Қоғамның қазіргі талабы-әрбір адамның экологиялық сауатты, мәдениетті болуы. Мектеп қабырғасында жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің мақсаты – экологиялық білім мен білікті қалыптастыру ғана емес, тұлғаның дүниетанымын дамытып жан-жақты экологиялық сауатты, мәдениетті етіп тәрбиелеу.Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының адамгершілік аспектісін ашуда, ақыл-ой мен сезімін тәрбиелеуде, сананы қалыптастыруда адамның экологиялық мәдениетті, сауатты болуы тиіс. "Мәдениет экологиясы" терминін ең алғаш рет академик Д.С.Лихачев 1980 жылы ұсынды.
Экологиялық мәдениет - әлеуметтік табиғи түзілім, оның құрылымы бір-бірімен өзара тығыз байланысты бөліктерден тұрады: экологиялық білім, экологиялық мінез-құлық, экологиялық тәрбие, экологиялық сана, экологиялық сенім, экологиялық мәдениет, экологиялық қарым-қатынас, экологиялық іс-әрекет.