Оқу пәнінің міндеттері:
жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін өмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшылықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру;
экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;
генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты өмір салты негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;
оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу.
«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;
көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму;
ағза мен қоршаған орта;
қолданбалы кіріктірілген ғылымдар
Достарыңызбен бөлісу: |