақты шешеміз. Сол жерден біздің бүгінгі оқып білетін тақырыбымыздың атын білетін боламыз. Ендеше сұрақтарды мұқият тыңдап
дұрыс жауап беруге дайындалайық.
Не жақалып өседі?
Орташа баға.
Ешкінің төлі.
|
Ә
|
Ж
|
Е
|
|
М
|
Е
|
К
|
Е
|
Н
|
|
|
Е
|
М
|
Е
|
Н
|
|
І
|
Н
|
І
|
Қ
|
О
|
С
|
У
|
|
|
1.Үлкен апа.
2.Тұрғылықты жер.
3.Биік ағаш.
4.Сенен кіші бала.
5.Математикалық амал.
Ендеше балалар, келесі тақырыбымыз «Гүл мен жеміс» деп аталады, яғни өсімдіктердің көбею мүшесімен танысамыз.
Қандай гүлдерді білесіңдер?
Райхан, раушан, қызғалдақ, түймедақ, т.б.
Олар сендерге неліктен ұнайды?
Әдемілігімен, жағымды исімен.
Қандай көкөністерді, жемістерді, дәнді дақылдарды ұнатасыңдар?
Жеміс -өсімдіктің бізге тартатын сыйы. Жеміс беретін өсімдікті жақсылап күтіп баптасақ, мол өнім береді.
Ой қозғау. Ал жемістер қайдан шығады?
Сызба арқылы түсіндіру:
Тұқым Өсімдік Жеміс
Жемістердің пайда болуы
Шырынды Құрғақ
Шырыны мол, жұмсақ: Қабығы қатты, сүйектенген құрғақ болады:
алма, алмұрт, картоп, т.б. арпа, бидай, күріш, т.б.
Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды соғайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.
Суретке қарап құрғақ және шырынды жемістерді атаңдар.
Өсімдіктер тұқымдары арқылы таралады. Қайың, жөке, көктал ағаштарының тұқымдарында ұшатын «қанатшалар» болады.
Бақбақ, қоға өсімдіктерінің тұқымдары түкті үлпілдек болады, шамалы жел соқса ұша жөнеледі.
Селеу, қара сұлы - желмен ұшады, үшкір ұштарымен жерге қадалады.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтіннің алғашқы екі бөлімін оқып, талдау, түсіндіру. Сұраққа жауап беріңдер: «Гүл мен жеміс не үшін керек?»
Топпен жұмыс.
Әр топқа жемістердің суреті бар үлестірмелі қима қағаздар таратып беру және әр топ жемістерді топтастырады.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтіннен жемістердің қандай топтарға бөлінетіні туралы айтылған жерін тауып оқыту.
Дәптермен жұмыс. Жеміс –жидектерді бір бөлек, дәнді дақылдарды бір бөлек топтап жазу.
Өтілген тақырыптар бойынша жұмбақтар жасыру.
Жазда өседі,
Күзде түседі. ( Жапырақ).
Көктемде жерге енемін,
Ылғалда өсіп - өнемін.
Менің өскен жемісім,
Қыс бойғы сенің қорегің. (Тұқым).
Аспай піскен, қайнамай түскен. ( Жеміс).
Жемістер мен көкөністердің пайдасы туралы түсіндіру.
ІV. Сабақты бекіту.
1. Гүл мен жеміс өсімдіктің қандай мүшелері?
2. Алма, алмұрт өсімдіктің қай түріне жатады?
3. Қарбыз өсімдіктің қай түріне жатады?
4. Көкөністерді атаңдар.
Кластер толтыру
Түседі Ұшады
Гүл (қайтеді?)
Солады Қурайды
V. Үйге тапсырма: мәтінді оқып келу, жемістердің суретін салу.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы №67 «Т.Тәжібаев» атындағы бастауыш мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Касымбекова Оразкул
Тақырыбы: «Гүл мен жеміс»
Дүниетану
2015-2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |