«Биология» пәнінен оқу бағдарламасы Түсінік хат


-9-сыныптары оқушыларының дайындық деңгейінің жүйелі-әрекеттік нәтижелері



бет11/75
Дата13.11.2023
өлшемі146,06 Kb.
#191145
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75
Байланысты:
Биология 6 - 11 сынып күнтізбелік жоспар
Идеал газ күйінің теңдеуі. Газ заңдары – ҰБТ, Қорытынды аттестаттау және ОЖСБ сынақтарына дайындайтын онлайн жаттықтырғыш құралы, 49571-География КТЖ 10-11 сынып ЖМБ-2023
11. 6-9-сыныптары оқушыларының дайындық деңгейінің жүйелі-әрекеттік нәтижелері

68. Оқушылар:



  1. бірлестіктердің алмасуын түсіндіру үшін экологиялық білімдерін;

  2. биологиялық зерттеулердің қарапайым әдістері мен құрал-жабдықтарын;

  3. биологиялық обьектілер мен саймандарды, құрал-жабдықтарды;

  4. биологиялық обьектілермен құралдармен,саймандармен техникалық қауіпсіздік ережелеріне;

  5. анықтамалық материалдар ,айырғыштар, қосымша әдебиеттерге;

  6. микропрепараттар даярлауда және оларды микроскоп астында қарауда;

  7. жануарлардың оқып танысқан тұқымдастарының белгілі өкілдеріндегі адам әрекетіне байланысты өзгерістерді және маусымдық өзгерістерді бақылауда;

  8. жануарлардың тіршілігін зерттеу үшін қарапайым тәжірибелер жүргізуде;

  9. үй жануарларының қолтұқымдарына, түр өкілдеріне ұқыптылықпен қарау;

  10. жануарлардан түрлі аурулар жұқтырудың алдын алу;

  11. жануарларды күтіп-баптауда жеке бастың және қоғамдық гигиеналық шараларды қолдануда;

  12. өсімдіктердің тіршілік әрекеттері мен құрылысы туралы білімін оларды өсіру әдістері, қорғау шаралары үшін;

  13. табиғи бірлестіктер туралы білімін оларды қорғау шараларын негіздеу үшін;

  14. өсімдіктердің тіршілік әрекеттері мен құрылысы туралы білімін оларды өсіру әдістері, қорғау шараларын негіздеу үшін;

  15. бактериялар,саңырауқұлақтардың құрылысы және тіршілік әрекеттері және вирустар туралы білімдерін азық-түлік өнімдерін сақтау әдістерін, уланудың және ауру жұқтырудың алдын алу шараларын негіздеу үшін;

  16. түрлер, табиғи бірлестіктер туралы білімін оларды қорғау шараларын негіздеу үшінбілімдерінқолдана білуі тиіс.

69. Оқушылар:

  1. өсімдіктің жасушалы құрылысы туралы;

  2. органикалық дүниенің туыстығы және бірлігі туралы;

  3. өсімдіктер әлемінің күрделенулері туралы;

  4. тірі табиғаттың шығу тегінің бірлігі туралы;

  5. адам организмінің жасушалық құрылысы туралы;

  6. адамның жануарлардан шығуы туралықорытынды жасай білуі тиіс.

70. Оқушылар:

  1. өсімдіктердің эволюция процесінде күрделенуі;

  2. табиғи және жасанды бірлестіктерге;

  3. өсімдіктердің ең көп таралған түрлері мен іріктемелеріне;

  4. өсімдіктердің оқып-танысқан Тұқымдастарының белгілі өкілдеріне;

  5. мәдени өсімдіктердің ең көп таралған түрлері мен іріктемелеріне;

  6. вирустық және бактериялық жұқпалы ауруларға;

  7. бірлестіктердің алмасуын түсіндіру үшін экологиялық білімге;

  8. биологиялық зерттеулердің қарапайым әдістері мен саймандарына;

  9. салауатты өмірсалтын негіздеу үшін адам оргнизмінің құрылысы мен тіршілігіне;

  10. мінез-құлықтың гигиеналық нормаларын сақтауға;

  11. жарақаттардың және аурулардың алдын алуғамысалдар келтіре білуі тиіс.

71. Оқушылар:

  1. адамның тіршілік-әрекеттерін зерттеу бойынша жүргізілген зертханалық жұмыстардың нәтижесін;

  2. өз организміңнің анатомиялық-физиологиялық өзгерістерін;

  3. өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерін;

  4. тәжірибе нәтижесін;

  5. мәдени өсімдіктердің тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерін;

  6. өсімдік Тұқымдастарының белгілі өкілдерін зерттеп білу үшін тәжірибелер нәтижесін;

  7. мектептің оқу-тәжірибе учаскесіндегі және күнделікті өмірде кездесетінтүрлі жүйелік категорияларға жататын өсімдіктерінің өсуі мен дамуынбақылай білу тиіс.

72. Оқушылар:
1) микропрепараттар даярлау және оларды микроскоп астында қарауда;
2) адам әрекетінің әсерінен тіршілік ортасын өзгертуде;
3) адамның салауатты өмір салтының, оның жеке басының және қоғамдық гигиеналық ережелерін;
4) улы саңырауқұлақтармен, өсімдіктермен уланудың алдын алудаережелерді сақтай білуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет