Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына жаңадан қосылған тақырыптар:
1.Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану;
2.Аэробты және анаэробты тыныс алу
3.Дүниежүзілік Тұқым қоры;
4.Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу;
5.Биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері;
Сонымен қатар жаңа бағдарламада терең меңгеруге арналған бірқатар тақырыптар берілген:
1.Өкпедегі газ алмасу және ұлпалық тыныс алу механизмдері;
2.Контрацепцияның маңызы;
3.Ағзалардың тірі қалу стратегиялары;
4.Түрлі жағдайлардың ферменттер белсенділігіне әсері.
Сабақтарды жоспарлау кезінде практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған белсенді оқыту әдістерін қолданған дұрыс.
Оқу бағдарламасы бойынша 7-8-9-сыныптарда қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі тиіс.Себебі қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары білім алушының ізденіс қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасайды. Модельдеу жұмыстары білім алушының өзіндік ғылыми ізденіс жұмысына бағытталған болғандықтан тоқсанның басында беріледі, оны орындау үшін нақты уақыты айқындалады. Сонымен қатар берілген жұмыстар бағаланады. Оқу бағдарламасы бойынша қарастырылған демонстрациялық жұмыстар бағаланбайды . Демонстрациялық жұмысты орындау үшін мұғалім кез-келген ақпарат көзін пайдалана алады.
8 - сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 2 модельдеу, 2 демонстративтік жұмыс қарастырылған, оның ішінде қолданыстағы бағдарламада 8-сыныптан –жұмыс алынған. 11 зертханалық жұмыс жаңадан қосылған. 8-сыныпта өткізілген зертханалық жұмыстар саны төменде
Достарыңызбен бөлісу: |