Экологиялық мәдениетті жүзеге асыруда білім беру аспектілерімен қатар оның негізгі дидактикалық ұстанымында білу қажет. Олардың негізіне оқушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру принциптері жат
Байланысты: Биология пәні бойынша жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының міндеттері және
Экологиялық мәдениетті жүзеге асыруда білім беру аспектілерімен қатар оның негізгі дидактикалық ұстанымында білу қажет. Олардың негізіне оқушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру принциптері жатады.
Байланыстылық принципі - негізінен табиғатты тірі және өлі табиғат пен орта (топырақ, ауа, су, өсімдіктер мен жануарлар) арасында тығыз байланыстың бар екенін ұғындыру.
Интеграциялау принципі- экологиялық білім беруде жаратылыстану пәндері (география, биология, физика, математика) мен гуманитарлық пәндер (әдебиет, тарих, қоғамтану) арқылы оқушыларға берілетін білім негіздерін жеке адам деңгейінен қоғамдық деңгейге көтеру.
Қабылдаушылық принципі - негізінен мұғалімнің экология ғылымының мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлауы, экологиялық терминдердің түсініктілігін, ұғымдар мен заңдарды қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып анық әрі түсінікті тілмен беру.