Байланысты: Биология пәні бойынша жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының міндеттері және
Білім мазмұнының ірі компонентретінде оқыту саласының ұқсас нұсқасы тәрбие үрдісін төменде берілген модульдермен кұруға болады:
Білім мазмұнының ірі компонентретінде оқыту саласының ұқсас нұсқасы тәрбие үрдісін төменде берілген модульдермен кұруға болады:
әлеуметтік-құқықтық модуль: әлеуметтік қарым-қатынастардың нормалары туралы негізгі түсінікті меңгеру, соның ішінде мемлекеттік нормативтік заң актілері мен балалар кұқығы жайлы БҰҰ Конвенциясының мазмұнымен сәйкес анықталатын, жалпыадамзалық құндылықтар жайында; азаматтық-патриоттық түсініктің қалыптасуы; өмірдің негізі заңдылыктарын, қоғамның дамуын және ондағы адамның аткаратын рөлін, экономикалық, құқықтық және әлеуметтік қатынастардағы мәдениет туралы негізгі ұғымдарды игерту;
рухани-адамгершілік тәрбиесінің модулі: кұрамына тарих, тіл, философия, әдебиеті дәстүр, психология қатысты "әлемнің ұлттық мәдениеті" ерекшеліктеріне негізделген мазмұны мен түрін, өмірдің мәні мен мұратын, мәдени құндылықтарды меңгеру мен қайта жаңғырту;
жалпы интеллектуальды даму модулі: ойлау әрекеттерінің тиімді тәсілі жайлы негізгі түсініктерді меңгеру, оларды түрлі тапсырмаларды және басқа да аналитико-синтездік (талдау-жинақтау) іс-әрекеттерді орындау барысында практиканың баска түрлерінде қолдану; жалпы ғылыми таным әдістерінің негізгі элементтерін меңгеру;
жалпы мәдениеттілікті тәрбиелеу модулі: негізгі жалпы талғам түсініктерін игеру, мәдениеттанушылық, мәдени-ұлттық және т.б. адамның негізгі қоршаған ортаға қарым-катынасынан міндетті түрде болатын нәтижелер мен зардаптар секілді негізгі экологиялык ұғымдарды түсіну; өзінің денсаулығымен, дене дамуымен, шығармашылықпен өзін- өзі жетілдіру;