«Биология» мамандығы үшін Құрастырғандар


Лекция №13 Тақырыбы: Түр және түртүзіліс



бет41/91
Дата07.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#96913
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   91
Байланысты:
759cd937-3317-11e3-9d7d-f6d299da70eeЭволюционное учение УМКД

Лекция №13
Тақырыбы: Түр және түртүзіліс.
Мақсаты: Түр, түр критерийлары, түр түзіліс туралы мәлімет беру.
Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:
1. Түр туралы ой жүйелерінің дамуы
2. Түр түзілісі – микроэволюцияның нәтижесі
3. Қазіргі кездегі түр критерийлері
Түр туралы ой жүйелерінің дамуы
Популяцияда жүретін микроэволюциялық процестердің нәтижесінде жаңа түрлер пайда болуы мүмкін. Жаңа түрлердің пайда болуы жер бетіндегі тірі ағзалар зволюциясының маңызды сатыларының бірі болып табылады.
Түрді басында популяция мен оның ішіндегі топтардың күрделі жүйесі деп түсінеді. Түр ішіндегі әр түрлі популяцияларда генетикалық ақпараттардың алмасуы жүреді. Осыған байланысты түр дегеніміз – бір – бірімен еркін шағылысып, артынан ұрпақ қалдыра алатын, морфологиялық және анатомиялық белгілері ұқсас дарақтар тобы.
Органикалық табиғат түрлер деп аталатын өзінің әр алуан құлпырған формаларымен біздің көз алдымызда жайдары көрініс беріп тұрады. Осы көп түрлілік жайында мынадай кейбір цифрлар түсінік береді. Палеонтологтардың есебінше жойылып кеткен өсімдіктердің түрлері 250 мыңға, ал жануарлардың түрі 7 миллионға жетеді. Осы фактының өзі – ақ тірі формалардың алуан түрлілігі ұзаққа созылған тарихи даму процесінің нәтижесі деген пікір туғызады.
Ғылыми әдебиетте 250 жылдан бері органикалық формаларға түр деген термин қолданылып келеді. XVII және XVIII ғасырлардың аралығында бұл терминді Джон Рей (1686 – 1704) өзінің «Historia plantarum» атты негізгі еңбегінде қолданды. К. Линней есімімен байланысты бинарлы номенклатура қалыптасуымен бұл термин түпкілікті бекіді; онда Линней түрлерді құдай жаратқан деген ұғымда болады. Линнейше, бұл формалар өсіп – өну заңы бойынша, әрқашан өзі тәріздес ұрпақ беріп көбейіп отырады. Демек, түрлердің табиғаты өзгерген жоқ және өзгермей келеді. Сөйтіп, Линней және одан кейінгі басқа креационистер түрлерді реалды тіршілік етуші тұрақты формалар деп таныды.
Ж. Б. Ламарк та өзінің ғылыми қызметінің бастапқы кезеңдерінде осыған жуық көзқараста болды. Ол, 1786 жылғы француздың методикалық энциклопидиясындағы «Түр» деген арнаулы мақаласында жануарлардың да, өсімдіктердің де түрі өз ара ұқсас особьтардың жиындығынан тұрады, бұлар өсіп – өнгенде де сондай болып қалып отырады деп жазды. Бірақ одан былай эволюциялық идеяны қалыптастыру арқылы Ламарк түр реалды емес деген қорытындыға келді. Ол «Зоология философиясында» түрдің реалдылығы жайындағы көзқарасты сынайды. Оның жаңа көзқарасы түр деген ұғымның өзінде өзгермейтін деген құпия ұғым жатыр деп қарайды. Жануарлар мен өсімдіктерді классификациялауымыз әрқашан жасанды бейнеде, оны адам табиғатқа енгізіп отыр. Шындығында, табиғат өзінің туындыларында тұрақты кластарды да, тұқымдастарды да, туыстарды да, түрлерді де жасаған емес. Табиғат тек особьтарды ғана жаратты, бұлар өзі шыққан особьтармен біршама ұқсас болып келеді. Мұндағы Ламарктың негізгі қатесі, ол түрлер тұрақты емес деп танумен қатар, тарихи даму процесінің белгілі бір кезеңінде түрлердің шын мәнінде болатынын да мойындамайды, бұл екеуін бір мағынада деп санайды.
Дарвиннің «Түрлер тегі» деген еңбегінде түр туралы берген ұғымында жоғарыдағы аталған концепцияға формальды ұқсастық бар. «Түр деген бір – біріне ұқсастығы мол особьтар тобын белгілеуге қолайлы болғандықтан әшейін ойдан алына салған атау деп санаймын, ал мұнда өзінің белгілері едәуір толқымалы және айырмашылығы ондай көп емес формаларды белгілейтін түрше деген терминнен елеулі айырма жоқ. Түрше деген терминде жай жеке айырмашылықтары салыстыруда қолайлы болғандықтан қолданылады».
Дарвин ілімінің осы жағын одан былай К. А. Тимирязов «Биологиядағы тарихи әдіс» атты еңбегінде дамытты. Ондағы Тимирязовтің негізгі пікірі мынадай. Біз органикалық дүниені белгілі қашықтықтан қарасақ, ол бізге органикалық формалардың тізбегі бейнесінде көрінеді. Ал, біз жақындап келіп қарасақ, бұл тұтас тізбек емес екендігін, тек тізбек бейнелес орналасып жатқанын, бір – бірімен жіктесіп бекімеген буындардан тұрғанын көреміз. Органикалық тізбектің осы бөлек – бөлек буындары дегеніміз түрлер. Түрлер - бір - біріне тікелей жанаспайтын формалар, ал бұл классификация құруда біздің сүйенетін фактымыз.
Түрлер тарихи даму процесінде пайда болып отыратын, тірі материяның реалды өмір сүруші формалары деген осы көзқарасты қазіргі кезде көпшілік қабылдап отыр. Түр тірі табиғаттың организмнен жоғары өмір сүру формасы. Түрлер сыртқы белгілерімен ішкі құрылысы өздерінің тіршілік ету бағыты жөнінен, демек, ортамен зат алмасу сипаты жөнінен түрлердің бір – бірінен елеулі айырмашылықтары бар. Әр түрдің өзіне тән ареалы болады, онда ол өзінің экологиялық ерекшеліктеріне лайықты орындарды иемденеді. Түр тірі материяның дамуындағы белгілі бір буыны (кезең), ол табиғи сұрыптау процесінде иеленген оқшаулайтын механизмдері болуының нәтижесінде басқа түрлерден едәуір бөлек оқшау тұрады. Табиғаттағы түр ортақ негізден тараған ұрпақтардың жиындығы. Түр ішіндегі особьтардың араларындағы қарым – қатынас күрделі сипатта, әрбір түрге тән оның өзінше ерекшеліктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет