Дәрістің мақсаты: Декоративті өсімдіктердің биологиялык, экологиялық өсу ерекшеліктерімен танысу.
Дәріс мазмұны: Қазақстанның қалалары мен селоларына көрік беретін, яғни көгалдандыруда пайдаланылатын декоративті өсімдіктер өсіп- даму ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бөлінеді. Бірінші топты көпжылдық әсем өсімдіктер құрайды, олар тұрақты гүлзарларды жасауда кеңінен пайдаланылады. Екінші топты әсем гүлді бір жылдық өсімдіктер құрайды. мұндай гүлзарлар жыл сайын жаңадан жоспарланып, жаңа өсімдік түрлерін пайдалануды қажет етеді. Осыған байланысты бір жылдық декоративті өсімдіктердің жаңа түрлері мен сорттарын интродукциялау жұмыстарын жүргізу қажет.