Биология пәні бойынша жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының міндеттері және биология курсын құрудың негізгі принциптері,мазмұны мен жүйесі


Қазіргі көпнұсқалық бағдарламада жазылған оқулықтар мен бағдарламалар



бет5/12
Дата07.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#95468
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Биология пәні бойынша жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының міндеттері және

Қазіргі көпнұсқалық бағдарламада жазылған оқулықтар мен бағдарламалар

  • Қазіргі мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үдерісін жаңаша ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді. Олар мыналар: Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып - оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдістері және т.б.
  • Жалпы білім беру мазмұнындағы тәрбие - бұл баланың өзіндік санасы мен сезімінің және адамгершілік көзқарасының қалыптасып дамуына, ол қасиеттердің оның мінез-құлқына сіңуіне бағытталып арнайы мақсатта ұйымдастырылған іс-әрекеттер. Тәрбие қазіргі өзгермелі, сан-салалы, көпмәдениетті, көпэтникалық үлкен өмірге енуге дайын қабілетті, тұлғаның дамуына бағытталған және рухани кұндылыктарының негізінде кұрылады.
  • Тәрбиенің негізгі міндеттері:

  • - қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру;
    - саяси, құкықтық, экономикалық, экологиялық, талғам мәдениетін жоғары деңгейде қалыптастыру;өзінің кәсіби қабілетін айқындауды қалыптастыру;отбасылық мәдениетті және гендер проблемасындағы сауаттылықты калыптастыру;
    - рухани-адамгершілік, этномәдениет, ұлтаралық қатынас пен толеранттылық мәдениетін қалыптастыру;сыни ойлау дағдысы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет