Сабақ Тақырып: Күнбағыс дақылының морфологиялық сипаттамасы. Тұқым қабығының панцирлік қабатын анықтау



Дата08.04.2020
өлшемі14,64 Kb.
#61945
Байланысты:
13-ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ

13-ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ
Тақырып: Күнбағыс дақылының морфологиялық сипаттамасы. Тұқым қабығының панцирлік қабатын анықтау»

Жұмыстың мақсаты: Өсімдіктер құрылысының ерекшеліктерін оқып-үйрену

Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар: Күнбағыс тостағаншалары, гербарийлер, кестелер

Сабаққа түсініктеме:

Күнбағыс майлы және мал азықтық дақыл ретінде өсірілетін біржылдық мәдени өсімдік, ол вегетативтік органдарының қуатты өсуімен ерекшеленеді. Тамыры кіндікті 2-3м топырақ тереңдігіне бойлады, бүйір тамырлары жақсы дамыған. Сабағы тік өседі, дөрекі қатты талшықтармен көмкерілген, борпылдақ паренхимамен толтырылған. Жемісі шекілдеуік, қысыңқы жұмыртқа мөлшері, пішіні мен түсі көп фактордарға байланысты өзгереді. 1000 шекілдеуіктің массасы майлы сорттарында 40-80г, ал шағылатындарында 170г дейін. Біржылдық күнбағыс астра тұқымдасына жатады, жинақты түр болып табылады да екі бейтарап түрден тұрады, 1 мәдени күнбағыс мұнда екпе дақылда өсірілетін барлық күнбағыс формалары кіреді, 2 жабайы күнбағыс, бұл барлық жабайы формаларды біріктіреді. Мәдени күнбағыс екі түр тармағына бөлінеді: егістік немесе далалық күнбағыс және сәндік күнбағыс. Егістік күнбағыс бірқатар биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері бойынша 4 экологиялық топқа бөлінеді: солтүстік-орыс, орта-орыс, оңтүстік-орыс, армян. Қазақстанда өсірілетін селекциялық майлы сорттарының барлығы күнбағыстың орта-орыс тобына жатады. Бұл топ өсіп-жетілу кезеңінің айтарлықтай ұзақтығымен, өсімдік биіктігімен, сабағының бұтақтылығы және шекілдеуігінің панцирлігімен ерекшеленеді.

Күнбағыс тұқымшасының панцирлік қабаты дегеніміз тұқымша қабығында панцирлік қабықшаның болуы, яғни тығын ұлпасы мен склеренхималар арасында. Панцирлік қабық күнбағыс тұқымшасын күнбағыс көбелегінен сақтайды. Күнбағыс тұқымшасының панцирлік қабатын микроскоппен зерттеу арқылы анықтауға болады. Микроскоппен қараған кезде көзге қара түсті қабық көрінеді, ол пробка ұлпасының төменгі жағында орналасады да, 76% дейін көміртегінен тұрады. Микроскоппен қараған кезде күнбағыс тұқымшасының ең сыртқы жұқа қабаты-эпидермис көрінеді, оның астында тығын ұлпа орналасады, ал одан кейін қара панцирлік қабат көрінеді, одан төменірек склеренхима клеткасы байқалады. Сұр, жолақты сұр тұқымшалардың панцирлік қабығы екі тәсілмен анықталады.

1. Тырнау. Тұқымша бүйірін өткір затпен тырнау арқылы эпидермис пен пробкалық ұлпаны ашады. Одан кейін орналасқан панцирь қабаты көрінеді.

2. Ыстық суда ұстау. Тұқымшаны ыдысқа салып үстіне ыстық су құйып, су ысығаннан кейін тұқымшаларды ыдыстан алады. Егер тұқымшаның панцирь қабаты бар болса, онда ол қоңыр немесе қара түске боялады, жоқ болған жағдайда тұқымша түсі ақшылт болады. Қара және қоңыр тұқымшаларды төмендегідей тәсілмен анықтайды.

1. Қосхромды күкірт қоспасы. Тұқымшаларды ыдысқа салып, үстіне қосхромды күкірт қоспасын құяды. Оның құрамы: Егер барлығын 100г, теңесек, 85% қосхром қышқылды калийдің қаныққан ерітіндісінен және 15% күкірт қышқылы концентрациясынан тұрады. Қоспада 5-10 минут тұрғаннан кейін тұқымшаның эпидермисі мен пробкалық ұлпасы бояуын жоғалтып ағарады да ар жағынан панцирь қабаты көрінеді. Яғни панцирь қабаты бар тұқымша қара түске боялып, ал жоғы ағарады.



Дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30 — 36% калий тотығы бар. Күнбағыс күнжарасында — құнарлы мал азығы, онда 38%-дан астам ақуыздық зат, 20 — 22% көмірсу және 6%-дай май бар. Күнбағысты бұршақ өсімдіктерге қосып сүрлемдік дақыл ретінде өсіреді. 100 кг көктей орылған Күнбағыс құрамында 18 азық өлшемі, 1,4 кг сіңімді протеин бар. Көктей шабылған Күнбағыс га-нан 400 — 500 ц балауса азық алынады. Қазақстанның солт., шығыс аудандарында ерте және тез пісетін саратовтық 10; 169, шортандылық — 41, қостанайлық — 91, т.б. сұрыптары аудандастырылған. Осы сұрыптардың 1 га-нан 10 — 12 ц күнбағыс майы алынады. К-тың негізгі зиянкестері: сым-құрткүнбағыс қан көбелегі, т.б.; аурулары: боз шіріксұңғыла, т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет