«Биология» мамандығы үшін Құрастырғандар


ХVІІІ ғасыр ортасындағы тірі табиғат туарлы метафизикалық ұғымдар



бет8/91
Дата07.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#96913
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   91
Байланысты:
759cd937-3317-11e3-9d7d-f6d299da70eeЭволюционное учение УМКД

ХVІІІ ғасыр ортасындағы тірі табиғат туарлы метафизикалық ұғымдар. Қайта өркендеу дәуірінде Европа елдерінің әр жерінде орталық ірі қалаларыныфң өсуі белгілі бір мәдени тұрмыстың ұйымдасуына негіз болды.
Қалаларда парктер, ботаникалық бақтар ұйымдастырылды, гүл өсіретін орындар және аптекалық бақшалар жасалып, онда алуан түрлі өсімдіктер өсіріледі. Сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар үшін музейлер салынып оған теңіздердің арғы жағынан саяхатшылар жинаған жануарлар мен өсімдіктер коллекциялары қойылады. Бұл жинаған материалды белгілі бір системаға келтіру жөнінде ой туды. Оларды сипаттау, ат беру және классификациялау қажет болды. Материалдардың әр елге және әр қалаға бытырап жиналуы бұл міндетті орындауы қиындатты. Оны әр алуан адамдар зерттеді, әркім өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін зерттеп, өздерінше ат беріп отырды. Бұл жұмыста ешқандай жүйе, ғылыми систематиканы жасау принципі болмады. Кейбір жағдайда өсімдіктің бір түрі әр елде сипатталып, оған әр түрлі ат берілді.
Өсімдіктердің ғылыми систематикасын жасаудың қажеттігі туралы Андрей Цезальпин Флоренцияда 1583 ж.басылып шыққан, өзінің «De Plantis libri XVI» атты шығармасында жазған болатын. Цезальпин көбіне тұқым мен жеіс құрылыстарына қарап өсімдіктерді классификациялау жайында тұңғыш талаптанған ғалым. Ол бүкіл гүлді және гүлсіз өсімдіктер деп екі тоқа бөледі; өзінінің кезегімен гүлді өсімдіктерді үш топқа (ағаш, бұта, шөптер), ал осы топтардың әрқайсысын класқа бөледі. Цезальпин барлық гүлді өсімдіктерді 15 класқа жатқызды. Он алтыншы класқа гүлі жоқ өсімдіктерді жатқызды.
Систематикадағы келесі табыстар ең алдымен ағылшын ботанигі Джон Рей (1623-1705) есімімен байланысты, ол түрлердің бинарлық номеклатурасын жасаушының бірі. Рей системасында туыс және түр ұғымдары бар. Бірақ, ол туысқа дәл анықтама бере алмаған. Рейше түрлер дегеніміз бір-біріне ұқсамайтын формалар, «олар өздеріне тән табиғатын сақтайды, бұлардың ешбір формасы басқа формалардың тұқымынан пайда болмайды». Бұл анықтама түрлердің өзгермейтіндігін қолдайтындығын көрсете тұрса да, Рейдің өсімдіктер туралы басқа шығармаларында, кейбір жағдайда бір түр екінші түрге айналуы мүмкін деген пікірін кездестіреміз.
Әйгілі швед ғалымы Карл Линнейдің (1707 – 1778), «Табиғат системасы» және «Ботаника философиясы» атты классикалық еңбектері жарыққа шыққаннан кейін систематика түбегейлі қалыптасады. Осы еңбектерінде К. Линней жануарлар мен өсімдіктер классификациясының негізгі принциптерін берді. Дәл және қолайлы системаға үлкен мән беріп, Линней «ондай система ботаникканың арқауы, онсыз гербарий жұмысы былығып кетер еді» деп жазды. Оның ұсынған систематикасында жануарлар мен өсімдіктер сатылы 5 топқа: класс, қатар, туыс, түр және түршеге бөлінеді.Линней түрлердің бинарлық системасын жасап заңды бекітті. Ол әрбір түрді екі сөзбен жазуды ұсынды: туысын зат есіммен, оның түрін сын есіммен көрсетті.
Өсімдіктердің түрін сақтап отыратын негізгі тіршілік функциясы, олардың шығу қабілеті деп қарап, Линней өсімдіктерді кластарға жіктеуде генеративтік органдарының құрлысын негізге алды. Осыған орай, ол өсімдіктерді 24 класқа бөлді. Оның 23 класы гүлді өсімдіктер және 1 класы құпия некелілер, бұған папортниктер, мүктер, балдырлар және саңырауқұлақтар жатқызылады. Гүлді өсімдіктердің классификациясы аталықтар мен аналықтарының санына және өзара орналасуындағы өзіндік ерекшеліктеріне, пішініне, үлкендігіне қарап жасалады. Мұнда гүлдің аталығын санап, сол түрдің қай класқа жататынын анықтауға болады. Бұл системаның жасанды формада екенін байқау қиын емес. Мұндағы кластарда біркелкілік жоқ. Оның бір қатары қазіргі тұқымдастарға (12-класты раушан гүлділер тұқымдасына, 15-класты крест гүлділер тұқымдасына 19-класты күрделі гүлділер тұқымдасына) толық сәйкес келеді. Басқа бір жерлерінде бір тұқымдастың өкілдері әр түрлі кластарға бөлініп кеткен; лилия тұқымдасындағ 6 аталықты қаз жуа 6-класқа, 8 аталықты қарғакөз 8-класқа жатқызылды. Осыған байланысты бір класқа әр түрлі тұқымдастардың өкілдері топталған: 8 аталықты – қарақұмық, қарғакөз және үйеңкі 8-класқа жатқызылған. Линнейдің өзі системасының жасанды екенін түсініп «бұл табиғи система табылғанша қызмет етеді; біріншісі - тек өсімдіктерді тануды үйретеді, екіншісі - өсімдіктердің нағыз табиғатын танытады», - деп жазды. Линнейдің анықтаған 67 қатары табиғи сипатта болды. Бірақ Линнейдің өзі бұларды қандай негізге сүйеніп құрғанын түсіндіре алмады, бұл жөнінде натуралистік тапқырлық пен инстинктің басшылық еткеніноның өзі де жасыра алған жоқ.
