Биохимиялық адаптация. Ол көп түрлі. Барлық биохимиялық процестерді қамтиды. Бұған клеткадағы белоктардың синтезделуі,тағамдағы ферменттердің әсерінен белоктардың ыдырауы,тыныс алу мен фотосинтез процесі кезіндегі глюкозаның синтезделуі т.б жатады.
Биохимиялық адаптация көбінесе ішкі факторларға байланысты.Мысалы: көптеген топырақтағы омыртқазыздардың,рептилиалардың және сүтқоректілерде аммиак организмнен несеп қышқылы түрінде шығарылады.
Бейімдеушіліктің салыстырмалы сипаты.
Табиғатта тіршілік жағдайларына абсолютті бейімделген формалар жоқ.Ағзаның тірі қалуына кез келген бейімделу тек арнайы орта жағдайларына ғана жәрдемдесе алады. Бірақ соның өзінде де ол салыстырмалы сипатта болады.
Егер тіршілік жағдайлары өзгерсе,бейімділік белгілері пайдасыз болып қалады. Мысалы: Тасбақаның сауыты оны жауларынан жақсы қорғай алады.Бірақ жыртқыш құстар тасбақаны өте биікке көтеріп, жерге тастап жібереді де, быт-шыт болып сынған сауыт ішінен босаған денені алып жейді.
Ақ құр қыстың ашық күндері қар бетіне түскен өз көлеңкесімен көрініп қалады. Жыртқыш балықтардың қашып ,су бетіне шоршып шыққан ұшқыш балықты ауада альбатрос қағып алып жеп қояды.
Кірпінің инелері оны жауларынан жақсы қорғағанымен,үкі кірпі денесін бірнешеге бөліп,әр бөлікті инесімен қоса жеп қояды.
Бейімділіктің салыстырмалы сипатта болуына,жануарлардағы көптеген рудименттер мен атавизм белгілері дәлел бола алады. Мысалы: кейбір құстардың қанаты рудимент түрінде сақталып,ұшу қызметін атқармайды, жылқының қоламса сүйегінің болуы, құрлыққа бейімделген тау қазының саусақтарының арасында жарғақтың болуы, маймылдар мен адамда үшінші қабақтың сақталуы, т.б. Адаптацияның салыстырмалы сипатын, органикалық дүниенің жойылып біткен формалары да айқын дәлелдейді.