Дивергенция– қолдан сұрыптау немесе табиғи сұрыптау нәтижесінде ата – тегі ортақ организмдердің белгілерінде айырмашылықтың пайда болуы.
Дихогамия – аталық пен аналық аузы әр түрлі мезгілде пісіп жетілуі.
Жеке өзгергіштік– бір жұп ата – ананың ұрпағындағы немесе тұтас бір популяциядағы жеке индивидуумдарда, басқа особьтарға ұқсастығы жоқ, әрқайсының өзіне ғана тән қандайда бір белгілерінің болуы.
Конвергенция– қолдан сұрыптаудың не табиғи сұрыптаудың нәтижесінде ата – тегі әр түрлі организмдерде ұқсас белгілер пайда болуы.
Коррелятивтік немесе арақатынастық – белгілі бір органның өзгеруімен байланысты басқа органдардың өзгеруі.
Конбинациялық өзгергіштік – бір органдардың және олардың функцияларының дамуы басқа бір органдарды тежеп, олардың жетілмей қалуына және редукциялануына себеп болады.
Методикалық сұрыптау– әрқашан жаңа тұқымдар мен жаңа сорттар жасайтын творчестволық процесс болып саналады.