Жануарлар дүниесін класқа бөлуде, Линеей олардың қан тамылар және тыныс алу системасындағы ерекшеліктерін негізге алды. Ол жануарларды 6 класқа бөледі: 1) сүт қоректілер, 2) құстар, 3) амфибиялар, 4) балықтар, 5)насекомдар және 6) құрттар. Негізінде кбірек зерттелгені екі типтің өкілдері - омыртқалы жануарлар және буынақытылардың бір қатары болатын соңғы жаңа классификациядағы қалған 11 типтегі «құрттар» деген атпен Линней жинақталған класқа топтастырды.
Линней системасының елеулі кемшіліктері бола тұрма да өте үлкен маңызы болып, ол систематиканың өркендеуіне себепші болды; сұл системадағы сипаттаудың және анықтаудың жеңілдігі өсімдіктер мен жануарларды зерттеуге үлкен ықылас енгізілді. Линнейдің өзі 10 000-дай өсімдік түрлерін сипаттады, одан ондаған жыл өткен соң сипаттлаған өсімдіктер түрлерінің саны 100 000 жетті, яғни он есе артты.
Линней системасының философиялық концепциясы, оның өзі ұсынған принципіне сәйкес: «Species tot sunt diversae, guot diversas formas creavit infinitum ens». Түрлер өзгермейді олардың саны құдырет жаратқан органикалық формалардың санындай. Тірі табиғат құдайдың құдіретімен пайда болды. Линнец барлық жануарлар мен өсімдіктер Тигр және Еврат өзендерінің арасында жұмақта жаратылып, одна бүкіл жер жүзінде таралды деген таурат аңыздарына сүйеніп, органикалық дүниенің пайда болуын суреттемекші болды. Осы аңызды қолдап, Линней барлық жануарлар мен өсімдіктерді, ортасында үлкен тауы бар аралда жаралды деп түсіндіреді. Ол таудың баурайында лауан түрлі климаттық жағдайлар болды, оның етегінде тропиктік климат болып басталып, басы полярлық клматпен аяқталған. Жануарар мен өсімдіктер белгілі жағдайларға бейімделіп жаратылды, олар теңіз тартылып, арал құрлыққа жалғасқанша, сол жерді мекендеді. Арал құрлыққа жалғасқаннан кейін организмдер барлық жер жүзіне таралып, тауда жаратылған жағдайларына сәйкес әрбір түр солтүстікті не оңтүстікті мекендеді. Мұндай концепция креационизмге тән сипат яғни өсімдіктер мен жануарлардың түрлері құдайдың бастапқы жаратқан қалпында өзгермей келеді деген биологиядағы белгілі бір ағымға тән ұғым. Линней өзінің негізгі шығармаларында жаратылыстанудағы жиналған материалдарды таурат жазуымен ымыраластыру талабымен нағыз креационист сипатында көріеді. Қазір бұл талаптың өзі аңғырт болып көрінеді, ал ХVІІІ ғасырдың ортасында жаратылыс зерттеушілердің көбі осы көзқараста болды.
Креацинизмге онымен өзара байланысты, биологиядағы екінші бір ағым – преформизм ұштасты, мұны жақтаушылар организм толық қадыптасқан бейнеде пайда болады, оның ересектерінен айырмашылығы кішкентайлығында де түсіндірді. Бұлар жеке дамуды тек өсі құбылысына яғни, оны таза сан өзгерісінен деп қарады. Осы көзқарасты сол кездегі микроскоптың жақсы мамандары - Антони Левенгук, Ян Сваммердам, Марчело Мальпиги, Ладзаро Спаланцани т.б. өте ірі ғалымдар қолдады. Преформистердің көзқарастарында тұтастық болған жоқ. Олардың бәрі тұқымдағы немесе жұмыртқадағы кішкентай организмнің өсуіне ұрықтану себеп болады деп түсінді. Бірақ олардың біреулері (анитозоидының басында болады деп танып, тіпті оның суретін салып та көрсетті). Екіншілері (овистер) жаралып қойған ұрық жұмыртқа клеткасында болды деп ойлайды. ХVІІІ ғасырдың ортасында преформистердің арасында «қабат теориясы» кең етек аталады; бұл теория бойынша алғашқы аналық жаратылғанда оның жұмыртқа безінде болашақ ұрпақтарының бәрі бейнеленіп қойылған болу керек.Сонымен италиян ғалымы антонио валлистнери (1661-1730) Хауананың жұмыртқа безінде бұрынғы, қазіргі және келешектегі барлық ұрпақтарының ұрықтары болады деп таныды. Егерде «Қабат теориясы» организм бірінің ішіне бірін салып қойған қуыршақ тәрізді болса ол қуыршақтардың көлемі ішіне қарай біртіндеп кішірейе бермек. Бұл сияқты көзқарас түрлердің тұрақтылығы туралы ұғымының таралуына себеп болды.
Сойтіп, ХVІІІ ғасырдың ортасына таман тірі табиғат туралы ұғымдарға метафикалық негізгі екі идея тән: 1) түрлерді құдай жаратты, олар өзгермейді креационизм идеясы, 2) жеке дамуды бұрынан дайын ұрықтардың өсуі деп қарайтын преформизм идеясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет