«Биология» пәнінен оқу бағдарламасы Түсінік хат


Биология» пәнінен оқу бағдарламасы



бет12/75
Дата13.11.2023
өлшемі146,06 Kb.
#191145
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75
Байланысты:
Биология 6 - 11 сынып күнтізбелік жоспар
Идеал газ күйінің теңдеуі. Газ заңдары – ҰБТ, Қорытынды аттестаттау және ОЖСБ сынақтарына дайындайтын онлайн жаттықтырғыш құралы, 49571-География КТЖ 10-11 сынып ЖМБ-2023
Биология» пәнінен оқу бағдарламасы
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
1. Түсінік хат

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 23 тамызда №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес әзірленген.


2. Бағдарлама қоғамдық-гуманитарлық бағытына құрастырылып алдыңғы 9-сынып бағдарламасының күрделендірілген логикалық жалғасы болып табылады. Оқушылардың алдыңғы сыныптарда алған биологиялық білімдерін жинақтап, қорыта отырып, бұл бағдарлама биологиялық заңдылықтарды, заманауи теорияларды, концепциялар мен ілімдерді терең мағынада түсініп қабылдауын қамтамасыз етеді. Бағдарламада оқушылардың жаратылыстану-ғылыми көзқарасы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыруға айтарлықтай көңіл бөлінген.
3. Оқытудың мақсаты:

  1. тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру;

  2. тірі және өлі материяның жалпы белгілерін оқушыларға ұғындыру;

  3. жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалыптастыру;

  4. өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы туралы түсінік қалыптастыру;

  5. жасушадағы органикалық және бейоргникалық заттардың рөлі туралы білім қалыптастыру;

  6. организмнің жеке даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру;

  7. органикалық дүние дамуының негізгі ретінде генетикалық заңдылықтар туралы түсінік қалыптастыру(эволюция);

  8. адамның тұқымқуалаушылығына қоршаған ортаның қолайсыз факторларының зиянды әсері туралы түсінік қалыптастыру.

4. Оқытудың міндеттері:

  1. түр және оның критерий туралы түсініктің мәнін ашып көрсету;

  2. эволюциялық ілімнің негіздері туралы білім қалыптастыру;

  3. экология пәні және экологиялық факторлар, экологияның міндеттері, экожүйелер, биоценоз, биосфера түсініктерінің мәнін ашып көрсету;

  4. экологиялық жүйелерге адамның іс-әрекетінің әсерін ашып көрсету;

  5. табиғатты қорғау жайында қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнін ашып көрсету;

  6. Қазақстанда табиғатты қорғау;

  7. цитология міндеттерін игеру;

  8. жасушаклық теорияның негізгі қағидаларын меңгеру,

  9. энергияның алмасу кезеңдерін және оның жасушадағы рөлін сипаттау;

  10. органикалық дүниедегі көбею әдістерін және жасушалардың бөліну типтерін игеру;

  11. қоршаған ортамен байланысты организмдердің дамуын сипаттау;

  12. тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;

  13. өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;

  14. селекция және биотехнология негіздерін сипатта.

5. Биологияны оқып білу барысында мына төмендегі оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:

  1. «Қазақ тілімен» сөздік қорларын биологиялық терминдерді байыту;

  2. «Алгебра және анализ бастамаларымен» биологиялық эксперименттердің, тәжірибелердің, бақылаулар мен зертханалық жұмыстардың нәтижелерін қорытындылауда практикалық есептеу дағдыларын қолдану;

  3. «Химиямен» Д.И. Менделеевтің периодтық кестесін қолдану; тірі ағзаға кіретін негізгі химиялық қосылыстарды қолдану; жасушаның химиялық құрылымы туралы білімдерін қолдану;

  4. «Физикамен» биологиялық жүйелердің өзгерістерінің динамикасын; тірі организмге атмосфералық қысымның ықпалы туралы білімдерін қолдану;

  5. «Географиямен» географиялық аймақтылықты ескере отырып Жер бетінде өсімдіктердің және жануарлардың таралу ерекшеліктерін оқыту барысында географиялық білімге сүйену;

  6. «Информатикамен» жалпы биологияның тақырыптары бойынша электронды презентацияларды құрастыру; жұмыс барысында электронды ресурстарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

6. Биология пәні бойынша оқытылытын жүктеме көлемі:
1) 10 сынып – аптасына 1 сағат барлығы 34 сағат;
2) 11 сынып – аптасына 1 сағат барлығы 34 сағат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет