6. 6-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
42.6-сынып оқушылары:
1) тірі организмдердің жалпы ортақ белгілерін;
2) өсімдік жасушасының құрылысын;
3) өсімдіктер бірлестіктеріне адам әрекетінің әсерін;
4) өсімдік жасушасының құрылысы мен қызметін;
5) өсімдік жасушасының бөлінуін;
6) өсімдіктегі заттардың қозғалысын ,тыныс алуын;
7) өсімдік организмінің көбеюін, өсуін және дамуын;
8) өсімдіктердің тіршілік ортасын;
9) табиғи бірлестіктерді;
10) өсімдіктердің бірлестіктегі тіршілікке бейімділігін;
11) табиғи бірлестіктегі адамның рөлін;
12) бактериялар, саңырауқұлақтар және өсімдік жасушаларының құрылысы мен қызметін;
13) жабықтұқымды өсімдіктердің Тұқымдастарын;
14) бактериялардың, саңырауқұлақтар мен өсімдіктердің және симбоздық (селбесіп) тіршілік ететін организм ретінде қыналардың құрылысы мен тіршілік әрекеттерін;
15) автотрофты және гетеротрофты организмдердің қоректену ерекшеліктерін (сапрофиттердің, паразиттердің,симбионттардың);
16) бактериялардың, саңырауқұлақтардың,өсімдіктердің көбеюі, өсуі және дамуын;
17) вирустар тіршіліктің жасушалы емес формалары екендігін;
18) организмдердің тіршілік орталарын;
19) жасанды бірлестіктерді (агроценоз), жасанды бірлестіктердің өнімділігіндегі адамның рөлінбілуі тиіс:
43. 6-сынып оқушылары:
1) тірі организм ұлпалары мен мүшелерінің құрылысы және қызметінің өзара байланысын;
2) өсімдік организмі мен ортаның өзара байланысын;
3) адам әрекетінің өсімдік түрлерінің көптүрлілігіне, олардың мекен ету ортасына әсерін және осы әрекеттерінің нәтижелерін;
4) өсімдіктер алуантүрлілігінің,табиғи бірлестіктерді қорғаудың биосфера тепе-теңдігін сақтаудағы рөлін;
5) организмнің құрылысы мен қызметінің, организм мен тіршілік ортасының өзара байланысын;
6) биологиялық әртүрліліктің, түрлер саны реттелуінің, табиғи бірлестіктерді қорғаудың биосфера тепе-теңдігін сақтаудағы рөлін;
7) адам әрекетінің өсімдік және жануар түрлерінің көптүрлілігіне , олардың мекен ету ортасына әсерін; ол әрекеттің нәтижесін және мәдени өсімдіктерді шығаруын негіздей алуы тиіс.
44. 6-сынып оқушылары:
өсімдік организмдерін;
өсімдік жасушаларын, ұлпаларын, мүшелерін;
өсімдіктер мен жануарлардың ең көп тараған түрлерін;
бактериялар, саңырауқұлақтар, қыналар мен өсімдік организмдерін;
өзің тұратын аймақта ең көп таралған өсімдік түрлерін, Тұқымдастың, Кластың, Бөлімнің өсімдіктерін;
жеуге жарайтын, улы және зең саңырауқұлақтарын анықтай алуы тиіс:
45. 6-сынып оқушылары:
тірі организмдердің жалпы белгілерін;
негізгі жүйелік ерекшеліктерді, түрлердің белгілерін, тірі табиғат Дүниелерін, Бөлімдерді және гүлді өсімдіктердің Кластарын, Тұқымдастарын;
элементарлық деңгейде өсімдіктер эволюциясының процестерін атай алуы тиіс:
46. 6-сынып оқушылары:
өсімдіктер жасушаларының құрылысы мен қызметiн;
өсімдіктердің ұлпалары мен мүшелерінiң құрылысы мен қызметiн;
прокариоттар мен эукариоттарды, автотрофты және гетеротрофты организмдерді;
жабық тұқымды өсімдіктердің Тұқымдастарын, Кластарын;
тірі табиғат бөлімдерін салыстыра білуі тиіс.
7. 7-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
47. 7-сынып оқушылары:
ірі организмдердің жалпы белгілерін;
негізгі жүйелік категорияларды,түрлердің белгілерін, тірі табиғат Дүниелерін, Бөлімдерді, Кластарды, жануарлардың Тұқымдастарын;
элементарлық деңгейде жануарлар эволюциясының барысын;
эволюция процесінде жануарлардың күрделенуін;
табиғи және жасанды бірлестіктерді;
жануарлардың оқып танысқан Тұқымдастарының өкілдерін;
жануарлардың кең тараған түрлерін және үй жануарларының қолтұқымдарын;
гетеротрофты организмдердің қоректену ерекшеліктерін (сарофиттер, паразиттер);
жануарлардың көбеюін, өсуін, дамуын;
организмдердің тіршілік орталарын;
жасанды бірлестіктер (агроценоз), жасанды бірлестіктердің өнімділігіндегі адамның рөлін білуі тиіс.
48. 7-сынып оқушылары:
-жануар организмдерінің құрылысы мен қызметінің өзара байланысын және организм мен тіршілік ортасының өзара байланысын;
-биологиялық әртүрліліктің рөлін, түрлердің сан мөлшерінің реттелуін, биосферадағы тепе-теңдікті сақтау мақсатында табиғи бірлестіктерді қорғауды;
-жануар түрлерінің көптүрлілігіне және олардың тіршілік орталарына адам әрекетінің әсерін, бұл әрекеттің нәтижелерін және үй жануарларының қолтұқымдарын шығаруды негіздей алуы тиіс.
49. 7-сынып оқушылары:
өзің тұратын аймақта кең таралған жануарлардың жиі кездесетін түрлерін және әртүрлі Тұқымдас, Класс , Типтің жануарларын;
адам ауруларының қоздырғыштары мен тасымалдаушыларын тани алуы тиіс.
50. 7-сынып оқушылары:
прокриоттық және эукариоттық, автотрофты және гетеротрофты организмдерді;
сүтқоректі жануарлардың Тұқымдастарын, Кластарын;
тірі табиғат бөлімдерінсалыстыра білуі тиіс.
8. 8-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
51. 8-сынып оқушылары:
адам организмінің құрылыс ерекшеліктерін;
денсаулықты сақтау үшін гигиеналық талаптарды;
адамның өмір сүру ұзақтығы мен денсаулығына жағымсыз экологиялық факторлардың әсерін;
адам денсаулығына зиянды әдет-дағдылардың қауіпті әсері туралы;
кемтар ұрпақтың дүниеге келу қатерінің факторларын білуі тиіс.
52. 8-сынып оқушылары:
сабаққа даярлануда авторлық ұсыныстарды ескере отырып оқулықтың мазмұнын пайдалануы;
сабаққа даярлану кезінде оқулықтағы суреттерді, кестелер, сызбанұсқалармен қосарбеттерін кеңінен пайдалану;
зертханалық жұмыстарды орындауда ұлғайтқыш аппаратураны қолдану;
денсаулықты сақтау мақсатында жеке бастың және қоғамдық гигиеналық ережелерін сақтау орындай алуы тиіс.
53. 8-сынып оқушылары:
мүшелер және мүшелер жүйесінің құрылысы мен қызметінің, организм мен ортаның өзара байланысын;
адамның тік жүруі мен еңбек әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан ерекшеліктерін;
адам организмінде тіршілік әрекеттерінің нейрогуморальдық реттелуінің рөлін;
жоғары жүйке әрекеттерінің ерекшеліктерін;
адам денсаулығына экологиялық және әлеуметтік факторлардың, ақыл-ой және дене еңбегінің, денешынықтыру мен спорттың әсерін;
адам организміне және оның ұрпағына алкогольдің және темекі шегудің зиянды әсерін;
зиянды әдет дағдыларға әуестенудің (темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық) дене бітімі бұзылудың, жалпақтабандылықтың алдын-алу шараларын;
жеке адамның (тұлға) қалыптасуында қоршаған ортаның рөлін;
әлеуметтік мәніндегі адамның қалыптасуына қоғамның әсерін;
адамның биологиялық табиғатын негіздей алуы тиіс.
9. 9-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
54. 9-сынып оқушылары:
жалпы биология пәні және міндеттері;
тірі организмдерге тән жалпы белгілер;
тіршіліктің құрылым деңгейлері;
жасушалық теорияның негізгі қағидалары
прокариоттар және эукариоттар жасушаларының құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар;
жасуша тіршілік әрекеттерінің негізгі принциптері
органикалық және бейорганикалық заттардың жасушадағы рөлі,
жасушаның негізгі бөліну әдістері;
жеке дамудың заңдылықтары;
генетика пәні және міндеті;
өзгергіштік,тұқым қуалаушылық, ген, генотип, мутациялар түсініктерінің маңызы;
организмдердің тұқым қуалаушылығында хромосомалардың рөлі;
қоршаған ортаның қолайсыз факторларының адамның тұқым қуалаушылығына жағымсыз әсері;
тұқым қуалайтын өзгергіштіктің формалары;
эволюциялық ілімнің негіздері;
организмдердің бейімділігі;
түр және оның критерийлері;
популяция- түрдің элементарлық құрылымы;
экология пәні оның міндеттер, экологиялық факторлар;
түр, экожүйе ,биоценоз, биосфера түсініктерінің мәні;
экожүйелер қызметінің құрылымы мен принциптері;
адам әрекетінің экожүйелерге әсері;
қазақ халқының табиғатты қорғаудағы әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері;
Қазақстанда табиғатты қорғаубілуі тиіс.
55. 9-сынып оқушылары:
биология пәні мен оның міндеттерін,негізгі зерттеу әдістерін;
биологияның зерттеу обьекттерін;
биологияның дамуына айтарлықтай үлес қосқан шетелдік және отандық ғалымдар ,олардың еңбектері;
тіріге тән жалпы белгілер;
биологияны зерттеу нысандары;
биологиялық көп түрліліктің рөлі;
биосферадағы ттепе теңдікті сақтау үшін табиғи бірлестіктерді сақтаудың маңызын;
табиғи экожүйелерге адам әрекетінің нәтижелері (зиянды әсері);
қоршаған ортаның мутагендік факторларының маңызы атай білуі тиіс.
56. 9-сынып оқушылары:
организмдер өзгергіштігінің формалары;
өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасына бейімділігіне мысал келтіре білу тиіс.
57. 9-сынып оқушылары:
организмдердің жасушалық құрылысы туралы;
органикалық дүниенің бірлігі туралы қортынды жасай білуі тиіс.
10. 6-9 сыныптары оқушыларының тұлғалық деңгейі нәтижелері
58. Оқушылар:
жануарлардың құрылысы мен тіршілік әрекеттері туралы білімдерін оларды өсіру және қорғау тәсілдерін негіздеу үшін;
жануарлардың құрылысы мен тіршілік әрекеттері туралы білімдерін жұқпалы аурулардың алдын алу жолдарын негіздеу үшін;
организм түрлері және табиғи бірлестіктер туралы білімдерін, оларды қорғау шараларын негіздеу үшінбілімін көрсете білуі тиіс.
59.Оқушылар:
тірі табиғаттың шығу тегінің бірлігі туралы;
органикалық дүниенің туыстығы және бірлігі туралы;
жануарлар дүниесінің күрделенуі туралықортынды жасай білуі тиіс.
60. 6-9 сынып оқушылары:
жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді;
жануарлар Тұқымдастарының белгілі өкілдерін зерттеу тәжірибелерінің нәтижелерін;
жануарлардың үй жағдайында және табиғи жағдайда өсуі мен дамуын бақылап дағдылану тиіс.
61.Оқушылар:
микропрепараттар даярлау және оларды микроскоп астында қарауда;
өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді, адам әрекетінің әсерінен болатын тіршілік ортасындағы өзгерістерді бақылауда;
өсімдіктердің тіршілік әрекетін зерттеуге қарапайым тәжірибелер жүргізуде;
организмдерге, түрлерге, табиғи бірлестіктерге ұқыптылықпен қарау,
оқушының табиғаттағы мінез-құлқы, өзін дұрыс ұстау;
оқып танысқан өсімдік тұқымдастары өкілдерінде маусымдық және адам әрекетінің әсерінен болған өзгерістерді бақылау;
өсімдік организмдеріне,түрлеріне,мәдени өсімдіктердің іріктемелеріне ұқыптылықпен қарауда;
улы саңырауқұлақтармен, өсімдіктермен уланудың алдын-алуда;
вирустар және бактериялар тудыратын жұқпалы аурулармен жаппай ауыру кезінде жеке бастың және қоғамдық гигиеналық шаралардың ережелерін сақтаудақабілеттілігін байқатуы тиіс.
62. Оқушылар:
зат алмасу процестерінің өзара байланысын;
радиацияның,есірткі заттарының адамның тұқым қуалаушылығына жағымсыз әсерінің себептерін;
қоршаған ортаның жағымсыз факторларының тірі организмдерге зиянды әсерін;
табиғатты,қоршаған ортаны қорғаудың тірі организмдер үшін маңызын;
тірі организмдердің тіршілік жағдайларына бейімділігін;
қоректік тізбектердің сызбанұсқасын;
адам әрекетінің табиғатқа әсерінтүсіндіру қабілетін байқатуы тиіс.
63. Оқушылар:
организмдердің өзгергіштік формаларына;
өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасына бейімділігіне;
эволюция процесінде адам организмінің күрделенуіне;
адамның ең кең таралған ауруларына;
адамның жиі кздесетін зиянды әдеттерінемысалдар келтіре білуі тиіс.
64. Оқушылар:
организмдердің жасушалық құрылысы туралы;
органикалық дүниенің бірлігі туралы;
жасушалар мен ұлпалардың құрылысы мен қызметін;
жасушалардың бөлінуін;
адам организмінің құрылысы мен тіршілік әрекеттерін;
зат алмасу және энергия айналымын;
организмде ферменттер мен витаминдердің рөлін;
тамақтанудың ерекшеліктерін;
тыныс алуды, заттар қозғалысын, тіршілік әрекеттерінің соңғы өнімдерін шығаруды;
иммунитет және оның адам өміріндегі маңызын; ЖИТС (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы)-тің алдын алуды;
адамның жай-күйіне және қасиеттеріне әсер ететін экологиялық факторлардықортынды жасай білуі тиіс.
65. Оқушылар:
1) тірі организмнің жалпы белгілерін
2) адамның биологиялық және әлеуметтік факторларын;
3) адам эволюциясының себептері мен нәтижелерін атай білуі тиіс.
66. Оқушылар:
1) адамның жасушаларын, ұлпаларын, мүшелері мен мүшелер жүйесін;
2) сүйек сынған, буын шыққан, сіңір созылған жағдайда алғашқы көмек көрсету үшін сүйектің типтерін және олардың байланыстарын;
3) зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету үшін қан кетудің түрлерінанықтап ажырата білуі тиіс.
67. Оқушылар:
1) адам организмінің жасушалары мен ұлпаларының құрылысын және қызметін;
2) қаңқа бөліктерін, сүйек типтерін және олардың байланысу түрлерінсалыстыра білуі тиіс.
11. 6-9-сыныптары оқушыларының дайындық деңгейінің жүйелі-әрекеттік нәтижелері
68. Оқушылар:
бірлестіктердің алмасуын түсіндіру үшін экологиялық білімдерін;
биологиялық зерттеулердің қарапайым әдістері мен құрал-жабдықтарын;
биологиялық обьектілер мен саймандарды, құрал-жабдықтарды;
биологиялық обьектілермен құралдармен,саймандармен техникалық қауіпсіздік ережелеріне;
анықтамалық материалдар ,айырғыштар, қосымша әдебиеттерге;
микропрепараттар даярлауда және оларды микроскоп астында қарауда;
жануарлардың оқып танысқан тұқымдастарының белгілі өкілдеріндегі адам әрекетіне байланысты өзгерістерді және маусымдық өзгерістерді бақылауда;
жануарлардың тіршілігін зерттеу үшін қарапайым тәжірибелер жүргізуде;
үй жануарларының қолтұқымдарына, түр өкілдеріне ұқыптылықпен қарау;
жануарлардан түрлі аурулар жұқтырудың алдын алу;
жануарларды күтіп-баптауда жеке бастың және қоғамдық гигиеналық шараларды қолдануда;
өсімдіктердің тіршілік әрекеттері мен құрылысы туралы білімін оларды өсіру әдістері, қорғау шаралары үшін;
табиғи бірлестіктер туралы білімін оларды қорғау шараларын негіздеу үшін;
өсімдіктердің тіршілік әрекеттері мен құрылысы туралы білімін оларды өсіру әдістері, қорғау шараларын негіздеу үшін;
бактериялар,саңырауқұлақтардың құрылысы және тіршілік әрекеттері және вирустар туралы білімдерін азық-түлік өнімдерін сақтау әдістерін, уланудың және ауру жұқтырудың алдын алу шараларын негіздеу үшін;
түрлер, табиғи бірлестіктер туралы білімін оларды қорғау шараларын негіздеу үшінбілімдерінқолдана білуі тиіс.
