Модификация (флюктуация) – тұқым қуалайтын өзгергіштіктердің өзгеше, тұқым қуаламайтын өзгергіштіктерді айтады.
Протерандрия – тозаңдықтары ерте пісіп жетілуі.
Протерогиния – аналық аузы ерте пісіп жетілуі.
Табиғи сұрыптау – пайдалы жеке ерекшеліктердің не өзгерістердің сақталып зияндыларының жойылып отыруын айтады.
Тұқым қуалау– организмдердің өз белгілерін және даму ерекшеліктерін келесі ұрпақтарына беріп отыру қасиеті.
Түр – бір – біріне тікелей жанаспайтын формалар.
Тіршілік үшін күрес– ол дамып келе жатқан организмдердің сыртқы ортаның физикалық факторына және басқа тірі организмдерге тәуелділігі.
Топтық (жалпылай) өзгергіштік – бір жерде мекендеуші особьтардың үлкен тобында, сол түрге жататын басқа топтардан қандайда бір белгілері жөнінен айырмашылықтарының болуы.
Филэмбриогенез– эволюциялық өзгерістер онтогенездік дамудың жолы өзгеруімен байланысты. Фен- генотип арқылы анықталатын белгінің көрінісі.
Феногенетика- организмнің жеке дамуы барысында генотиптің рөлін зерттейтін генетика ғылымының бір тармағы.
Фенокопия- сырытқы орта факторларының және қандай да болмасын тұқым қуалайтын мутацияның әсерінен пайда болатын организм фенетипінің тұқым қуаламайтын өзгерісі.