Биология сабақтарында кездесетін термин сөздерді қолдануда ескерілетін жағдайлар



Дата31.01.2018
өлшемі85,27 Kb.
#37158
Биология сабақтарында кездесетін термин сөздерді қолдануда

ескерілетін жағдайлар

Әр ұстазды әрдайым өз сабағын қалай тиімді, қызықты өткізу керектігі алаңдатады. Ал біздің жаңа технологиялар мен көптеген ақпараттармен бай уақытта оған жету, әсіресе қиын. Тіпті үздік оқитын оқушылардан барлығын есте сақтап қоюға талап ету мүмкін емес.

Кез келген пәнде жаңа материалды меңгеру кезінде тірек-конспект, кестелер, тірек-сызбалар мен формулалардан басқа, термин сөздер қолдану сұрағы пайда болады.

Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер болып келеді. Ал биология пәнінде термин сөздер ғылыми тұжырымдамалар мен анықтамалардың байланысын көрсетеді.

Көптеген термин сөздер шет тілінен шыққан болғандықтан, оның қазақ тіліндегі аудармасы және семантикалық мағынасымен (мағыналық) оқушыларды таныстыру қажет, себебі, бұл - түсініктер мен термин сөздерді жақсы есте сақтап, игеруге ықпал етеді.

Биология курсын құрайтын ұғымдар өте көп, әрі үнемі толықтырылып жатады. Оқулықтың әр бөлімін, тарауын өткен кезде мұғалім негізгі ұғымдарды айырып, олардың басқа ұғымдармен, анықтамалармен байланысын, тақырыптар мен пәнаралық байланысты орнатуы қажет. Сондықтан мақсатты жұмысқа -анықтамалар мен тұжырымдамалардың, ұғымдар мен әр термин сөздердің дұрыс мәнін, мағынасын түсіну, жаңа материалды терең есте сақтау әкеледі. Бұл шет тілінен енген термин сөздердің семантизациясы болып келеді.

Жаңа сөзбен танысқан кезде оқушылар ауызша дауыстап бір –екі рет айтып, тақтаға жазуы қажет. Себебі оқушыларда термин сөздерді бұрмалау көп кездеседі. Мысалы, хлорофилл- өсімдікке жасыл түс беретін пигмент – хромофилл– хролофилл деп те айтып қалады. Екіншісі, бір термин сөзді екінше сөзбен ауыстыру да кездеседі, мысалы, мутаген– мутагон, гүл сағақ– гүл сабақ, асқазан– қарын.

Жаңа сөздерді меңгеру кезінде, оларды аударып, сабақ кезінде қолдануда өзінің бірнеше ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, ең көп таралған жолы логикалық талдау. Мысалы аэро- ауа, био- өмір, бактерион- бактерия, зоо-жануар, кардио-жүрек, анти- қарсы, фагос- жеп қою. Аэробионттар – ауада тіршілік ететін ағзалар, кардиология- жүректі зерттейтін ғылым, бактериофаг- бактерианы заымдайтын ағзалар. Кей терминдер басқа заттарға ұқсастығы бойынша аталынады, мысалы латын тілінен енген сөз– капилляр– шаш, түк дегенді білдіреді, ал шындығында ол түтікше немесе канал деген мағынада қолданылады. Мұндай жайтты да ескеру керек.

Биологияда және басқа пәндерде термин сөздер 2 түрде кездеседі, біріншісі қарапайым- тек 1 сөзден құралған, мысалы бауыр, бұйрек, қан, лимфа. Екінші түрі – бұл күрделі термин сөздер, мысалы, кіші қанайналым шеңбері, бүйрек асты безі, ұйқы безі, лимфациттер.

Келесі түрі 2 сөздің бірігуінен пайда болған күрделі сөздер, көбінесе шет тілінен енген сөздер болып келеді, мысалы: ең бірінші биология сабағында оқушыларға «биология» не екендігін түсіндіремін. «Биология» 2 латын сөзінің бірігуінен пайда болған: био- тіршілік, өмір, логос – зерттеймін, ғылым дегенді білдіреді, ендеше биология – тіршілікті, тірі табиғатты зерттейтін ғылым. Немесе «Ароморфоз»- бұл морфологиялық-физиологиялық үдеріс, тірі ағзаларда бейімделгіштіктің пайда болуы, тіршілікке бейңмділікті едәуір көтеріп, жаңа тіршілік ортасына көшуге жәрдемдеседі. Бұл терминнің талдауын жасасақ, ежелгі грек тілінен аударғанда «айро» -көтеру, жоғарлату, «морфозис» - түр, форма дегенді білдіреді. Тағы бір мысал келтіретін болсақ, кей ағзаларда қолайлы тіршілік ортасы немесе, отырған өмірде өмір сүруі, паразиттік тіршілікке көшуіне байланысты жекелеген мүшелері мен жүйелердің жойылуына әкеледі. Латын тілінде «жойылу» - «дегенерэя» деген мағынаны білдіреді, ендеше жойылу процессі- дегенерация деп аталады.