69. Оқушылар:
өсімдіктің жасушалы құрылысы туралы;
органикалық дүниенің туыстығы және бірлігі туралы;
өсімдіктер әлемінің күрделенулері туралы;
тірі табиғаттың шығу тегінің бірлігі туралы;
адам организмінің жасушалық құрылысы туралы;
адамның жануарлардан шығуы туралықорытынды жасай білуі тиіс.
70. Оқушылар:
өсімдіктердің эволюция процесінде күрделенуі;
табиғи және жасанды бірлестіктерге;
өсімдіктердің ең көп таралған түрлері мен іріктемелеріне;
өсімдіктердің оқып-танысқан Тұқымдастарының белгілі өкілдеріне;
мәдени өсімдіктердің ең көп таралған түрлері мен іріктемелеріне;
вирустық және бактериялық жұқпалы ауруларға;
бірлестіктердің алмасуын түсіндіру үшін экологиялық білімге;
биологиялық зерттеулердің қарапайым әдістері мен саймандарына;
салауатты өмірсалтын негіздеу үшін адам оргнизмінің құрылысы мен тіршілігіне;
мінез-құлықтың гигиеналық нормаларын сақтауға;
жарақаттардың және аурулардың алдын алуғамысалдар келтіре білуі тиіс.
71. Оқушылар:
адамның тіршілік-әрекеттерін зерттеу бойынша жүргізілген зертханалық жұмыстардың нәтижесін;
өз организміңнің анатомиялық-физиологиялық өзгерістерін;
өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерін;
тәжірибе нәтижесін;
мәдени өсімдіктердің тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерін;
өсімдік Тұқымдастарының белгілі өкілдерін зерттеп білу үшін тәжірибелер нәтижесін;
мектептің оқу-тәжірибе учаскесіндегі және күнделікті өмірде кездесетінтүрлі жүйелік категорияларға жататын өсімдіктерінің өсуі мен дамуынбақылай білу тиіс.
72. Оқушылар:
1) микропрепараттар даярлау және оларды микроскоп астында қарауда;
2) адам әрекетінің әсерінен тіршілік ортасын өзгертуде;
3) адамның салауатты өмір салтының, оның жеке басының және қоғамдық гигиеналық ережелерін;
4) улы саңырауқұлақтармен, өсімдіктермен уланудың алдын алудаережелерді сақтай білуі тиіс.
Биология» пәнінен оқу бағдарламасы
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 23 тамызда №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес әзірленген.
2. Бағдарлама қоғамдық-гуманитарлық бағытына құрастырылып алдыңғы 9-сынып бағдарламасының күрделендірілген логикалық жалғасы болып табылады. Оқушылардың алдыңғы сыныптарда алған биологиялық білімдерін жинақтап, қорыта отырып, бұл бағдарлама биологиялық заңдылықтарды, заманауи теорияларды, концепциялар мен ілімдерді терең мағынада түсініп қабылдауын қамтамасыз етеді. Бағдарламада оқушылардың жаратылыстану-ғылыми көзқарасы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыруға айтарлықтай көңіл бөлінген.
3. Оқытудың мақсаты:
тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру;
тірі және өлі материяның жалпы белгілерін оқушыларға ұғындыру;
жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалыптастыру;
өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы туралы түсінік қалыптастыру;
жасушадағы органикалық және бейоргникалық заттардың рөлі туралы білім қалыптастыру;
организмнің жеке даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру;
органикалық дүние дамуының негізгі ретінде генетикалық заңдылықтар туралы түсінік қалыптастыру(эволюция);
адамның тұқымқуалаушылығына қоршаған ортаның қолайсыз факторларының зиянды әсері туралы түсінік қалыптастыру.
4. Оқытудың міндеттері:
түр және оның критерий туралы түсініктің мәнін ашып көрсету;
эволюциялық ілімнің негіздері туралы білім қалыптастыру;
экология пәні және экологиялық факторлар, экологияның міндеттері, экожүйелер, биоценоз, биосфера түсініктерінің мәнін ашып көрсету;
экологиялық жүйелерге адамның іс-әрекетінің әсерін ашып көрсету;
табиғатты қорғау жайында қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнін ашып көрсету;
Қазақстанда табиғатты қорғау;
цитология міндеттерін игеру;
жасушаклық теорияның негізгі қағидаларын меңгеру,
энергияның алмасу кезеңдерін және оның жасушадағы рөлін сипаттау;
органикалық дүниедегі көбею әдістерін және жасушалардың бөліну типтерін игеру;
қоршаған ортамен байланысты организмдердің дамуын сипаттау;
тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;
өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;
селекция және биотехнология негіздерін сипатта.
5. Биологияны оқып білу барысында мына төмендегі оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
«Қазақ тілімен» сөздік қорларын биологиялық терминдерді байыту;
«Алгебра және анализ бастамаларымен» биологиялық эксперименттердің, тәжірибелердің, бақылаулар мен зертханалық жұмыстардың нәтижелерін қорытындылауда практикалық есептеу дағдыларын қолдану;
«Химиямен» Д.И. Менделеевтің периодтық кестесін қолдану; тірі ағзаға кіретін негізгі химиялық қосылыстарды қолдану; жасушаның химиялық құрылымы туралы білімдерін қолдану;
«Физикамен» биологиялық жүйелердің өзгерістерінің динамикасын; тірі организмге атмосфералық қысымның ықпалы туралы білімдерін қолдану;
«Географиямен» географиялық аймақтылықты ескере отырып Жер бетінде өсімдіктердің және жануарлардың таралу ерекшеліктерін оқыту барысында географиялық білімге сүйену;
«Информатикамен» жалпы биологияның тақырыптары бойынша электронды презентацияларды құрастыру; жұмыс барысында электронды ресурстарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
6. Биология пәні бойынша оқытылытын жүктеме көлемі:
1) 10 сынып – аптасына 1 сағат барлығы 34 сағат;
2) 11 сынып – аптасына 1 сағат барлығы 34 сағат.
2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны
7. 10 –сыныпқа арналған биология пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдер мен тараулардан тұрады.
8. «Кіріспе» (1 сағат). Биология ғылымы. Ғылымдар жүйесіндегі биологияның орны. Әлемнің ғылыми бейнесін түсініп білуде биологияның маңызы. Биологияның басқа ғылымдармен (химия, физика, математика, география, астраномия және басқалары)байланысты. Жаратылыстануғылыми пәндер жүйесіндегі “Жалпы биология” курсының алатын орны, мақсаты мен міндеттері. Көрсетілімдер: биолог-ғалымдардың суреттері, “Биологияның басқа ғалымдармен байланысы” — сызбанұсқа.
9. «Цитология» (7 сағат):
«Заманауи цитология пәні, міндеттері және зерттеу әдістері» (2 сағат). Жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы. Жасуша тірі тіршілік иесі дамуының, құрылымы мен қызметінің бірлігі. Прокариотар. Эукариотар;
«Жасушаның химиялық құрамы» (3 сағат).Су және басқа бейорганикалық заттар, олардың жасуша тіршілігіндегі рөлі. Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың құрылысы және жасушадағы рөлі. Ферменттер, олардың тіршілік әрекеттерін реттеудегі рөлі;
«Жасушаның құрылысы» (2 сағат). Жасушаның негізгі құрам бөліктері. Түрлі жасушалық құрылымдар мембраналарының құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері. Цитоплазма органоидтері, олардың құрылысы және қызметі (эндоплазмалэық тор, Гольджи жиынтығы және лизосомалар, митохондриялар, пластидтер,жасуша орталығы, рибосомалар) қозғалту органоидтері, олардың құрылысы мен атқаратын қызметі; жасушалық қосындылар. Ядро, оның құрылысы мен қызметі. Зертханалық жұмыс: Эукариоттық (өсімдік, жануар,саңырауқұлақ) және прокариоттық (бактериялық) жасушалардың құрылысы.
10. «Тіршіліктің жасушалық емес формалары. Вирустар және фагтар» (1 сағат). Вирустар және фагтар.ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) вирусы. Оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшеліктері. Вирустық аурулардың алдын алу.
11. «Жасушадағы зат және энергия алмасу» (6 сағат). Жасушадағы зат және энергия алмасу. Зат алмасу реакцияларының катализдік сипаты. Пластикалық және энергиядық алмасулар.Энергиялық алмасудың негізгі кезеңдері. Жасушалық тыныс алу процесінің ерекшеліктері. Органикалық заттарды түзу әдістері: автотрофтар және гетеротрофтар. Фотосинтез, оның сатылары. Хемосинтез, оның биосферадағы рөлі. Нәруыз биосинтезі. Генетикалық ақпараттың негізі — ген түсінігі. Генетиткалық код. Нәруыз синтезіндегі матрицалық принцип. ДНҚ-лық матрицаға сәйкес а-РНҚ-ның түзілуі. Көрсетілім: өсімдік және жануар жасушаларының микропрепараттары; фотосинтез процесін бейнелейтін тәжірибелер; жасуша модельдері; ДНҚ және РНҚ-ның, түрлі молекулалар мен вирустық бөлшектердің моделдері; жасушадағы метаболизм жолдарының сызбанұсқалары, “Нәруыз биосинтезінің” аппликациялық — моделі. Зертханалық жұмыс: «Эукариоттық (өсімдік, жануар, саңырауқұлақ) және прокариоттық( бактериялар) жасушалар».
12. «Организмдердің көбеюі және жеке дамуы» (6 сағат):
«Өсімдіктер мен жануарлардың жыныссыз көбеюі» (2 сағат). Өзін-өзі ұдайы өндіру — тіріге тән жалпылама қасиет. Митоз жыныссыз көбеюдің және көпжасушалы организмдер өсуінің негізі, оның фазалары және биологиялық маңызы. Организмдердің жыныссыз көбею формалары: қарапайымдар жасушаларының митоздық бөлінуі, споратүзілуі; біржасушалы және көпжасушалы организмдердегі бүршіктену; вегетативтік көбею. Жыныссыз көбеюдің эволюциялық маңызы;
«Жынысты көбею» (2 сағат). Жынысты көбею. Мейоз, оның биологиялық маңызы. Сперматогенез. Овогенез. Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшеліктері. Ұрықтанудың биолдогиялық маңызы;
«Жеке даму (онтогенез)» (1 сағат).Организмдердің жеке дамуы (онтогенез) түсінігі. Бөліну, өсу, жасушалардың жіктелуі,органогенез, көбею, картаю, организмнің өлуі. Э. Мюллер және Э. Геккельдің биогенетикалық заңы;
«Организмнің дамуы және қоршаған орта» (1 сағат). Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі. Улы заттардың (токсиндік): темекі түтіні, алкоголь, есірткі, түрлі-түсті және ауыр металлдардың, радиоактивті заттардың эмбриондық және постэмбриондық даму барысына әсері( туа біткен кемтарлықтар). Көрсетілім: жыныссыз, жынысты көбеюді, жоғары сатыдағы өсімдіктердің эмбриондық және постэмбриондық дамуын бейнелейтін кестелер, сызбанұсқалар; омыртқалы жануарлар ұрықтарының ұқсастығы, митоз және мейоздың сызбанұсқалары.
13. «Генетика негіздері» (7 сағат):
«Тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтары» (4 сағат). Генетиканың даму тарихы. Белгілердің Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. Тұқым қуалаушылықтың гибридологиялық әдісі. Моногибридтік будандастыру. Басымдылық көрсету заңдылығы.Ажырау заңдылығы. Толық және толық емес доминганттылық. Гаметалар тазалығының заңы, оның цитологиялық негіздемесі. Көптік аллельдер. Талдаушы шағылыстыру. Дигибридтік және полигибридтік шағылыстыру. Тәуелсіз үйлесімділік заңы. Фенготип және генотип. Тұқым қуалаудың генетикалық заңдарының цитологиялық негіздері. Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныс хромосомаларының генетикалық құрылымы. Гомогаметалы және гетерогаметалы жыныс. Жыныспен тіркес тұқым қуалайтын белгілер. Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Гендердің тіркесу топтары. Белгілердің тіркес тұқым қуалауы. Т. Морган заңы. Гендердің толық және толық емес тіркесулері. Хромосомалардың генетикалық картасы;
«Өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары» (3 сағат). Өзгергіштіктің негізгі формалары. Генотиптік өзгергіштік: Мутациялар. Гендік, хромосомалық және геномдық мутациялар. Мутациялардың себептері мен жиілігі, мутагендік факторлар. Мутациялардың эволюциялық рөлі. Үйлесімдік өзгергіштік. Гендердің түрлі үйлесімдерініңң пайда болуы және олардың генетикалық алуантүрліліктің (түрдің шегінде) қалыптасиуындағы рөлі. Үйлесімдік өзгергіштіктің эволюциялық маңызы. Тұқым қуалайтын өзгергіштік. Фенотитік немесе модификациялық өзгергіштік. Белгілер мен қасиеттердің дамуы және жарыққа шығуында сыртқы орта жағдайларының рөлі. Модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтары. Көрсетілім: тұқымқуалаушылық заңдылықтарын, хромосомалардың айқасуын бейнелейтін модель — аппликациялар; қоршаған орта жағдайларының организм өзгергіштігіне әсерін көрсететін тәжірибе нәтижелері; кеппешөп материалдары, будандық, полиплоидтық өсімдіктердің жинақтамалары, нақпішіндері. Зертханалық жұмыс: «.Өсімдік фенотиптерін зерттеу».Практикалық жұмыс. «Генетикалық есептер шығару».
14. «Адам генетикасы» (2 сағат). Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның генетикалық әртүрлілігі. Адамның және адам нәсілдерінің шығу тегі туралы генетикалық мәліметтер Адам белгілерінің тұқым қуалау сипаты. Денсаулықтың генетикалық негіздері. Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері. Генетикалық аурулар. Популяция генофонды. Биологиялық және әлеуметтік тұқым қуалаудың арақатынасы. Генетиканың әлеуметтік проблемалары. Гендік инженерияның этикалық проблемалары. Генетикалық болжау және медициналық-генетикалық кеңес беру, оның практикалық маңызы, міндеттері және болашағы. Көрсетілім: «Адамның хромосомалық аурулары және олардың фенотиптік көрініс беруі». Зертханалық жұмыс. «Шежіре құру».
15. «Селекция және биотехнология негіздері» (4 сағат). Селекцияның міндеттері және әдістері. Генетика — организмдер селекциясының ғылыми негізі. Селекция үшін бастапқы материал. Өсімдіктер және жануарлар селекциясы. Селекциядағы қолдан сұрыптау. Будандастыру — селекциялық әдіс екендігі.Шағылыстыру типтері. Өсімдіктер селекциясындағы полиплоидия. Заманауи селекцияның жетістіктері. Микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, прокариоттар-биотехнологлиялық нысандар. Микроорганизмдер селекциясы және оның микробиологиялық өнеркәсіп үшін маңызы. Тамақ өнімдерін, дәрумендерді, ферменттер мен дәрілерді микробиологиялық өндіру. Көрсетілім: тірі өсімдіктерді, кеппешөптерді, нақпішіндерді, кестелер, суреттер мен сызбанұсқаларды, селекциялық жұмыстардың нәтижелерін бейнелейтін басқа да материалдарды тпайдалану. Белгілі ғалым селекционерлердің фотосуреттерін, микробиологиялық өндірістің сызбанұсқаларын, микробиологиялық синтез өнімдерін көрнекілеу.
Достарыңызбен бөлісу: |