Жаңа Термин сөзімен оқушыларды таныстырған кезде,оқу материалын ойластырылып берген маңызды, себебі ол ойлау қызметіне ықпал етеді. Мысалы сүтқоректілер терминімен таныстырған кезде сол сөзге анализ жасау қажет: сүтқоректілер деп неге атайды? Себебі ұрпағын сүтімен асырайды, Сабақ барысында оқушылар сүтқоректілерге ерекшелітермен танысады, олар омыртқалы жануарлар, денесін түк қаптаған тері жабады, ұрпағын тірідей туады. Яғни осы ерекшеліктер сүтқоректілер ұғымын ашады.

Кей кезде тақырыпты аша отыра, оқушылар бұрын естімеген термин сөздің мағынасын жинақтайды, мысалы үрмебұршақ пен асбұршақтың тұқымы 2 бөліктен құралған, оларды жарнақ дейді. Ал астық тұқымдастарының тұқымы 1 бөліктен- жарнақтан құралған. Ендеше 2 жарнақты тұқымды – қосжарнақтылар деп атайды, ал тұқымы 1 ғана жарнақтан құралса- даражарнақты деп атайды.

Терминдердің семантикасы мен этимологиясымен оқушыларды таныстырған кезде қолданылатын талдау әдістері, негізгісін табу - олардың ойлау қабілеттерін дамытады. Әсіресе бұл басқа тілден енген сөздерге байланысты, себебі оқулықта барлық сөздердің аудармалары берілмейді, мысалы, органоид, цитоплазма, мембрана. Ендеше бұл сөздерді түсініп, есте сақтауына ерекше күш салу керек. Баяндама басында хлорофилл дәндері туралы айтылған еді. Оқушыларға бұл жаңа термин болып тұрғандықтан, бірінші оның этимологиялық мағынасын аналитикалық, яғни талдау тәсілі арқылы түсіндірген жөн. Хлорофилл терминін оқушылар өсімдік жапырағының құрылысымен танысқанда алғаш рет кездестіреді. Бұл күрделі термин грек тілінің 2 сөзінің бірігуінен пайда болған.

Жапырақ құрылысы туралы білімнің негізі қалыптастырылғаннан кейін, оқушылар өсімдікте жасыл түс беретін ерекше бояғыш зат бар екендігін білуі қажет, содан кейін жаңа термин сөз «Хлорофилл »айтылады да, тақтаға жазылады. Тақтада мұғалім күрделі терминнің қандай сөздерден пайда болғандығын көрсетеді, яғни «хлорос» дегеніміз жасыл, «филон» - жапырақ деп аударылады. Осы екі сөз біріктірілгенде– «жапырақты жасыл түске бояу» деген тұжырымдама пайда болады. Немесе басқа мысал, ұлғайтқыш құралдар тақырыбын өткен кезде, «микроскоп» сөзін аналитика-синтетикалық тәсіл арқылы түсіндіру керек, яғни этимологиялық мағынасынан мазмұнына көшу. Бірінші, микроскоп сөзін тақтаға жазып, құралды көрсету. Екіншіден, анализ жасау, қандай сөздерден қалыптасқан екендігін талдау қажет. Ежелгі грек тілінен аударғанда «микро»-ұсақ, кішкентай, «скопиен»- көремін деген сөздердің бірігуінен пайда болған. Ұсақ кішкентай заттарды ұлғайтатын құрал.

Тірі ағзалардың қорек тізбегін өткен кезде «продуцент», «консумент», «редуцент» термин сөздерінің орнына «консумент»- тұтынушылар, «продуценттер»-қорек дайындаушылар және «редуцент»- ыдыратушылар немесе қалпына келтірушілер ұғымдарымен алмастыруға болады.

Әр тақырыпта термин сөздердің саны әр түрлі болып келеді. Мысалы, «Қан. Қанайналым жүйесінде» Мынадай сөздер кездеседі:



Leucos (греч.) –Түссіз – Белый, бесцветный
Cardio (греч.) – Жүрек– Сердце.
Myos (греч.) –Бұлшықет– Мышца.
Peri (греч.) –Жақын, жанында–Около.
Thrombos (греч.) – пробка, затычка, ком.
Haima (греч.) –Қан– Кровь.
Philia (греч.) – Махаббат–Любовь.
Erythros (греч.) – Қызыл–Красный.
Poesis (греч.) –Жаратылыс– сотворение.
Cytos (греч.) – Жасуша–Клетка.
Endo (греч.) –Ішкі–Внутри.
Immunitas (лат.) – Босату–Освобождение.
Systole (греч.) – Жиырылу–Сокращение.
Anti (греч.) –Қарсы–Против.
Transplantatio (лат.) –Ауыстыру–Пересаживание.
Capillaris (лат.) –Шаш,түк–Вволосяной.
Agglutinatio (лат.) –Жанасу–Приклеивание.
Arteria (греч.) – артерия.
Arteriacus (греч.) –Трахеяға қатысты–Относящийся к трахее.
Phagos (греч.) – Жебір, Жою–Пожирать
Klappe (нем.) – Қақпақ–Крышка, заслонка.
Lympha (лат.) – Сулы–Влага, чистая вода.
Pulsus (лат.) –пульс– удар.
Globus (греч.) – шар.
Hyper (греч.) – Артық, жоғары–Сверх.
Hypo (греч.) –Төмен–Под, вниз.
Tonus (греч.) – Қысым–Давление.
Corcordis (лат.) –Жүрек–Сердце.
Vena (лат.) – Қантамыр–Қровеносный сосуд.
Corona (лат.) – Тәж–Венец, венок.
Diastema (греч.) –Арақашықтық –Расстояние, интервал.
Аббревиатура немесе қысқарған сөздерді қолдану биология пәнінде сирек болмайды, бұл кезде міндетті түрде қай сөздерден пайда болғанын атап шығу керек.
Кез келген пәнде, әр тұрлі деңгейде сарамандық, бақылау жұмыстарын, тест тапсырмаларын орындау кезінде термин сөздерді қолданбау мүмкін емес. Олар білімнің негізі болып келеді. Биологиялық терминдер мен ұғымдарды меңгеру бойынша жұмысты қызықты, әрі еліктіргіш етіп, ал оларды сақтау - белсенді, шығармашылық процесске айналдыруға болады. Ал практикада мынадай тісілдерді қолдануға болады:

1. сөздік жасау

2. биологиялық диктант

– тек бір ғана тақырып бойынша термин сөздерді дәптерлеріне көшіру, одан соң, оқулықты жауып, жазылған сөздердің мағынасын ашу.



  • Кез келген биологиялық терминді жазып, анықтамасын табу.

  • Белгілі әріп бойынша термин сөздерді жазуғ мысалы «Т» әрпі бойынша- тостағанша, тұқым, таксономия, тимус, таллом, тахикардия. «К» әрпі бойынша– каллус, камбий, кариотип, капсула, капилляр т.б.ж

  • Жұмысты аяқтағаннан кейін кім көп жазғанын санаймыз, кей оқушылардан қай термин нені білдіретіндігін сұраймын.

3. мен бұл түрді «Қалалар» деп атаймын. Қалалар ойынының принціпімен бірдей. Бір термин сөз айтылады, қай әріпке аяқталса, сол әріптен келесі сөз басталуы керек. Мысалы, ботаника-автотроф-фотосинтез-зигота-апендикс-симбиоз-зооспора-агар-агар–редуцент–тұқым.....

4. сызба түрінде есте сақтау

Көбінесе 6-сыныпта үлгерімі төмен оқушылармен қолданамын.
Т
Ж Э Ұ Қ
Б Т С

Бір –екі оқушыдан ауызша сұрап, бір-бірден сөздерді өшіремін. Оқушылар естеріне түсіру арқылы дәптерлеріне жазады.

5. сұрақтар қою

«Досыма СМС» жұптық жұмыс параграф бойынша өтеді. Оқушылар парақшаларға сұрақтар қояды, жауабы тақырыптағы жаңа сөздер болуы керек. Аяқтағаннан соң сыныптасы екеуі парақтарымен ауысады да, жауап береді.

6. ассоциация әдісі.

Ғылым негізін қалаған ғалымдар мен мамандардың есімін есте әрдайым сақтау оңай болмайды, ал ассоциация кезінде есте сақтау қабілеті арта түседі. Оқушыларға ғылымның атауы беріледі, негізін қалаушыларды өздері жазуы керек.

Цитология-М.Шлейдон, Т. Шванн

Генетика – Г.Мендель

Селекция–Н.Вавилов

Систематика–К.Линней

Биосфера–В.Вернандский
Қанайналым жүйесі– кардиолог

Тынысалу-пульманолог, пневмолог

Тірек-қимыл жүйесі- ортопед

Тері– дерматолог

Зәршығару жүйесі-уролог, нефролог

Жүйке жүйесі- невропатолог


6. тест түрінде, сәйкестендіру тапсырмалары түрінде
Осылайша оқушылардың биологиялық ғылыми тілді меңгеруі терминологиялық жұмыс жүйесімен тығыз байланысты: оларға термин сөздерді тақтаға жазу, дауыстап айтып, тілді жаттықтыру, арнайы терминдік сөздік жасау, олардың орфографиясын меңгеру, этимологиясы мен семантикасын тауып, анализ және синтез жасау тәсілдері жатады.

Мұғалім өмір бойы үйренеді. Өйткені оқушылардың өздері бізден осыны талап етеді. Үлгерімі жоғары оқушыларға бір, жалқаулығы бар оқушыларға басқа, ал үлгерімі төмен оқушыларға сабақта қызықты болатындай етіп өзгеше әдіс-тәсілдерді іздейміз. Барлық оқушыларға қызықты болса, нәтиже сонда шығады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет